«Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық семинарының ақпарат хаты

Қазіргі қоғам мұғалім тұлғасына және оның кәсіби шеберлігіне жаңа талаптар қоюда.

Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет. Сондықтан баланың бойында бұрыннан қалыптасқан қабілеттерін дамытуға белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұған педагогтардың өздерінің жеке кәсіби қасиеттерін, шығармашылық әлеуетін дамытатын түрлі олимпиадаларға, конкурстарға қатысуы ықпал етеді.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-5 қаңтар аралығында Астана қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.

Семинар бағдарламасында аудандық, республикалық олимпиада тапсырмаларының шешу тәсілдерін және мектеп бағдарламасының күрделі логикалық есептерін талқылау жоспарланып отыр.

Семинардың өтетін орны: Астана қаласы, Өзбекәлі Жәнібек атындағы №11 мектеп-лицейі, Абай даңғылы, 6.

Семинарға қатысу туралы сұранысты а.ж. 25 желтоқсанына дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз:e-mail: g.berdenova@daryn.kz

Тиісті мекеме басшысымен бекітілген әр қатысушыға 25 желтоқсанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/seminarmatem2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет. Әр облыс бойынша квота 7 адамды құрайды.

Іс-шараға қатысушылар «Алтын дала» қонақүйінде (Астана қ., Бегельдинова, 8/1) орналасу қарастырылған. Тәулігіне бір адамға жатын орны 10 000 теңге тұрады (таңғы ас кіреді).

Іс-шараға келу күні – 3 қаңтар, басталуы – 4 қаңтар, аяқталуы – 5 қаңтар  сағат 17.00 кейін. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы,  жатын орны, ұйымдастыру жарнасы).  Семинардың ұйымдастару жарнасы – 25 350 теңге. (қатысушының жеке почтасына жіберілген сілтеме арқылы төленеді)

Қатысушы-ның аты-жөніОблысыЖұмыс орныЛауазымыЖұмыс өтіліЕmailҚонақ үй қажеттілігі, байл.тел.

«Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» республикалық қорытынды Daryn EduEvent (бұдан әрі – Daryn EduEvent) туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Білім және ғылым жүйесін модернизациялаудың ғылыми негіздері» 2021-2023 жылғы QR11465474 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру «Дарынды және ынталы оқушыларды сүйемелдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу» аталған бағдарлама аясында 2024 жылғы 3-5 қаңтар күндері Астана қаласында «Заманауи сын-қатерлер жағдайындағы педагогикалық білім берудің сапасы: идеядан нәтижеге» республикалық қорытынды Daryn EduEvent (бұдан әрі – Daryn EduEvent) өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – ғылым-білім беру алаңдарында педагогикалық білім беру саласындағы зерттеулер мен инновациялардың нәтижелерін тарату.

Негізгі міндеттері:

– қатысушыларды мектеп жасындағы дарындылықты диагностикалау бойынша отандық психологиялық-педагогикалық құралдармен таныстыру;

– мамандандырылған білім беру ұйымдарының үздік инновациялық жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату;

– білім беру саласында жұмыс істейтін ғалымдардың, практиктердің ынтымақтастығын нығайту.

Daryn EduEvent педагогика және психология саласындағы жетекші отандық ғалымдар қатысады.

Іс-шараның бағдарламасында қазақстандық оқушылардың дарындылығын анықтау және дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін, мамандандырылған білім беру ұйымдарының озық педагогикалық тәжірибесін ұсыну жоспарлануда.

Daryn EduEvent қатысу үшін мамандандырылған білім беру ұйымдарының мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагог – психологтары шақырылады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (1қосымшаға сәйкес) білім басқармасы бекіткен іс-шараға қатысу үшін өтінімді осы жылдың 10 желтоқсанына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Darynfest2023 сілтемесі арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Іссапар шығындары (жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Аты-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефоны, e-mailҚонақ үйге қажеттілігі  (иә, жоқ)
       

Іс-шараға қатысушылар үшін Reikartz Park Astana қонақүйінде орындар қарастырылған. Тәулігіне бір адамға жатын орны таңғы асымен 12 500 теңгені құрайды.

Қатысушылардың келу күні 3 қаңтар  сағат 14.00-ден, іс-шараның аяқталу күні 5 қаңтар 17.00-ден кейін.

Іс-шараның басталуы 4 қаңтар күні сағат 9.00 №59 мектеп-лицейінде.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Астана қ., Керей Жәнібек хандар көшесі, 18,  Қобыз сарай ғимараты,  байланыс телефон +7 708 620 0957.

№ 59 мектеп-лицейінің мекен-жайы: Сауран көшесі 5/1.

Барлық сұрақтар бойынша:

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,

3 қабат, 301 кабинет.

Байланыс тел.: 8 (7172) 57-01-42

V Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының бірінші күні өз мәресіне жетті.

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында 2023 жылдың 20-21 қараша күндері ұйымдастырылып жатқан V Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының бірінші күні сәтті аяқталды. Оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгертіп, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын қалыптастырып, мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейге көтерумен қатар, ұлттық тәрбие беру мақсататында ұйымдастырылып жатқан шешендік өнер байқауына биыл еліміздің әр аймағынан, оның ішінде 3 мемлекеттік маңызы бар қалалары (Алматы, Астана, Шымкент), сонымен қатар Республикалық білім беру ұйымдарынан 24 оқушы қатысып, бақтарын сынайды.
Байқаудың алғашқы күнінде қатысушылар мен жетекшілерге арнайы семинар ұйымдастырылып, журналист, шешендік сөз өнері пәнінің мұғалімі Жарқын Сәленұлы ««Ділмәрлар» дүбірі. Ділмар үйірмесі мүшелерінің қонақтарға тартуы», Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Негимов Серік Нығметоллаұлы «Шешен сөйлеу – рухани өрлеудің айғағы» тақырыптарында сөз алса, Абай мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Үздік педагог-2022», PhD Малик Майра Маликқызы «Абай шығармаларын оқыту барысында «Арт-терапия» әдісін қолдану және зертханалық жұмыс жүргізу», Тұрлыбай Айша Нұрболатқызы ««Abai daryny» подкасты: оқушы үні, дарындылардағы даралық», Тілеуберді Қизат «Кітап оқыту арқылы оқушылардың құзыреттілігін арттыру» тақырыптарында тың идеялармен бөлісіп, оқушылар мен қонақтарға пайдалы ақпарат таратты.
Байқаудың шешуші сәті, жас шешендердің сынға түсер додасы 21 қараша күні байқау бағдарламасы бойынша жүзеге асады. Байқау жеңімпаздарына жалпы қоры 710 мың теңгені құрайтын қаржылай жүлделер табысталып, «Бас жүлде», «І,ІІ,ІІІ дәрежелі» дипломдармен марапатталатын болады.

Ділмар бағдарламасы 2023 жыл

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарындағы робототехника тақырыбы маңызды және өзекті болып отыр. Робототехника жобалауды және роботтар жасауды қамтиды, бұл балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқушылар проблемаларды шешудің түрлі тәсілдерін зерттеп, әртүрлі конструкциялар құра алатын болады. Олар роботты басқару үшін іс-әрекет жоспарын жасауды үйренеді және уақытында өзінің іс-әрекетінің нақты нәтижелерін көреді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-9 қаңтар аралығында мамадандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сулейман Демирель университеті базасында РОБОТТАР  ФЕСТИВАЛІН  (бұдан әрі-Фестиваль) өткізеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты- «Робот» ойынының тапсырмасын орындау арқылы ғылыми-зерттеу, бағдарламалау және инженерия саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту.

Фестивальға мамандандырылған білім беру ұйымдарында  робототехникамен айналысатын оқушылар шақырылып отыр.

Фестивальға келу күні – 7 қаңтар, аяқталуы – 9 қаңтар (18.00- ден кейін)

Іс-сапар шығындары (бару және қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сулейман Демирель университетінің мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1

Фестивальға қатысушылар Сулейман Демирель университетінің жатақханасында тұрады. Тұруы, тамақтануы тәулігіне – 10 250 теңге. (Жатаханада тұру құны 5 000 т., үш мезгіл тамақтану 5 250 т)

Фестивальға қатысу үшін а.ж. 28 желтоқсанына дейін әр топ жаттықтырушысы, міндетті түрде өз топтарын келесі сілтемелер арқылы тіркеу қажет:

FLL Explore (6-10 жас аралығында): https://forms.gle/CU6dexXA4vfD78ocA

FLL Challenge (10-16 жас аралығында): https://forms.gle/zwzktdtZNGe7TVso7

FTC (12-18 жас аралығында): https://forms.gle/xSfn9aXz76pd14dd7

Фестиваль жайлы толық ақпаратты келесі сілтемеден таба аласыздар: https://t.me/firstkazakhstan

Фестивальді өткізу жөніндегі ақпарат пен Ереже «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтына орналастырылған.

Фестивальді ұйымдастыру және өткізу мәселелер бойынша 87757639790, 87473777747 байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыздар.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ  ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми жаңалықтардың ішінде адамзатты таңғалдырып, өскелең ұрпақты техникалық мамандықтарға қызықтырып жүрген жаңа сала. Адам интеллектісіне сәйкестендіріп құрылған Роботтар көпшілікті қызықтыратыны белгілі. 

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 10-11 қаңтар аралығында мамадандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына Сулейман Демирель университеті базасында РОБОТТАР  ФЕСТИВАЛІН (бұдан әрі-Фестиваль) өткізеді.

Фестивальдің негізгі мақсаты- «Робот» ойынының тапсырмасын орындау арқылы ғылыми-зерттеу, бағдарламалау және инженерия саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту.

Фестивальға мамандандырылған білім беру ұйымдарында  робототехникамен айналысатын оқушылар шақырылып отыр.

Фестивальға келу күні – 9 қаңтар (орналасу және дайындық жұмыстары жүргізіледі), аяқталуы – 11 қаңтар (17.00- ден кейін)

Іссапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, бару және қайту жолы, тамақтануы және тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Сулейман Демирель университетінің мекен-жайы: Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1

Фестивальға қатысушылар Сулейман Демирель университетінің жатақханасында тұрады. Тұруы, тамақтануы тәулігіне – 8250 теңге. (Жатаханада тұру құны 4000 т., үш мезгіл тамақтану 4250 т)

Фестивальға қатысу туралы сұранысты (Мамандандырылған білім беру ұйымының басшылығымен бекітілген) а.ж. 28 желтоқсанына дейін берілген үлгі бойынша төмендегі мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: Астана қ., Мәңгілік ел  даңғылы 8, тел.: 8/7172/ 57-01-42, e-mail: baktiyar_s@daryn.kz

Әр қатысушыға 28 желтоқсанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Robofestival2023  сілтемесі бойынша онлайн - тіркелуден өту қажет.

Үлгі:

.№ Қатысушының аты-жөні

(құжат бойынша)

Облыс,

мектебі

Команданың аты Команданың жетекшісі (тел:) Қатысушының

Байланыс телефоны

Қатысушының

Е-mail:

Қонақ үйдің қажеттілігі

Фестивальға еліміздің әр аймағынан робототехникамен айналысатын 159 оқушы қатысады.

Фестиваль 2023 жылғы 10-11 қаңтар аралығында Сулейман Демирель университеті базасында өткізіледі.

«Робототехника – ХХІ ғасырдағы ғылыми жаңалықтардың ішінде адамзатты таңғалдырып, өскелең ұрпақты техникалық мамандықтарға қызықтырып жүрген жаңа сала. Соңғы жылдары қазақстандық мектеп оқушылары робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, 2022 жылдың қазан айында біздің балалар Женевада өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE дүниежүзілік робототехника жарысында жеңіске жетті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларымыз Дортмунд қаласында өткен халықаралық робототехника олимпиадасына алғаш рет қатысып, екінші орынды иеленді. Бұл жеңістердің барлығы біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді. Мектеп оқушылары арасында робототехниканы танымал ету және дамыту мақсатында министрліктің қолдауымен «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп, біз мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған республикалық РОБОТ ФЕСТИВАЛІН алғаш рет өткізіп отырмыз. Оған робототехникамен айналысатын 159 оқушы қатысады. Фестиваль жеңімпаздары бұдан әрі «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысу үшін Қазақстан құрама командасына ену мүмкіндігіне ие болады, - дейді «Дарын» орталығының директоры Ануар Унайбеков.

Айта кететін жайт, Фестиваль FIRST халықаралық ережелері бойынша өткізіледі. Бірінші бағыт FIRST LEGO League Challenge 10-16 жастағы мектеп оқушылары роботты зерттеу, проблемаларды шешу, кодтау және инжинирингтеу, құруастыну және бағдарламалаумен айналысады. Екінші бағытта FIRST Tech Challenge 12-18 жастағы оқушылар өздері жобалаған, бағдарламалаған және құрастырған роботтарды қолдана отырып, 3,65 x 3,65 метрлік ойын алаңдарында жарысқа қатысады.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

“ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АҚПАРАТ ХАТЫ

Қазіргі таңда педагогтер үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға тез бейімделіп, білім беру саласындағы барлық жаңалықтардан хабардар болуы керек, тәрбие мен оқытудың өзекті әдістері мен құралдарын дұрыс меңгеріп, ең бастысы- оқушылардың назарын өзіне аудара білуі тиіс. Мұның бәрі мұғалімнен үнемі кәсіби өзін-өзі дамытуды талап етеді.

Мұғалімнің жеке басының ажырамас компоненті - шығармашылық. Шығармашыл мұғалім - шеберлік деңгейі жоғары, кәсіби зерттеуші, пәндік және психологиялық-педагогикалық кәсіби қасиеттерге ие, оқушыға өзін-өзі жүзеге асырудың жолын көрсете отырып, болашақта тәуелсіз, шығармашыл және өзіне сенімді адам болуға көмектеседі.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ  тек өз тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар әріптестерінің әзірлемелерімен танысуға мүмкіндік беретін шығармашыл орта.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 10-12 қаңтар күндері Cүлейман Демирель Университеті базасында (Алматы облысы, Каскелен қ.) дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізеді (бұдан әрі-Фестиваль).

Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысады.

БАЯНДАМА ЖАСАУ ТҮРЛЕРІ: ТЕДХ ФОРМАТЫНДА ТАРАТУҒА ЛАЙЫҚТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫ ҰСЫНУ.

Әр қатысушы жеке қатысады, топтық жоба қарастырылмаған.

Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған.

Фестивальдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтауға және нығайту.

Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);

2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);

ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология);

физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);

қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);

ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;

қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).

3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);

4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);

5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).

Cүлейман Демирель Университетінің жатақханасында тұру құны тәулігіне                  8 000-10 000 тенге.

Cүлейман Демирель Университетінің мекен-жайы: Алматы облысы, Каскелең қ., Абылай хан көшесі, 1/1.

Фестивальге ұсынылатын сұраныстар мен жұмыстың (талапқа сәйкес) электронды түріндегі нұсқаларын а.ж. 15 желтоқсанына дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: g.berdenova@daryn.kz

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Облыстық білім Басқармасының сұранысынан бөлек Конкурсқа қатысушы 15 желтоқсанға дейін http://tiny.cc/PedFest2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өтуі қажет.

Фестивальдің қорытынды (республикалық) кезеңінде қатысушыда жұмыстың көшірмесі болуы қажет. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ регламенті – 7минут.

Фестиваль жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, «Дарын» РҒПО-ның  грамоталарымен марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 57-01-42 Гульден Сериковна.

“Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсына қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 25 350 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын төлеу үшін әрбір қатысушыға жеке поштаға сілтеме жіберіледі.

Тезисті рәсімдеу:

- кіріспе (зерттелетін тақырыптың өзектілігі);

- мәселені зерделеу кезінде қойылған мақсат пен міндеттер;

- әдебиеттерге шолу;

- мәселе бойынша өзіндік идеялар;

- мәселелерді шешу;

- қол жеткізілген нәтижелердің сипаттамасы;

- мысалдар;

- қорытындылар.

Облыстарға хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 4-6 наурыз күндері «Shera Inn Hotel» қонақүйінің (Алматы қ., Қажымұқан көшесі, 49, Меңдіқұлов көшесінің қиылысы) базасында дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізеді (бұдан әрі-Фестиваль).

Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысады.

БАЯНДАМА ЖАСАУ ТҮРЛЕРІ: ТЕДХ ФОРМАТЫНДА ТАРАТУҒА ЛАЙЫҚТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫ ҰСЫНУ (ОСЫ ЕРЕЖЕНІҢ 9-ТАРМАҒЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН БАҒЫТТАРҒА СӘЙКЕС).

Әр қатысушы жеке қатысады, топтық жоба қарастырылмаған.

Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған.

Фестивальдің бағыты коммуникативтік және басқа да құзыреттілік түрлерін дамыту, ұтқыр білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқыту әдістемесі мен технологияларын жетілдіру, тәжірибе алмасу, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру, заманауи мектептің кадрлық әлеуетін қолдау, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтауға және нығайту.

Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);

2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);

ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология);

физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);

қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);

ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;

қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).

3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);

4) «Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);

5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).

Білім басқармаларымен, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ басшыларымен, республикалық білім беру ұйымдарының директорларымен, МББҰ басшыларымен бекітілген қатысу жөніндегі сұранысты, қазақ және орыс тілдерінде педагогикалық идеяның аннотациясын және фестиваль материалдарының жинағына енгізу үшін педагогикалық идеяның тезистерін Ережедегі көрсетілген талаптарға сәйкес а.ж. 15 ақпанына дейін g.berdenova@daryn.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Іс-шараға қатысушылар «Shera Inn Hotel» қонақүйінде тұрады (Алматы қ., Қажымұқан көшесі, 49, Меңдіқұлов көшесінің қиылысы). Тәулігіне бір адамға жатын орны 15 000 теңге тұрады (таңғы ас+фитнес және бассейн кіреді).

Іссапар шығыны (жолы, тамақтануы, ұйымдастыру жарнасы 15 000 тенге, жататын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді. Конкурсқа қатысушылардың келу күні - 4 наурыз, басталуы – 5 наурыз, іс-шараның аяқталуы-6 наурыз.

Білім басқармасының сұранысынан бөлек Конкурсқа қатысушы өзі жеке 15 ақпанға дейін сілтемесі бойынша http://tiny.cc/pedfest2023 онлайн тіркелуден өтуі қажет.

Фестивальдің қорытынды (республикалық) кезеңінде қатысушыда жұмыстың көшірмесі болуы қажет. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ регламенті – 7минут.

Фестиваль жеңімпаздары «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 57-01-42, 8771 100 89 33

письмо Фестиваль каз, рус

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж.                        26-29 күндері жоспарланған «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын ел ішіндегі орнаған шектеу шараларына байланысты қашықтықтан өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда, орталықтың кезекті оқу-әдістемелік кеңес отырысында, аталған іс-шараны қашықтықтан өткізу тиімсіз деген шешім қабылданды.

Осыған орай, республикалық Фестивальдің мерзімі кейінге шегерілгендігін ескертеміз. Фестивальдің қорытынды кезеңінің өту мерзімі қосымша хабарланады.

Оқушылар арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиаданы өткізу туралы ақпарат

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Қорытынды турға іріктеу турында 6 және одан жоғары тапсырмаларды шешкен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 75 команда қатысады.

Қорытынды тур 2023 жылғы 11-12 желтоқсанда Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында өткізіледі. Бірінші күні түскі және кешкі ас (11 желтоқсан) және олимпиаданың негізгі күнінде түскі және кешкі ас (12 желтоқсан) ұйымдастыру комитеті есебінен. 11 желтоқсанда 14:00 (Астана уақыты бойынша, GMT+6) техникалық кезеңі, 12 желтоқсанда 13:00 (Астана уақыты, GMT+6) Олимпиаданың негізгі кезеңі өтеді.

Қатысушылар мен команда басшыларының іссапар шығыстары (екі жаққа да жол жүру және тұру) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушылардың келуі 11 желтоқсан (14:00-ге дейін). Кету а. ж. 13 желтоқсанда. Қатысушылардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты және мектептен фотосуреті бар анықтамасы болуы тиіс. Жетекшілер ұйымдастыру комитетін қатысушылардың деректері тексерілген қағаз және электрондық файлдармен (аты-жөні, ЖСН, мектеп атауы, сыныбы) қамтамасыз етсін.

Қатысушылар тізімі

Олимпиаданың бағдарламасы

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XV Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу, ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Олимпиада екі турда өткізіледі - іріктеу және қорытынды.

Іс-шараның егжей-тегжейлі тәртібі мен шарттарын http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.html сілтемесінен табуға болады.

Іріктеу интернет-туры 2023 жылдың 4 қарашасында Санкт-Петербургте өтетін олимпиадамен бір мезгілде өткізіледі және сол олимпиаданың тапсырмалары орындалатын болады. Турдың басталуы сағат 12-00-де (Мәскеу уақыты бойынша). Турдың ұзақтығы – 5 сағат.

Сынақ туры Олимпиада басталардан 72 сағат бұрын басталады және 48 сағатқа созылады.

Интернет-турға қатысуды жоспарлаған командалар сілтеме бойынша http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/index.html тіркелуі тиіс.

Команданың интернет-турға қатысуы қатысуымен мектептің компьютерлік сыныбында немесе басқа білім беру мекемесінде аккредиттелген оқытушының қатысуымен өтуі тиіс. Аккредиттеуді алу үшін оқытушы жоғарыда көрсетілген сайтта алдын ала тіркеліп, арнайы код алуы қажет

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысуға мүмкіндік алатын қатысушы командалардың саны іріктеу интернет-турының нәтижелері бойынша анықталады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді (нақты күні мен орны қосымша хат бойынша мәлімет беріледі).

Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы бойынша 15 қазақстандық оқушыға Қазақ-Британ техникалық университетінің гранттары берілді.

2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласында өткен қорытынды турға Қазақстанның атынан 36 команда және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның 14 командасы қатысты. Әр команданың құрамы 3 оқушы және 1 жетекшіден тұрды.

Еуразиялық олимпиадаға қатысушыларға есептеу ғылымдары мен бағдарламалау дағдылары саласында терең білімді талап ететін информатика саласындағы 11-12 тапсырманы шешу ұсынылды.

Халықаралық қазылар алқасының шешімімен 1 орынды 3 қазақстандық команда, 2 орынды 6 команда және 3 орынды 7 команда жеңіп алды.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында Информатикадан оқушылар арасындағы XIV Еуразиялық олимпиада өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылар – «Дарын» РҒПО мен Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті.

Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау.

Жыл сайын Олимпиада екі тур бойынша өткізіледі: іріктеу және қорытынды.

Қорытынды турға іріктеу турында 6 және одан жоғары тапсырмаларды орындаған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 50 команда қатысып отыр.

Біздің оқушыларға сәттілік тілейміз!

——— WWW.DARYN.KZ ———

Қазақстан Республикасының командаларына почта арқылы XIII Еуразиялық олимпиадаға қатысуды растау үшін Нысандар жіберілді. Сауалнаманы 23 қараша күнгі, Нұр-сұлтан уақыты бойынша, сағат 15:00-ге дейін толтыру қажет. Қатысуды растаған командалар тізімі төменде

Командалар тізімі

Кері байланыс үшін нөмірі: 87172-57-01-32

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан XІІI Еуразиялық олимпиаданы (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиадаға құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден құралған командалар қатыса алады.

Олимпиада екі турда өткізіледі - іріктеу және қорытынды.

Іс-шараның егжей-тегжейлі тәртібі мен шарттарын http://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/internet.html сілтемесінен табуға болады.

Іріктеу интернет-туры 2021 жылдың 14 қарашасында Санкт-Петербургте өтетін олимпиадамен бір мезгілде өткізіледі және сол олимпиаданың тапсырмалары орындалатын болады. Турдың басталуы сағат 12-00-де (Мәскеу уақыты бойынша). Турдың ұзақтығы – 5 сағат.

Сынақ туры Олимпиада басталардан 72 сағат бұрын басталады және 48 сағатқа созылады.

Интернет-турға қатысуды жоспарлаған командалар сілтеме бойынша https://neerc.ifmo.ru/school/russia-team/listTeams.jsp#almaty тіркелуі тиіс.

Команданың интернет-турға қатысуы тіркелген оқытушының қатысуымен мектептің немесе басқа білім беру мекемесінің компьютерлік сыныбында өтуі тиіс. Аккредиттеуді алу үшін оқытушы жоғарыда көрсетілген сайтта алдын ала тіркеліп, арнайы код алуы тиіс.

Информатикадан Еуразиялық олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алатын қатысушы командалардың саны іріктеу интернет-турының нәтижелері бойынша анықталады.

Қорытынды тур желтоқсан айында Алматы қаласында өтеді (нақты күні мен орны кейінірек белгіленеді).

ЖЕЗҚАЗҒАНДА 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХИМИЯ ПӘНІНЕН Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгін, Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі өтеді.

Дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыруды мақсат қойған олимпиада 2023 жылғы 30 қазан – 2 қараша аралығында жүреді.

Олимпиадаға республиканың облыстық кезеңдерінен іріктелген 76 оқушы қатысады.

Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Сонымен қатар, номинациялық дипломдар, ауыспалы кубок пен бағалы сыйлықтар табысталады.

Олимпиада қатысушыларына Жезқазған қаласының тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылады.

Айта кетсек, 9-сыныпқа арналған Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада алдағы уақытта тұрақты түрде Жезқазған қаласында өткізілетін болады.

Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының Білім басқармасы және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды облысының білім басқармасы арасындағы Меморандумға сәйкес                   2020 жылғы 03 қарашада химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы  ІV республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) қашықтықтан өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химия ғылымына деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңірек оқуға ынталандыру.

Олимпиада 9-сынып оқушылары үшін бір кезеңде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оnlinе-test.kaznu.kz сайтында өткізілді. Аудио және бейнебақылау Zoom платформасында өткізілді.

Олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ мен республикалық білім беру ұйымдарынан республикалық юниор олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлығы 68 оқушы қатысты.

 

І дәрежелі диплом иегерлері:

Айдаралы Нұрайым  – Алматы қ. Ж.Жабаев атындағы №161 лицейінің оқушысы;

Пен Анастасия – Жезқазған қ. № 22 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы;

Ділдабек Асия – Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;

Рысқали Жанарыс – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей интернатының оқушысы.

 

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Смет Алихан – Нұр-Сұлтан қ.  дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

Мильбрант Дарья – Қарағанды облысы Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейінің оқушысы;

Сурин Ростислав – Павлодар қ. №8 лицей-мектебінің оқушысы;

Полосина Вероника – Шығыс Қазақстан облысы,  Алтай ауданы, № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы.

 

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Мамырбеков Бекболат – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

Амангелді Гауһар – Атырау облысы М.Сатыбалдиев атындағы жалпы білім беретін № 18 орта мектебінің оқушысы;

Бектай Нұрила – Қызылорда  облысы, Қармақшы ауданының №183 орта мектебінің оқушысы;

Рахиметуллина Сымбат – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы білім бөлімінің  №10 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

Рамазанов Айдар – Алматы облысы, А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

Шадияр Аяна – Түркістан облысы, Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;

Әлжанова Жанкерім – Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты;

Пагин Иван – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

Әлімжан Нұрайым – Қызылорда қаласы, Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернатының оқушысы.

 

Грамота иегерлері:

Толеуов Алимжан – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы;

Турумбаева Алуа – Нұр-Сұлтан қ. дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы;

Балсеит Елдана – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;

Имаш Инсар – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Қалмұрат Амира – Шымкент қ. М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы;

Салыков Дамир – Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Мадибеков Алихан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Досыбай Ерасыл – Павлодар қ. Абай атындағы гимназияның оқушысы;

Тукаев Абылай – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы техникалық лицейінің оқушысы;

Койшыбай Шыңғыс – Қарағанды облысының №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы.

 

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның  І , ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады, дипломдар үйлестірушілердің электронды мекенжайларына жіберіледі.

«ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДА ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫНА 100 АСТАМ ҰСТАЗ ҚАТЫСУДА

ЖЕЗҚАЗҒАНДА 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХИМИЯ ПӘНІНЕН Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

Бүгін, Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиаданың ашылу рәсімі өтеді.

Дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, олардың химия пәнін оқуға қызығушылығын арттыруды мақсат қойған олимпиада 2023 жылғы 30 қазан – 2 қараша аралығында жүреді.

Олимпиадаға республиканың облыстық кезеңдерінен іріктелген 76 оқушы қатысады.

Олимпиаданы өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Сонымен қатар, номинациялық дипломдар, ауыспалы кубок пен бағалы сыйлықтар табысталады.

Олимпиада қатысушыларына Жезқазған қаласының тарихи жерлеріне саяхат ұйымдастырылады.

Айта кетсек, 9-сыныпқа арналған Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада алдағы уақытта тұрақты түрде Жезқазған қаласында өткізілетін болады.

Олимпиада ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының Білім басқармасы және «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды облысының білім басқармасы арасындағы Меморандумға сәйкес                   2020 жылғы 03 қарашада химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы  ІV республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) қашықтықтан өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – ерекше қабілетті оқушыларды анықтау, олардың химия ғылымына деген қызығушылығын дамыту, пәнді тереңірек оқуға ынталандыру.

Олимпиада 9-сынып оқушылары үшін бір кезеңде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оnlinе-test.kaznu.kz сайтында өткізілді. Аудио және бейнебақылау Zoom платформасында өткізілді.

Олимпиадаға республикамыздың барлық аймақтарынан, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ мен республикалық білім беру ұйымдарынан республикалық юниор олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері барлығы 68 оқушы қатысты.

 

І дәрежелі диплом иегерлері:

Айдаралы Нұрайым  – Алматы қ. Ж.Жабаев атындағы №161 лицейінің оқушысы;

Пен Анастасия – Жезқазған қ. № 22 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы;

Ділдабек Асия – Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;

Рысқали Жанарыс – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей интернатының оқушысы.

 

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Смет Алихан – Нұр-Сұлтан қ.  дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

Мильбрант Дарья – Қарағанды облысы Балқаш қаласының №17 мектеп-лицейінің оқушысы;

Сурин Ростислав – Павлодар қ. №8 лицей-мектебінің оқушысы;

Полосина Вероника – Шығыс Қазақстан облысы,  Алтай ауданы, № 8 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы.

 

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Мамырбеков Бекболат – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

Амангелді Гауһар – Атырау облысы М.Сатыбалдиев атындағы жалпы білім беретін № 18 орта мектебінің оқушысы;

Бектай Нұрила – Қызылорда  облысы, Қармақшы ауданының №183 орта мектебінің оқушысы;

Рахиметуллина Сымбат – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы білім бөлімінің  №10 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы;

Рамазанов Айдар – Алматы облысы, А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы;

Шадияр Аяна – Түркістан облысы, Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;

Әлжанова Жанкерім – Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты;

Пагин Иван – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

Әлімжан Нұрайым – Қызылорда қаласы, Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мектеп-интернатының оқушысы.

 

Грамота иегерлері:

Толеуов Алимжан – Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы;

Турумбаева Алуа – Нұр-Сұлтан қ. дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің оқушысы;

Балсеит Елдана – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы;

Имаш Инсар – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Қалмұрат Амира – Шымкент қ. М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын № 8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы;

Салыков Дамир – Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Мадибеков Алихан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Досыбай Ерасыл – Павлодар қ. Абай атындағы гимназияның оқушысы;

Тукаев Абылай – Ақмола облысы, Көкшетау қаласы техникалық лицейінің оқушысы;

Койшыбай Шыңғыс – Қарағанды облысының №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының оқушысы.

 

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО-ның  І , ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады, дипломдар үйлестірушілердің электронды мекенжайларына жіберіледі.

«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» АТТЫ ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ VІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫ БАСТАУ АЛАДЫ

2023 жылғы 29 қазан – 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.

Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 9-10 сыныптың 88 оқушысы бақ сынасады.

Конкурс аясында қатысушылардың мұғалімдеріне республикалық семинар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 8348 оқушы қатысты, олардың 5085-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1470 үміткердің 573-і ауыл мектебінде білім алады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Дарынды оқушыларды анықтау және олардың Қазақстан тарихына қызығушылығын ояту бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.

Конкурс 9-10 сынып оқушыларына арналған және олардың қоғамдық белсенділігін дамытуға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге, патриоттық, азаматтық, ұлттық өзін-өзі тануға және туған жерге деген мақтаныш сезімін дамытуға бағытталған.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтының «Іс-шаралардың ережелері» бөлімінде орналастырылған. Ережемен танысу >>>

Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатысады.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

1) Бірінші, аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың                               10 қазанында Астана уақытымен  бір мезгілде сағат 10.00-де «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалар бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

2) Екінші, облыстық кезең ағымдағы жылдың 16 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де өткізіледі. Ұйымдастыру және іске асыруды облыстық білім басқармалары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «РФММ» КеАҚ, «Бөбек» ҰҒПББСО жүзеге асырады.

3) Үшінші, республикалық кезең ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткізіледі. Қатысуға облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылады. Қатысушылардың келуі және тіркелуі – 29 қазан сағат 18:00-ге дейін. Ал 31-ші қазанда сағат 14:00-ден бастап қатысушылардың қайтуы жоспарланған.

Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады. Өтінім көрсетілген үлгіге сәйкес толтырылып, project@daryn.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс. Бұл ретте облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және облыстық дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтардың басшылары қол қойған ілеспе хатты қоса жіберу қажет.

 

Өтінім Excel кестесінде төмендегі үлгіде жіберіледі:

 

Оқушының

аты-жөні

Номинациясы Облысы Мектебісыныбы Жеңімпаз бен жүлдегер дайындаған мұғалімінің аты-жөні Жетекшінің аты-жөні (толық),

байланыс телефоны

11            

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2

Телефон: +7 (7172) 570-160

Тараз қ. өткен жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 9 оқушы, ІІ дәрежелі –  13, ал ІІІ дәрежелі дипломымен 22 оқушы марапатталды.

Сонымен қатар жоғары ұпай жинаған 21 қатысушы «Дарын» РҒПО алғыс хатына ие болды.

Номинациялар бойынша жеңімпаздармен таныс болыңыздар:

«Менің кіші Отанымның тарихы»

1.Арсен Маккан, Түркістан обл., М.Пошанов ат. №21 орта мектеп;

2.Диана Шакирова, Астана қ., №92 мектеп-лицейі.

«Менің кіші Отанымның символы»

3.Аяулым Таева, Ұлытау обл., Абай атындағы ММИ;

4.Диас Бибол, «Білім-Инновация» лицейі.

«Менің кіші Отанымның болашағы»

5.Санат Бөгенбаев, Ақтөбе обл., Ойыл ауданы, Құрман орта мектебі;

6.Әйгерім Жәнібекқызы, Жамбыл обл., «Дарын» лицей-интернаты.

«Менің туған өлкем» (Эссе жазу)

7.Ариназ Сағынтай, Ақтөбе обл., Шалқар ауданы, №6 орта мектебі;

8.Тоғжан Қалиасқарова, Абай обл., Семей қ., Шәкәрім атындағы гимназия;

9.Еркежан Оразғали, Алматы обл., Қонаев қ., №3 орта мектеп.

Толық тізіммен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар:

Тізім

——— WWW.DARYN.KZ ———

Бірінші күні қатысушылар үшін Орта Азиядағы көне қаланың киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Алдымен оқушылар "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешені мен Қарахан кесенесіне барып, пайдалы білім мен ұмытылмас әсер алды.

Сондай-ақ, балалар Талас өзенінің жағасында орналасқан "Тектұрмас" этно-тарихи кешенімен танысты. Тектұрмас - X-XIV ғасырда салынған кесененің көшірмесі. Өткен ғасырдың 30-жылдарында атеистік көзқарастарға байланысты кесене толығымен жойылған болатын. Тарихи ескерткіш 2002 жылы сақталған фотосуреттер мен археологиялық зерттеулер арқылы қалпына келтірді.

Бүгін республикалық конкурстың ашылу салтанаты мен оның негізгі турлары өтті:

І тур - Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмаларын онлайн орындау;

ІІ тур - «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясында презентациялар қорғау және «Менің туған өлкем» номинациясында эссе жазу.

Сондай-ақ шара аясында қатысушылардың жетекшілері үшін «Тарих пәнінде  білім алушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлттық құндылықтар негізініде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» атты семинар ұйымдастырылды.

Ертең конкурстың жабылу салтанаты мен жеңімпаз жас тарихшыларды марапаттау рәсімі өткізу жоспарланған.

2022 жылдың 3-5 қараша күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурсы өтеді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кіші Отанына деген мақтанышын арттыру.

Үздіктердің үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 92 9-10 сынып оқушысы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайды. Сондай-ақ конкурсқа Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Бөбек» орталығының командалары қатысады.

Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 9443 оқушы қатысты, олардың 6211-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1439 үміткердің 671-і ауыл мектебінде білім алады.

Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

– «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында қатысушылар елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашуы (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.) тиіс;

– «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы (өз таңдауының бірегейлігін негіздеу, дәлелдеу қажет) презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау қабылданады;

– «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы макетті презентациялау түрінде өтеді;

– «Менің туған өлкем» номинациясында конкурсанттарға өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу ұсынылады.

Қатысушылардың жұмысын білікті әділқазылар алқасы бағалайды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу салтанаты 3-қараша күні сағат 15.00-да «Бақытта болашақ» оқушылар сарайында өтеді.

Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 5-қараша күні сағат 10.00-де «Бақытта болашақ» оқушылар сарайында өтеді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Конкурқа облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 9-10 сынып оқушылары қатысады.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);

- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша -  өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу рәсімі 3 қараша күні сағат 15.00-де, жабылу салтанаты 5 қараша, сағат 10.00-де "Бақытты болашақ" оқушылар сарайында өтеді.

Толық ақпарат Конкурс Ережесінде көрсетілген және www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Команда 4 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.

Қатысушылардың келу күні – 3 қараша сағат 13:00-ге дейін, қатысушылардың кері кету күні – 5 қараша, сағат 14.00-ден кейін.

Конкурс қатысушыларының екі жаққа жол жүру билеттері, сондай-ақ жетекшілердің іс-сапар шығындары (екі жаққа жол жүру билеттері және жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен. Конкурс өткізілетін күндері қатысушылардың (оқушылардың) жатын орны мен тамақтануы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының (Тараз қаласы, Сатбаева көшесі, 27) базасында «Дарын» РҒПО қаражаты есебінен жүргізіледі.

Конкурс қатысушыларында өзімен бірге эпидемиологиялық ортасының таза екендігі туралы дәрігердің анықтамасы, жетекшілерде – covid-19-ға қарсы вакцинация паспорты болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты ІV республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

Биылғы Конкурс Қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойларына арналады. Ыбырай Алтынсарин - қазақ еліне білім берудің негізін қалаған көрнекті тұлға, педагогикалық мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілетін педагог-ағартушы.

Конкурқа облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 9-10 сынып оқушылары қатысады.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:

І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);

- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;

- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша -  өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.

Конкурстың ашылу салтанаты 3-қараша күні сағат 16.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өтеді.

Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 5-қараша күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өткізіледі.

Толық ақпарат Конкурс Ережесінде көрсетілген және www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Команда 4 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.

Қатысушылардың келу күні – 3 қараша сағат 15:00-ге дейін, қатысушылардың кері кету күні – 5 қараша, сағат 15.00-ден кейін.

Конкурс қатысушыларының екі жаққа жол жүру билеттері, сондай-ақ жетекшілердің іс-сапар шығындары (екі жаққа жол жүру билеттері және жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен. Конкурс өткізілетін күндері қатысушылардың (оқушылардың) жатын орны мен тамақтануы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (Алматы қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 45) базасында «Дарын» РҒПО қаражаты есебінен жүргізіледі.

Конкурс қатысушыларында өзімен бірге эпидемиологиялық ортасының таза екендігі туралы дәрігердің анықтамасы, жетекшілерде – covid-19-ға қарсы вакцинация паспорты немесе ПЦР тестінің теріс нәтижесі (5 күнге жарамды) болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы №440-шы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) өткізілгенін хабарлайды.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан онлайн режимде ұйымдастырылды.

Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі ережеге сәйкес екі тур бойынша өткізілді. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен www.daryn.kz сайтында онлайн режимде тікелей видео-трансляциямен тест тапсырды. Қатысушылар ІІ турда 4 номинация бойынша Zoom платформасында өз жұмыстарын қорғады.

Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан командалар қатысты. Конкурстың аудандық кезеңіне 6658 оқушы, облыстық кезеңіне 1166 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 88 оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Қатысушылардың жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қ.Сәтбаев Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушылары, ғалымдары бағалады.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 38 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға - смарт-сағат, екінші орынға – үстеме құлаққап (накладные наушники), үшінші орынға – «Пауэр Бэнк» зарядтағышы табысталды.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.

І дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Сандыбаев Тамерлан Қостанай облысы № 29 орта мектеп Қостанай қ.
2 Пайзахматов Илхом Шымкент қ. 104 мектеп
3 Сағидоқас Нұрәділ Батыс-Қазақстан облысы Сырым ауданы, Булан орта мектебі
4 Петрий Екатерина Қостанай облысы Қостанай қаласы, № 23 орта мектеп
5 Әбдіхалық Серікболсын Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
6 Мықтыбек Бексұлтан Шымкент қ. 89 мектеп
7 Ринатқызы Амина Нұр-Сұлтан қ. №82 "Дарын" мамандандырылған лицейі
8 Мұратбек Медет Шымкент қ. №78 мектеп

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Макашева Камила Қарағанды облысы Талжанов ат.орта мектеп
2 Савинкова Юлия Солтүстік-Қазақстан облысы Жамбыл облысы «И.П. Шухов атындағы Пресновская орта мектеп-гимназиясы» КММ
3 Гейко Татьяна Шығыс-Қазақстан облысы Средняя школа №2
4 Нукербекова Диляра Қарағанды облысы «Зияткер» орта мектеп интернаты
5 Сулейменова Дильназ Солтүстік-Қазақстан облысы Тайынша ауданы «Мироновская орта мектебі» КММ
6 Назарбаев Нұрбақыт Шымкент қ. 90 мектеп
7 Дәулетова Лаура Маңғыстау облысы №7 мектеп-лицейі
8 Байназаров Рамадан РББҰ Абай атындағы РММИ
9 Жұмағұл Мират "Назарбаев Зияктерлік мектебі" ДББҰ Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
10 Еген Асылжан "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ. "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ.
11 Кужаниязова Ақбота Ақтөбе облысы Қобдаауданы, Қобда гимназиясы
12 Оразалы Алиман Алматы облысы Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған №20 лицей
13 Прокопьева Диана Қарағанды облысы Корниенко атындағы КШДС

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Байжұма Бексұлтан Алматы қ. №178 мектеп
2 Алтынбек Асер Алматы облысы М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №24 "Экономика және бизнес" мамандандырылған лицейі
3 Мұхтар Саябол БИЛ Нұр-Сұлтан қ. Дарынды ер баларға арналған «Білім-инновация» лицейі
4 Рашит Адема Павлодар облысы Аққулы ауданы, Малыбайская орта мектебі
5 Павлухина Анастасия Ақмола облысы Сандықтау ауданы, Максимовка орта мектебі
6 Ордалы Жібек Ақтөбе облысы Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты
7 Тұрарбек Даурен Алматы облысы Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей
8 Бақытғани Әлихан Қызылорда облысы №249 мектеп-лицей
9 Сәрсенбай Сабина Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
10 Аманжолқызы Аяулым Алматы қ. Г162
11 Абдрахманов Дінмұхаммед Алматы облысы Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей
12 Мутиголла Атанияз Атырау облысы Атырау қаласы, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясы
13 Крашенников Данил Павлодар облысы Павлодар обл., Ертіс ауд., Ұзынсу орта мектебі
14 Макишева Махаббат Солтүстік-Қазақстан облысы Петропавл қаласы "№ 25 орта мектеп"
15 Нұрлан Нұрсая Алматы қ. №156 орта мектеп
16 Жаулыбай Нұризат Жамбыл облысы Т.Рысқұловатындағы мектеп-лицейі
17 Князева Софья Павлодар облысы Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, № 1 ЖОББМ
18 Асан Жансая Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі

Грамотамен марапатталған оқушылар тізімі:

Қатысушының

аты-жөні

Облысы Мектебі
1 Сұлтан Тілек Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі
2 Ертілеу Қымбат Батыс-Қазақстан облысы Теректі ауданы, Чапаев ат. ЖОББМ
3 Күнтөреева Еңлік Қызылорда облысы №10 БИЛ
4 Тоқтарбай Кербез РББҰ Абай атындағы РММИ
5 Мақұлбек Диана Түркістан облысы "Бөген" жалпы орта мектебі
6 Калиакпарова Малика Алматы қ. №36 гимназия
7 Асланбек Аружан Атырау облысы Жылыой ауданы, №9 орта мектебі
8 Койшубекова Айым Жамбыл облысы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты
9 Бегалина Дильназ Нұр-Сұлтан қ. №47 мектеп-гимназия
10 Қуанышева Жангүл РББҰ Абай атындағы РММИ
11 Батырбекова Шырын Ақмола облысы Бурабайауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясы
12 Өтебаев Нұрайдар Ақтөбе облысы Шалқар ауданы, №6 орта мектеп
13 Яцыкив Михаил Қарағанды облысы №9 Гимназия
14 Кабдуллина Дильназ Қостанай облысы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Ш. Уәлихановатындағы Әулиекөл орта мектебі
15 Оразбек Айбек Шығыс-Қазақстан облысы Камышенка орта мектебі
16 Бекмагамбетов Аслан Ақмола облысы Есілауданы, Красивинский орта мектебі
17 Елемесова Мадина Атырау облысы Мақатауданы, О.Саргунанов орта мектебі
18 Ұзаққайырова Аружан Батыс-Қазақстан облысы Акжаикский район, ШГ им. Абая
19 Скорая Галина Қостанай облысы Қостанай облысы, Денисов ауданы, № 1 Денисов орта мектебі
20 Өтеген Жанбибі Қызылорда облысы №85 мектеп

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛІ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Республикада жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі қорытындыланды.
Оған бірінші (аймақтық) кезеңде жоғары нәтижеге қол жеткізген 446 оқушы қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 199 оқушы өтті.

Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңін 2023 жылғы 21-24 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды.

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгін, 2023 жылдың 20 қазан күні республикамызда жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңіне республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып  арасынан 446 оқушы қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың іріктеу кезеңі екі турдан тұрады және бір күнде өткізіледі. Бірінші тур сағат 10.00-де, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сағат 12.30-де (Астана уақытымен) өтеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республикамыздың жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Естеріңізге салсақ, жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 3 қазанында 2933 қатысушы арасында өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңі қараша айының екінші жартысына жоспарланып отыр.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 191 оқушы өзара үздікті анықтады. Зияткерлік жарыстар ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.

 

- Президенттік олимпиада - бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. 15 жылда Олимпиада 15 мың оқушының өмірлік ұстанымын, бағыт-бағдарын айқындап берді. Мәселен, Олимпиаданың алғашқы жеңімпаздарының бірі Санжар Оразбаев бүгінде zapis.kz электрондық журналының негізін қалаушы және директоры, ал Ернар Самтиков Аризона штатының Университетін "Биомедициналық инженерия" мамандығы бойынша сәтті тәмамдап, "Айкуне" оңалту орталықтарын басқарып отыр. Тағы бір бұрынғы олимпиадашы, Шымкент қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің мұғалімі Нұрлан Сүйеуов жақында ғана " Үздік педагог - 2022 "құрметті атағына ие болды. Әрине, мұндай мысалдарды өте ұзақ уақыт тізімдеуге болады. Мұның бәрі Президенттік олимпиада жарқын болашаққа трамплин ретінде қызмет ететіндігін көрсетеді.

 

«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мырзаға, Қарағанды облысының әкімдігіне, "Дарын" өңірлік орталығындағы әріптестеріме ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін және, әрине, Олимпиада жеңімпаздары үшін білім беру гранттарын бөлген ЖОО басшыларына шексіз алғысымды білдіремін», - дейді "Дарын" РҒПО директоры Ануар Унайбеков.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломымен, 18 қатысушы II дәрежелі дипломымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) мен Торайғыров университетінде (12) оқуға білім беру гранттары және академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 12 шәкіртақысы берілді.

1 күн
Тапсырмалар
Математика Химия
Шешімі
Математика Химия
Қатысушылардың жұмыстары
Математика Химия
1 күн хаттамалары
Математика Химия
2 күн
Тапсырмалар
Физика Биология
Шешімдер
Физика Биология
Қатысушылардың жұмыстары
Физика Биология

Биология

2 күн хаттамалары
Физика Биология
Қорытынды хаттама
Хаттама

2022 жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді. Үшінші (республикалық) кезеңге 192 қазақстандық оқушы қатысады.

Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі а.ж. 12 қазанында бір мезгілде өткізіліп, оған республиканың барлық өңірлерінен 2871 оқушы қатысты.

Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықтыі, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың 29 қарашасында сағат 17.00-де өтеді.

Қазылар алқасының құрамы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды. Қазылар алқасының құрметті мүшелері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары шақырылды.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің конференц-залында өтеді.

Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО daryn.kz. сайтында орналастырылады.

2022 жылдың 27 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтеді. Оған бірінші айтақтық кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген  463 оқушы қатысады.

Айта кетейік, аймақтық кезеңде республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 2871 11 (12) сынып түлегі қатысты. Олар төрт пән: математика, физика, химия және билогия бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге көмектеседі.

Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиада Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі.

Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған түлектер, 11 (12) сынып оқушылары қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 12 қазанында сағ.10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен бір уақытта өткізіледі. Олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізеді.

Екінші  (іріктеу) кезеңі  екі  турда өткізіледі.  Бірінші тур  (қашықтық) 27 қазанда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 12.00-де өтеді. Іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрамында 20 адамнан аспайтын команда, республикалық білім беру ұйымдары және «Республикалық  физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрамы 8 адамнан аспайтын команда ұсынады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 29 қараша 2 желтоқсан аралығында офлайн режимінде өткізіледі.

Қосымша ақпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО

тел: 8 (7172) 57 01 27

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Физика Қарау
Математика Қарау
Химия Қарау
Биология Қарау

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Тікелей эфир (жаңа сілтеме)
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру
Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Эфирдің басы (ескі сілтеме)
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Қазылар алқасының жұмыс істеу барысы Просмотреть
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру

Олимпиада oqylyq.kz. платформасында екі турда өткізіледі. Олимпиаданы өткізу орнын өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік ұйымдастыру комитеті анықтайды. Олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен рұқсат алу қажет.

Техникалық тур 19 қазанда сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі. Техникалық турдың логиндері мен парольдері эссені жүктеуге арналған папкада қол жетімді болады.

Кіру сілтемесі: https://app.oqylyq.kz

  • 1 (тестілеу) тур 22 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де өтеді. Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыға 2 сағат уақыт беріледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалар (тест) саны - 60 (математикадан - 15, физикадан - 15, химиядан - 15 және биологиядан - 15). Әрбір қатысушы жинаған ұпайының жалпы санын бірден біле алады, олимпиада аяқталғаннан кейін әр пән бойынша ұпай саны «Дарын» РҒПО-ның daryn.kz. сайтында орналастырылатын болады. Олимпиада ережелеріне сәйкес – апелляция қарастырылмаған.
  • 2 тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де өткізіледі. Эссе «Дарын» РҒПО қызметкері ұсынған арнайы бланкіде жазылады. Қатысушыларға эссе тақырыптары ұсынылады, орындауға 1 сағат уақыт беріледі. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
  • жұмысты сканерлеу үшін жауапты IT маманды тағайындау қажет;

- әр қатысушыға олимпиаданы өткізу тәртібін түсіндіру қажет;

- жеке заттарды сақтау үшін орын бөлу (аудиториядан тыс) қажет;

- олимпиада басталғанға дейін 15 минут бұрын қатысушыларды аудиторияға жеке куәлікпен тексере отырып кіргізу;

- қатысушылар арасындағы қашықтық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, кемінде 1,5 метрді құрауы тиіс;

- әр қатысушы аудиторияға кірген кезде алдын-ала ілінген тізім бойынша өз орнын білуі қажет;

- аудиторияға қатысушы өзімен бірге көк сиялы қалам, қарындаш,  сызғыш, 0,5 л су және жеке басын куәландыратын құжатты ғана алуға құқылы;

- әрбір қатысушы үшін интернетке шығатын және тұрақты байланысы бар компьютермен немесе ноутбукпен қамтамасыз ету қажет;

- Техникалық сипаттамалары:

Процессор: бесінші буын Intel Core i5 минимумы

Жедел жады көлемі: 4 гб бастап

Браузер: Google Chrome (соңғы жаңартумен)

Интернет жылдамдығы: 10 Мб/с жоғары;

- эссені сканерлеу және «Дарын» РҒПО папкасына жүктеу үшін минутына 30 парақтан кем емес жылдамдықта жұмыс жасайтын сканермен қамтамасыз ету қажет;

- зум конференциясына қосылу арқылы кабинеттің толық ауқымын көрсететін камерамен қамтамасыз ету қажет;

- Олимпиада басталар алдында әр қатысушыға үлкен және шағын конверт беріледі. Үлкен конвертте қатысушыға арналған нұсқаулық, эссе жазу балнкі, Менделеев кестесі беріледі. Шағын мөрленген конвертте oqylyq.kz платформасына кіру үшін жеке логин мен пароль бар («Дарын» РҒПО жауапты қызметкері ұсынады), конверт тестілеуді орындау үшін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де ашылады. Қатысушы көрсетілген уақыт бойынша https://app.oqylyq.kz сілтемесі бойынша өтіп логин/пароль енгізіп, тапсырмаларды орындайды. Қатысушы логин мен парольді үшінші тұлғаларға бермеуі не үшінші тұлғалардың логиндері мен парольдерін пайдаланбауы тиіс. Қатысушы сайтқа кіру үшін өз логині мен паролін өзімен бірге алып кетуіне болады.

- Олимпиаданы аяқтамас бұрын, емтиханды аяқтау батырмасын басу керек немесе уақыт өткеннен кейін сайт автоматты түрде жабылады;

- эссе тақырыптары сағат 12.00-де oqylyq.kz сайтында қолжетімді болады. Қатысушы ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, орыс немесе қазақ тілдерінде жаза алады.

- уақыт аяқталғаннан кейін эссе бланкілері сканерленіп, папкіге жүктеледі, сканерлеу процесі камерада бақылануы қажет;

- әрбір қатысушы конвертке эссе бланкісін салып, «Дарын» РҒПО жауапты қызметкеріне тапсыруы қажет;

- жауапты IT-маман тізімге сәйкес файл атауын толтырғаннан кейін эссенің сканерленген нұсқасын тексеруге жібереді.

Олимпиада кезінде қатаң тыйым салынады:

  • кез-келген сымды және сымсыз гарнитураны пайдалану, кез-келген байланыс құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе ішкі жадтан немесе интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез-келген басқа гаджеттерді пайдалану;
  • кез-келген электрондық немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа әдебиеттерді, рефераттарды және басқа да дайындалған жазбаларды пайдалану;
  • тапсырмалар жиынтығына кірмейтін кез-келген материалдарды пайдалану;
  • Олимпиаданың басқа қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау;
  • жұмыс орнын рұқсатсыз босату, көшіру, тәртіпті бұзу.

Қатысушының жұмысын бағалаудың объективтілігін бақылау мақсатында бүкіл тур бойы аудио және бейнежазба жүргізіледі, ол Олимпиада аяқталғанға дейін сақталады. Ережені бұзу фактілері анықталған жағдайда «Дарын» РҒПО-ның жауапты қызметкері акт жасайды және қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін олимпиаданың барлық материалдары, сондай-ақ қорытынды ведомості 2 данада шығару қажет (ведомость эссені жүктеуге арналған папкада болады), өңірлік «Дарын» орталығының директоры, жауапты қызметкер, «Дарын» РҒПО қызметкері қол қойып, «Дарын» РҒПО-ның іссапарға жіберілген қызметкеріне тапсыру қажет.

Нұсқаулықты жүктеп алу

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында онлайн тәртібінде республиканың 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасы  онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Басты идея – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.

13 жыл ішінде 31 000 - нан астам түлек олимпиадаға қатысты.

Президенттік олимпиада үш кезеңде:  өңірлік, іріктеу және қорытынды өткізілді. Өңірлік кезеңде барлығы 4593 мектеп бітіруші қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде білім алатындары – 3152.

Өңірлік кезеңде - 4593, іріктеу кезеңінде – 396 және қорытынды кезеңге 252 оқушы қатысты.

Президенттік олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломдармен 13 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 19 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 32 қатысушы марапатталды.

Жыл басынан бері 23 қазақстандық оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.

❕Жыл басынан бері 23 қазақстандық оқушы әлемдегі ең беделді жеті олимпиадада 2 алтын, 11 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Олардың қатарында IMO, IphO, IChO, IBO, IGеO, IOI және IOL пәндік олимпиадалары бар.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев олимпиада жүлдегерлермен, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтермен кездесті.

🥈Биология пәнінен халықаралық олимпиаданың (IBO) қола жүлдегері, Алматы қаласындағы «Galaxy» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Ислам Амангелді тәлімгерлеріне өз алғысын білдірді.
💬«Бүгінгі кездесу біз үшін өте маңызды, өйткені алдыңғы буын ағалардың ақыл-кеңесі, тілегі бізге жаңа белестерді бағындыруға күш-жігер береді. Білімімізді шыңдауға және табысқа жетуімізге әрқашан қолдау көрсетіп жүрген мемлекетімізге, ата-анамызға, ұстаздарымызға алғысымыз шексіз», – дейді ол.

🖊️Оқу-ағарту министрі жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, халықаралық олимпиадаларда жүлдегер болған қазақстандық оқушыларды қолдау шараларына тоқталды.

🗯️«Бірінші кезекте сіздерді жеңістеріңізбен құттықтасам деймін. Сіздер еліміздің көк туын әлемдік аренада жоғары көтеріп, математика, физика, химия, биология, география, информатика сияқты іргелі ғылымдар бойынша лайықты нәтижелерге қол жеткіздіңіздер. Бұл ұстаздардың да орасан зор еңбегі, жетістігі деп білемін. Мемлекет дарынды оқушыларға жан-жақты қолдау көрсетуде. Өткен жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төленуде. Биыл әлемдегі ең беделді 7 олимпиадада жүлдегер атанған 23 оқушыға 65,5 млн теңге, ал 20 педагогке 6 млн теңгеге жуық ақшалай сыйақы берілді. Бұл шаралар, ең алдымен, олимпиадашылардың беделін арттыруға және отандық ғылымның болашақ жұлдыздарын қалыптастыруға бағытталған», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

❗️Айта кетейік, алтын медаль үшін – 1500 АЕК, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. Алтын медаль иегерін дайындаған педагогке сыйақы – базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшерінде, күміс үшін – базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшерінде, қола үшін – базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшерінде төленеді.

446 ОҚУШЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Республикада жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі қорытындыланды.
Оған бірінші (аймақтық) кезеңде жоғары нәтижеге қол жеткізген 446 оқушы қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 199 оқушы өтті.

Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңін 2023 жылғы 21-24 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды.

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгін, 2023 жылдың 20 қазан күні республикамызда жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңіне республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып  арасынан 446 оқушы қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың іріктеу кезеңі екі турдан тұрады және бір күнде өткізіледі. Бірінші тур сағат 10.00-де, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сағат 12.30-де (Астана уақытымен) өтеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республикамыздың жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Естеріңізге салсақ, жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 3 қазанында 2933 қатысушы арасында өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңі қараша айының екінші жартысына жоспарланып отыр.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 191 оқушы өзара үздікті анықтады. Зияткерлік жарыстар ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.

 

- Президенттік олимпиада - бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. 15 жылда Олимпиада 15 мың оқушының өмірлік ұстанымын, бағыт-бағдарын айқындап берді. Мәселен, Олимпиаданың алғашқы жеңімпаздарының бірі Санжар Оразбаев бүгінде zapis.kz электрондық журналының негізін қалаушы және директоры, ал Ернар Самтиков Аризона штатының Университетін "Биомедициналық инженерия" мамандығы бойынша сәтті тәмамдап, "Айкуне" оңалту орталықтарын басқарып отыр. Тағы бір бұрынғы олимпиадашы, Шымкент қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің мұғалімі Нұрлан Сүйеуов жақында ғана " Үздік педагог - 2022 "құрметті атағына ие болды. Әрине, мұндай мысалдарды өте ұзақ уақыт тізімдеуге болады. Мұның бәрі Президенттік олимпиада жарқын болашаққа трамплин ретінде қызмет ететіндігін көрсетеді.

 

«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мырзаға, Қарағанды облысының әкімдігіне, "Дарын" өңірлік орталығындағы әріптестеріме ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін және, әрине, Олимпиада жеңімпаздары үшін білім беру гранттарын бөлген ЖОО басшыларына шексіз алғысымды білдіремін», - дейді "Дарын" РҒПО директоры Ануар Унайбеков.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломымен, 18 қатысушы II дәрежелі дипломымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) мен Торайғыров университетінде (12) оқуға білім беру гранттары және академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 12 шәкіртақысы берілді.

1 күн
Тапсырмалар
Математика Химия
Шешімі
Математика Химия
Қатысушылардың жұмыстары
Математика Химия
1 күн хаттамалары
Математика Химия
2 күн
Тапсырмалар
Физика Биология
Шешімдер
Физика Биология
Қатысушылардың жұмыстары
Физика Биология

Биология

2 күн хаттамалары
Физика Биология
Қорытынды хаттама
Хаттама

2022 жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді. Үшінші (республикалық) кезеңге 192 қазақстандық оқушы қатысады.

Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі а.ж. 12 қазанында бір мезгілде өткізіліп, оған республиканың барлық өңірлерінен 2871 оқушы қатысты.

Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықтыі, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың 29 қарашасында сағат 17.00-де өтеді.

Қазылар алқасының құрамы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды. Қазылар алқасының құрметті мүшелері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары шақырылды.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің конференц-залында өтеді.

Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО daryn.kz. сайтында орналастырылады.

2022 жылдың 27 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтеді. Оған бірінші айтақтық кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген  463 оқушы қатысады.

Айта кетейік, аймақтық кезеңде республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 2871 11 (12) сынып түлегі қатысты. Олар төрт пән: математика, физика, химия және билогия бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге көмектеседі.

Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиада Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі.

Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған түлектер, 11 (12) сынып оқушылары қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 12 қазанында сағ.10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен бір уақытта өткізіледі. Олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізеді.

Екінші  (іріктеу) кезеңі  екі  турда өткізіледі.  Бірінші тур  (қашықтық) 27 қазанда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 12.00-де өтеді. Іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрамында 20 адамнан аспайтын команда, республикалық білім беру ұйымдары және «Республикалық  физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрамы 8 адамнан аспайтын команда ұсынады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 29 қараша 2 желтоқсан аралығында офлайн режимінде өткізіледі.

Қосымша ақпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО

тел: 8 (7172) 57 01 27

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Физика Қарау
Математика Қарау
Химия Қарау
Биология Қарау

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Тікелей эфир (жаңа сілтеме)
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру
Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Эфирдің басы (ескі сілтеме)
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Қазылар алқасының жұмыс істеу барысы Просмотреть
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру

Олимпиада oqylyq.kz. платформасында екі турда өткізіледі. Олимпиаданы өткізу орнын өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік ұйымдастыру комитеті анықтайды. Олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен рұқсат алу қажет.

Техникалық тур 19 қазанда сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі. Техникалық турдың логиндері мен парольдері эссені жүктеуге арналған папкада қол жетімді болады.

Кіру сілтемесі: https://app.oqylyq.kz

  • 1 (тестілеу) тур 22 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де өтеді. Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыға 2 сағат уақыт беріледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалар (тест) саны - 60 (математикадан - 15, физикадан - 15, химиядан - 15 және биологиядан - 15). Әрбір қатысушы жинаған ұпайының жалпы санын бірден біле алады, олимпиада аяқталғаннан кейін әр пән бойынша ұпай саны «Дарын» РҒПО-ның daryn.kz. сайтында орналастырылатын болады. Олимпиада ережелеріне сәйкес – апелляция қарастырылмаған.
  • 2 тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де өткізіледі. Эссе «Дарын» РҒПО қызметкері ұсынған арнайы бланкіде жазылады. Қатысушыларға эссе тақырыптары ұсынылады, орындауға 1 сағат уақыт беріледі. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
  • жұмысты сканерлеу үшін жауапты IT маманды тағайындау қажет;

- әр қатысушыға олимпиаданы өткізу тәртібін түсіндіру қажет;

- жеке заттарды сақтау үшін орын бөлу (аудиториядан тыс) қажет;

- олимпиада басталғанға дейін 15 минут бұрын қатысушыларды аудиторияға жеке куәлікпен тексере отырып кіргізу;

- қатысушылар арасындағы қашықтық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, кемінде 1,5 метрді құрауы тиіс;

- әр қатысушы аудиторияға кірген кезде алдын-ала ілінген тізім бойынша өз орнын білуі қажет;

- аудиторияға қатысушы өзімен бірге көк сиялы қалам, қарындаш,  сызғыш, 0,5 л су және жеке басын куәландыратын құжатты ғана алуға құқылы;

- әрбір қатысушы үшін интернетке шығатын және тұрақты байланысы бар компьютермен немесе ноутбукпен қамтамасыз ету қажет;

- Техникалық сипаттамалары:

Процессор: бесінші буын Intel Core i5 минимумы

Жедел жады көлемі: 4 гб бастап

Браузер: Google Chrome (соңғы жаңартумен)

Интернет жылдамдығы: 10 Мб/с жоғары;

- эссені сканерлеу және «Дарын» РҒПО папкасына жүктеу үшін минутына 30 парақтан кем емес жылдамдықта жұмыс жасайтын сканермен қамтамасыз ету қажет;

- зум конференциясына қосылу арқылы кабинеттің толық ауқымын көрсететін камерамен қамтамасыз ету қажет;

- Олимпиада басталар алдында әр қатысушыға үлкен және шағын конверт беріледі. Үлкен конвертте қатысушыға арналған нұсқаулық, эссе жазу балнкі, Менделеев кестесі беріледі. Шағын мөрленген конвертте oqylyq.kz платформасына кіру үшін жеке логин мен пароль бар («Дарын» РҒПО жауапты қызметкері ұсынады), конверт тестілеуді орындау үшін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де ашылады. Қатысушы көрсетілген уақыт бойынша https://app.oqylyq.kz сілтемесі бойынша өтіп логин/пароль енгізіп, тапсырмаларды орындайды. Қатысушы логин мен парольді үшінші тұлғаларға бермеуі не үшінші тұлғалардың логиндері мен парольдерін пайдаланбауы тиіс. Қатысушы сайтқа кіру үшін өз логині мен паролін өзімен бірге алып кетуіне болады.

- Олимпиаданы аяқтамас бұрын, емтиханды аяқтау батырмасын басу керек немесе уақыт өткеннен кейін сайт автоматты түрде жабылады;

- эссе тақырыптары сағат 12.00-де oqylyq.kz сайтында қолжетімді болады. Қатысушы ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, орыс немесе қазақ тілдерінде жаза алады.

- уақыт аяқталғаннан кейін эссе бланкілері сканерленіп, папкіге жүктеледі, сканерлеу процесі камерада бақылануы қажет;

- әрбір қатысушы конвертке эссе бланкісін салып, «Дарын» РҒПО жауапты қызметкеріне тапсыруы қажет;

- жауапты IT-маман тізімге сәйкес файл атауын толтырғаннан кейін эссенің сканерленген нұсқасын тексеруге жібереді.

Олимпиада кезінде қатаң тыйым салынады:

  • кез-келген сымды және сымсыз гарнитураны пайдалану, кез-келген байланыс құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе ішкі жадтан немесе интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез-келген басқа гаджеттерді пайдалану;
  • кез-келген электрондық немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа әдебиеттерді, рефераттарды және басқа да дайындалған жазбаларды пайдалану;
  • тапсырмалар жиынтығына кірмейтін кез-келген материалдарды пайдалану;
  • Олимпиаданың басқа қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау;
  • жұмыс орнын рұқсатсыз босату, көшіру, тәртіпті бұзу.

Қатысушының жұмысын бағалаудың объективтілігін бақылау мақсатында бүкіл тур бойы аудио және бейнежазба жүргізіледі, ол Олимпиада аяқталғанға дейін сақталады. Ережені бұзу фактілері анықталған жағдайда «Дарын» РҒПО-ның жауапты қызметкері акт жасайды және қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін олимпиаданың барлық материалдары, сондай-ақ қорытынды ведомості 2 данада шығару қажет (ведомость эссені жүктеуге арналған папкада болады), өңірлік «Дарын» орталығының директоры, жауапты қызметкер, «Дарын» РҒПО қызметкері қол қойып, «Дарын» РҒПО-ның іссапарға жіберілген қызметкеріне тапсыру қажет.

Нұсқаулықты жүктеп алу

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында онлайн тәртібінде республиканың 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасы  онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Басты идея – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.

13 жыл ішінде 31 000 - нан астам түлек олимпиадаға қатысты.

Президенттік олимпиада үш кезеңде:  өңірлік, іріктеу және қорытынды өткізілді. Өңірлік кезеңде барлығы 4593 мектеп бітіруші қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде білім алатындары – 3152.

Өңірлік кезеңде - 4593, іріктеу кезеңінде – 396 және қорытынды кезеңге 252 оқушы қатысты.

Президенттік олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломдармен 13 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 19 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 32 қатысушы марапатталды.

Биологиядан ең беделді әлемдік олимпиада 2024 жылы Астанада өтеді.

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ

“ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АҚПАРАТ ХАТЫ

Білім берудегі жетістік тікелей мұғалімге, оның шығармашылық әлеуетіне және кәсіби құзыреттілігіне байланысты.

Қазіргі мұғалім - бұл инновацияларды іс жүзінде жүзеге асырудағы негізгі тұлға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың білімдерін шығармашылық қабылдауға деген ұмтылысын дамытады, оның тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады. Ол үшін мұғалім өзінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін үнемі арттырып отыруы керек: пәндік, әдістемелік, коммуникативтік, ақпараттық, жалпы мәдени, құқықтық.

Кәсіби конкурсқа қатысу педагогтерге кәсіби педагогикалық қызметтегі өз жетістіктерін, оқушылармен жұмысының нәтижелерін көрсету, ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу, өзінің әзірлемелерін жүйелеу, педагогикалық табыстары мен жетістіктерін таныстыру мүмкіндігін білдіреді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінң «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 6-8 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Shera Inn Hotel» қонақүйінің базасында дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық кезеңінің жеңімпаздары, еңбек өтілі кемінде 5 жыл (конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес) білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, «НЗМ» АҚ-ның өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаз педагогтері, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатыса алады.

Командалық авторлық жұмыстар қарастырылмайды. Конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді.

Республикалық Конкурсқа үміткерлерді ұсыну:

білім басқармаларымен, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, МББҰ, Назарбаев зияткерлік мектептердің педагогтері үшін «НЗМ» АҚ Басқармасы (ұйымның бірінші басшысымен бекітілген), оқу-әдістемелік орталық басшылары.

Конкурстың қорытынды кезеңі келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • білім берудегі менеджмент (мектеп басшылары, басшылардың

орынбасарлары);

2) бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім;

3) психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану, тәрбие жұмысы сабақта ж/е сабақтан тыс уақытта, қосымша білім беру саласындағы педагогтер;

4) ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия,

биология, география, экология) пәндері;

5) физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика);

6) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті);

7) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (ағылшын тілі, тарих,құқық негіздері, экономика);

8) эстетикалық пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық).

Конкурсқа қатысу туралы сұранысты (білім басқармасының басшысымен бекітілген) және авторлық бағдарламаның электрондық нұсқасын а.ж. 15 қарашаға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: e-mail: g.berdenova@daryn.kz

Тиісті мекеме басшысымен бекітілген әр қатысушыға 16 қарашаға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Yzdikaftor-2023  сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысушылардың авторлық жұмыстарының көшірмесі болуы тиіс. Авторлық жұмысын қорғау үшін 7 (жеті) минут беріледі!!!

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Іс-шараға қатысушылар «Shera Inn Hotel» қонақүйінде (Алматы қ., Қажымұқан көшесі, 49, Меңдіқұлов көшесінің қиылысында) тұрады. Тәулігіне бір адамға жатын орны 15 000 теңге тұрады (таңғы ас+ бассейн кіреді).

Іс-шараға келу күні – 6 желтоқсан сағат 14.00-ден бастап, аяқталуы – 8 желтоқсан сағат 14.00 кейін. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы, ұйымдастару жарнасы-25 350 тг., жатын орны).

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 57-01-42.

Бүгінде адами капитал сөзін жиі-жиі қолданатын болдық. Себебі озық елдер адами капиталды дамыту арқылы зор жетістікке жетіп отыр. Ал, интеллектуалды ұлтқа айналуда озық ойлы ұстаздар шешуші рөл атқаратыны айтпаса да түсінікті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогтердің шығармашылығын шыңдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Соның бірі дәлелі – 2022 жылдың 1-2 наурызында Алматы қаласындағы «Алтын Карғалы» санаториясының базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын өткізді.

 

Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық кезеңінің жеңімпаздары, еңбек өтілі кемінде 5 жыл (конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес) білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің, «НЗМ» АҚ-ның өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаз педагогтері, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру

Конкурсқа ұсынылған авторлық бағдарламалар: элективті курстар, қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар, арнайы курстар, факультативтер.

Байқаудың қорытынды кезеңінде 140 жобаның мән-мазмұны сараланып, 6 жоба үздік деп танылды.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының ұстазы Алмахан Габдуллинаның «Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Бала Абай» 1-4 сынып оқу бағдарламасы», Ақмола облысы, Ақкөл қаласының «Ақбота» бөбекжайы МКҚК қызметкері Ғалия Тілеулинаның «В мире музыки» с применением современных инновационных технолгий: «Кинезиология», «Технология критичекого мышления», Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің ұстазы Светлана Скребец «Биофизика и экология» жобасы дара деп танылды. Бұл қатарда Нұр-Сұлтан қаласының Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің ұстазы Замзагүл Қиянова «Ұлттық тағылым» бағдарламасы, оқулығы мен дәптері», Алматы қаласы, М.Мақатаев атындағы № 140 гимназиясының ұстазы Лаззат Каргабаева «Мектеп география курсында ашық геоақпараттық бағдарламаны оқыту», Нұр-Сұлтан қаласы, «Ekonomikalyq litsei» ЖШС өкілі Нұржан Байсаков «Жаңа сөздерді игерту жолдары (7 сынып)» жобасы өзінің идеясы, мазмұны жөнінен үздік шықты.

Хаттама

«Үздік авторлық бағдарлама»

республикалық конкурсының жеңімпаздары

Толық аты-жөні Облысы, мектебі Авторлық жұмыстың толық атауы
 

І дәрежелі дипломдар

 

1. Габдуллина

Алмахан Мухаметкалиевна

Нұр-Сұлтан қаласы, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған «Бала Абай» 1-4 сынып оқу бағдарламасы
2. Тлеулина

Галия Жамалетдиновна

Ақмола облысы, Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының "Ақбота "бөбекжайы" МКҚК «В мире музыки» с применением современных инновационных технолгий: «Кинезиология», «Технология критичекого мышления», ИКТ.
3. Скребец

Светлана Николаевна

Жамбыл облысы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп Биофизика и экология
4. Киянова

Замзагул Ертаевна

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Б.Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицей" КММ "Ұлттық тағылым" бағдарламасы, оқулығы мен дәптері
5. Каргабаева

Лаззат Толеуовна

Алматы қаласы,

М. Мақатаев атындағы № 140 гимназия

«Мектеп география курсында ашық геоақпараттық бағдарламаны оқыту»
6. Байсаков

Нуржан Елюбаевич

Нұр-Сұлтан қаласы, "Ekonomikalyq litsei" ЖШС Жаңа сөздерді игерту жолдары (7 сынып)
ІІ дәрежелі дипломдар
1. Габдуллина

Бахыт Мырзагалиевна

Солтүстік-Қазақстан облысы, «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ Программа вариативного компонента «Эколята-дошколята»
2. Абылкалыкова

Роза Батырхановна

Ақмола облысы, М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия Қазақстан - таңғажайып әлем
3. Торғанбеков

Асан Ержанұлы

Алматы қаласы Білім басқармасының "№59 мектеп-гимназиясы" КММ «Білікті маман траекториясы. Мектепішілік жүйе» бағдарламасы
4. Мукашева

Асель Амангельдиновна

Солтүстік-Қазақстан облысы, «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ Программа методического сопровождения развития профессиональной компетентности педагогов по формированию функциональной грамотности учащихся
5. Нұршәріп Сәндігүл Ақмола облысы, Зеренді ауылы жанындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы «Ақадыр ауылы ЖОББ мектебі» КММ филиалы "Бала би" шешендік өнер үйірмесінің тіл білімі бағытындағы балаларға қосымша білім беру бағдарламасы
6. Калиев

Дастан Дуйсенулы

Қостанай облысы, мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі Дебат технологиясы (Қосымша білім беру бағдарламасы)
7. Каймуханов

Асыл Кайрбекович

Алматы облысы, «Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен» Математикалық сауаттылық
8. Болысова

Гульмира Махсутхановна

Шығыс-Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» ММ "Ұлттық ойындарды Scratch бағдарламасында насихаттау"
9. Илимова

Каракозайым Карсыбаевна

Түркістан облысы, “Жетісай ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп-мектеп интернаты” КММ “Students are taught writing perfect essay through analysing the texts” “ Мәтіндік талдау жасау арқылы тиімді эссе жазуды үйрету”
10. Кулмуханов Медет Ерниязович Ақтөбе облысы, Шарбану Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы "Жас археолог" элективтік курсы
11. Киясова

Айгуль Райымбековна

Қызылорда облысы, Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицей Қазақстан өсімдіктерінің биоэкологиясы
12. Митина

Татьяна Александровна

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Программа элективного курса "Crime Scene Investigation"
13. Ошакбаев

Рауан Маратович

Жамбыл облысы, Тараз қаласының білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы Қазақстан облыстарының экономикалық географиясы
14. Кинцель Александр Евгеньевич Ақмола облысы, Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы» КММ Cборник презентаций уроков по курсу естествознания и биологии 5- 11 классов для дистанционного обучения
15. Жөлекеш

Мирамкүл Жеткербайқызы

Қызылоррда облысы, Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің Б. К. Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназия КММ "Қазалы қаламгерлері"
16. Спанова Ақгүл Спанқызы Ақтөбе облысы, "№6 Хромтау гимназиясы" КММ "Көркем әдебиет - сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетті күш"
17. Смагулова Гульжазира Гинятовна Қостанай облысы, Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі КММ «Оқу сауаттылығы» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған электронды құрал
ІІІ дәрежелі диплом
1. Омарова

Алмагул Нурахметовна

Алматы облысы, Талдықорган қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№12 «Байтерек» бөбекжай КММ "Қызықты ойындар"
2. Сатпаева Нурзат Какитаевна Алматы қаласы, №157 жалпы беретін мектеп Математика әлемінде
3. Каленова

Куляим Серикбаевна

Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясы» КММ Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы
4. Аштаева

Гулжан Махановна

Нұр-Сұлтан қаласы, №71 мектеп-лицей "ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЗ" 3-сыныптарға арналған оқу әдістемелік кешені
5. Соколюк

Анна Сергеевна

Жамбыл облысы, «Қордай ауданының білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ "Безграничные возможности"для детей 7-9 лет имеющие потребности в развитии
6. Есимханова

Райхан Кудияровна

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Формирование профессиональной компетентности молодого учителя молодого
7. Мадетхан Нүрбол Ақтөбе облысы, Исатай Тайманов атындағы гимназия "Жас сарбаз" арнайы бағдарламасы
8. Абдраманова

Гульнар Мансуровна

Шымкент қаласы, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты 5-сынып музыка пәнінен элективті курс жоспарлауға арналған
9. Железнова

Ирина Олеговна

 Алматы қаласы, №165 мамандандырылған лицей Мехатроника и искусственный интеллект в физическом эксперименте
10. Бухарбаева

Динара Ермурзаевна

Алматы облысы, «Қарасу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ "Құбылыстарды модельдеу"
11. Ермеков

Болатбек Катпиевич

Атырау облысы, Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар лицей Физика пәнінен практикалық тапсырмалар
12. Мәкен

Ерлан Зәйтөнұлы

Солтүстік-Қазақстан облысы, «Дарын» мектеп-лицейі Семь граней Великой степи
13. Искакова Айкерим Жаркынбековна Қызылорда облысы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей Learn English Children's folklore!
14. Табынбекова Мейрамкуль Амирбековна Қарағанды облысы, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты Қазақстан тарихын меңгерудің тиімді жолдары
15. Өтемісова

Арайгүл Өтемісқызы

Батыс-Қазақстан облысы, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты «Адам анатомиясы мен патологиясы» қолданбалы курс
16. Алексеенко

Ольга Михайловна

Солтүстік-Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "№1 Новоишим орта мектебі КММ Программа факультативного курса для 9 класса "Chemistry in tasks/Химия в задачах"
17. Әсілбекова

Алтынай Әсілбекқызы

Шымкент қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі "Химиялық инженерия" элективті курсы
18. Джумагулова

Амина Казьякберовна

Шығыс-Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Өрел орта мектебі" КММ Авторская программа

"По туристическим маршрутам Катон-Карагая"

19. Галиева Майра Осенова Шымкент қаласы, №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп интернаты Эмоционалды интеллект және сыни ойлау элективті курсының бағдарламасы
20. Опря Оксана Викторовна Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Стратегии смыслового чтения
21. Абаханова Нагима Ниязбековна Жамбыл облысы, Жамбыл атындағы №5-мектеп-гимназиясы "Қазақ тіліндегі этнографизмдер"
22. Джазкбаева Шынар Турсунбековна Алматы облысы, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы Жамбылтану
 

Номинация бойынша грамоталар

 

1. Кереева

Зухра Шнайбековна

Атырау облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы "Адам анатомиясы" 8 сыныпқа арналған элективті курс
2. Абугалиева

Самал Нуртаевна

Қарағанды облысы, «М.Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ Жас оқырман
3. Каншаева

Алена Юрьевна

Қостанай облысы, Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы" КММ Учебно- методический комплекс развивающего курса "Моделирование" для младших школьников
4. Мукашева

Шынара Даутовна

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі "КММ" №1 Новоишим орта мектебі В мире детских книг. Казахстанские писатели - детям
5. Қозыбақ

Өмірхан Жұндібайұлы

Түркістан облысы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия Педагогикалық менеджменттегі инновациялық жобалар арқылы білім сапасын арттыру
6. Төлепова

Мәдина Ермекқызы

Атырау облысы, «Алмагүл» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 2-6 жастағы балаларды педагогикалық-психологиялық диагностикалау
7. Курбанова

Акмарал Мырзаевна

Түркістан облысы Жетісай ауданы Ә.Оспанов ауылы Аманкелді атындағы №19 ЖОМ Отбасындағы ата-ананың ролі
8. Сыздыкова

Асия Нугмановна

Нұр-Сұлтан қаласының "№46 балабақша-мектеп-гимназия" КММ Прoграмма элективнoгo курса «Дизaйн-мышление»
9. Кулмагамбетова Нуржамал Тыныштыбаевна Батыс-Қазақстан облысы, Қуағаш негізгі орта мектебі КММ "Киіз басу" факультатив бағдарламасы
10. Юсупова

Индира Алпамысовна

Атырау облысы, Михаил Васильевич Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі КММ Авторская программа "Радуга"
11. Бутова

Ирина Владимировна

Шығыс-Қазақстан облысы, Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі "КММ " English for physicists
12. Тасбулатова Алия Алтаевна Шымкент қаласы, М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия 9 сынып оқушыларына арналған «Компьютерлік графика» қосымша білім беру курсының бағдарламасы
13. Шоменова

Жанар Сундетбаевна

Қарағанды облысы,

«Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей»

Физика пәнінен 7 сынып оқушыларына арналған «Рhysics in life»
14. Амантай Баянбек Республикалық физика-математика мектебі Обучение основным понятиям объектно-ориентированного программирования с использованием интегрированной среды Greenfoot.
15. Джалгасбаев

Базарбек Ахметович

Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты Preparation for Entertaining math olympiads
16. Кизбаева

Бактыгуль Аскеровна

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Программа элективного курса физики 7 класса "Экспериментальная физика""
17. Ким

Наталья Владимировна

Талдықорған қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Программирование робота Lego Mindstorm EV3 в среде программирования Scratch
18. Орамалова

Айзат Женискановна

Шығыс-Қазақстан облысы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «46 орта мектебі» КММ "Тарих.Тұлға. Хронология" курсының авторлық бағдарламасы. 10 - 11 с
19. Омарова Айгерим Ермековна Алматы қаласы, №202 мектеп-гимназия Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазақстан
20. Шапенова Гаухар Кабдешовна Ақмола облысы, М.Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия Критическое чтение и письмо
21. Степанова

Ольга Николаевна

Солтүстік-Қазақстан облысы «Лорд» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ Программа элективного курса по биологии "Биологические аспекты жизни"
22. Шакеева

Жупар Ержановна

Солтүстік-Қазақстан облысы, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты Тіршілік тағылымы (биология пәінен жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларын олимпиадаға дайындауға арналған)
23. Жұмашов Кенжебек Нұсқабайұлы Түркістан облысы, Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-инернат лицейі Биологиялық есептерді шығару және құрастыру жолдары
24. Лукьянец

Юрий Григорьевич

Шығыс-Қазақстан облысы,«Облыстық мамандандырылған It-Мектеп-Лицейі» КММ Исследовательские лаборатории в географии
25. Буханцева

Ирина Викторовна

Түркістан облысы,

М. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия

«Физическая и социально-экономическая география Туркестанской области»
26. Аренов

Ербол Бейсембаевич

Нұр-сұлтан қаласының "№3 мектеп-гимназиясы" КММ «Основы экологии и исследовательской деятельности учащихся» (5 класс)
27. Абдраманов

Расулхан Шайхиевич

Түркістан облысы, Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп КММ «Түркістандық тұлғалар» (арнайы курс бағдарламасы)
28. Малик Майра Маликқызы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат Қазақ графикасының тарихы
29. Баймухамбетова Динара Бакытовна Алматы қаласы, № 24 мектеп-лицей Көркемсөз креативі: оқушының сыни ойлауын дамыту
30. Заркеева

Думан Нуркешевна

Қарағанды облысы, № 36 Жалпы білім беретін мектеп Суырыпсалма өнердің саңлақтары
31. Каймалакова

Нагима Уисинбаевна

Жаимбыл облысы, Меркі ауданының Иван Трубицын атындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы Проектная деятельность по русскому языку и литературе
32. Погорелова Ольга Анатольевна Өскемен қаласы, Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері

Әр түрлі үздік инновацияларды енгізу, өзіне жүктелген міндеттерді жаңаша көзқараспен жүзеге асыру үшін мұғалім кәсіби құзыреттілік пен кәсіпқойлықтың қажетті деңгейіне ие болуы керек.

Педагогикалық шеберлік конкурстары педагогтің қоғамдағы беделі мен мәртебесін арттыру, білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтау және зерделеу, білім беру жүйесін дамытуға және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдау мақсатында өткізіледі.

Конкурстарға қатыса отырып, педагог жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу және жүйелеу, инновациялық технологияларды практикаға енгізу, жұмыстың белгілі бір нәтижелерін көрсету, сондай-ақ сындарлы өзін-өзі талдау, өз қызметін сырттай бақылау тәжірибесіне ие болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы белгілі бір кәсіби мәртебеге ие болғысы келетін, педагогикалық шеберлігін арттыруға деген ұмтылысы бар педагогтер үшін 1-2 наурыз күндері Алматы қаласының «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық кезеңінің жеңімпаздары, еңбек өтілі кемінде 5 жыл (конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес) білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің, «НЗМ» АҚ-ның өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаз педагогтері, балабақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері қатыса алады.

Командалық авторлық жұмыстар қарастырылмайды. Конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді.

Республикалық Конкурсқа үміткерлерді ұсыну:

білім басқармаларымен, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы, Назарбаев зияткерлік мектептердің педагогтері үшін «НЗМ» АҚ Басқармасы, мамандандырылған білім беру ұйымдары (ұйымның бірінші басшысымен бекітілген).

Конкурстың қорытынды кезеңі келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • білім берудегі менеджмент (мектеп басшылары, басшылардың орынбасарлары);

2) бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім;

3) психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану, тәрбие жұмысы сабақта ж/е сабақтан тыс уақытта, қосымша білім беру саласындағы;

4) ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия,

биология, география, экология) пәндері;

5) физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика);

6) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті);

7) қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (тарих,құқық негіздері, экономика);

8) эстетикалық пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық).

Конкурсқа қатысу туралы сұранысты (білім басқармасының басшысымен бекітілген) және авторлық бағдарламаның электрондық нұсқасын а.ж. 15 ақпанға дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: e-mail: g.berdenova@daryn.kz

Тиісті мекеме басшысымен бекітілген әр қатысушыға 16 ақпанға дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Yzdikaftor-2022 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Конкурстың қорытынды кезеңіне қатысушылардың авторлық жұмыстарының көшірмесі болуы тиіс. Авторлық жұмысын қорғау үшін 7 (жеті) минут беріледі!!!

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары және «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.

Іс-сапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді (жолы, тамақтануы, жататын орны).  Конкурсқа қатысушылардың келу күні 28 ақпан, аяқталуы 2 наурыз сағат 15.00-ден кейін.

«Алтын Қарғалы» шипажайында бір адамға тұру құны (3 мезгіл тамақтануы, бассейн) 10 000 теңге (он мың теңге).

Шипажайдың мекен-жайы: Алматы қ., Жандосова, 204 үй, (кіру Асқаров көшесі жағынан).

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 57-01-42

"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 15-20 қазан аралығында қашықтықтан "Үздік авторлық бағдарлама" республикалық конкурсының қорытынды (республикалық) кезеңін өткізді.

Бағдарлама тақырыптары қабілетті және дарынды оқушылармен оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің әртүрлі аспектілерін қамтыды. Конкурсқа ұсынылған авторлық бағдарламалар: элективті курстар, қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар, арнайы курстар, факультативтер.

Байқаудың іріктеу кезеңіне 435 авторлық жоба ұсынылды. Қорытынды кезеңге сараптама комиссиясының шешімі бойынша 302 авторлық жоба жолдама алды.

Жобаларды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, шет тілдер және іскерлік карьера университетінің профессорлық-оқытушы құрамынан тұратын әділ қазылар алқасы бағалады.

302 қатысушының 151-і Конкурстың жеңімпаздар мен жүлдегерлері атанды. Оның ішінде: І дәрежелі дипломдармен -  18, ІІ дәрежелі дипломдармен – 32, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 42, номинация бойынша грамоталармен  – 59 жоба марапатталды.

«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ТІЗІМІ

І дәрежелі дипломдар

Толық аты-жөні Жұмыс орны Облысы

 

1. Ешманова

Айсулу Толыбековна

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шымкент қаласы
2. Рахметова

Нурзия Тургамбековна

"Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп" КММ Алматы облысы
3. Сансызбаев

Жандос Кайратович

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "Білім инновация" лицей-интернаты Ақтөбе облысы
4. Молбаев

Бакытжан Кайратович

Балалар шағын орталығы бар № 1 орта метеп Алматы облысы
5. Каумбаев

Суннатулла Абдуғаниұлы

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей Алматы қаласы
6. Утеубаева

Гульжан Убайдуллаевна

Назарбаев Интеллектуальная школа ФМН Ақтөбе қаласы
7. Ломачинская

Лориса Владимировна

«Бурабай ауданының білім бөлімінің Ақылбай ауылының орта мектебі» ММ Ақмола облысы
8. Байсаринова

Раушан

Алтыбаевна

Жамбыл атандағы даранды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат Шығыс-Қазақстан облысы
9. Шайдарова

Сандугаш

Акбулатовна

Физика курсында IT және ғарыш технологиясын қолдану Түркістан облысы
10. Ким

Инесия Михайловна

Физика-математика бағытындағы НЗМ Шымкент қаласы
11. Окпебаева

Гульнур

Шерниязовна

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын N20 арнаулы лицейі Алматы облысы
12. Алимбаева

Алина

Кажирахимовна

Жетіқара ауданының №2 ОМ Қостанай облысы
13. Дискаева

Роза Ермековна

КГУ IT школа - лицей 11 Ақмола облысы
14. Сагандыков

Еркебулан Сагатович

Аймақтық орталық Павлодар облысы
15. Корчагина

Ольга Сергеевна

№5 «Еркетай» балабақшасы, Степногорск қаласы Ақмола облысы
16. Шахманова

Карлыгаш

Канатовна

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия Шығыс-Қазақстан облысы
17. Холупенко

Владимир

Николаевич

№ 24 гимназия Жамбыл
18. Гатауллина

Ольга Ивановна

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 ОМ Шығыс-Қазақстан облысы

 

 

ІІ дәрежелі дипломдар

 

 

Толық аты-жөні Жұмыс орны Облысы
1.      Игисенова

Бану Ракымбердиевна

РМҚК Қапшағай қаласы "Балдәурен" РОСО Алматы облысы
2.      Бердимбетова Гаухар

Нургалиевна

Ыбырай Алтынсарин атындағы шағын орталықты орта мектебі Жамбыл облысы
3.      Акашова

Элеонора

Смадиярқызы

Т.Шонанұлы атындағы ЖББОМ КММ Ақтөбе облысы
4.      Сатыбалдинова Зауре

Бексултановна

"А.Розыбакиев атындағы орта мектеп" коммуналдыық мемлекеттік мекемесі Алматы облысы
5.      Кармысова

Рыс Окметкановна

Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия Шығыс-Қазақстан облысы
6.      Жусипбекова

Жанара Дуйсенхановна

Жамбыл атындағы 5 мектеп –гимназия Жамбыл облысы
7.      Шоханова Данара Муратовна "Ақсай қаласының #6 мектеп-лицейі" КММ Батыс-Қазақстан облысы
8.      Байзильдина Сауле Сушыновна "NURORDA" мектеп-лицейі Нұр-Сұлтан қаласы
9.      Нуриева Канымкуль Акимхановна Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы Алматы облысы
10.   Игенбек

Назира Акпаркызы

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі "№1 жалпы білім беретін мектеп -гимназиясы Жамбыл облысы
11.   Мәуітхан

Ләззат Мәуітханқызы

Өскемен қаласы әкімдігінің Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі Шығыс-Қазақстан облысы
12.   Чегибаева

Газиза Кайсиновна

Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі Шығыс-Қазақстан облысы
13.   Айдарбекова Сауле Рысбаевна «Дарын» Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат Жамбыл облысы
14.   Ляшенко

Ирина Александровна

Мектеп-гимназия, Талдықорған қаласы Алматы облысы
15.   Кожахметова

Асемгуль

Сериковна

Новоишим қазақ ОМ Солтүстік-Қазақстан облысы
16.   Адилбаева

Азиза

Каражановна

№266 МЛ Қызылорда облысы
17.   Кенжеханова

Мейрамгуль

Сериктаевна

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Нұр-Сұлтан қаласы
18.   Нурханова

Ляззат

Суиеубаевна

"Береке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" мкм Алматы облысы
19.   Бегимбаева

Асия

Умирзаковна

№79 Мектеп-лицей Нұр-Сұлтан қаласы
20.   Давлетбаев

Нурлан

Джексембекович

«Дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат Жамбыл
21.   Байтемір

Ділбар

Боранбайқызы

№38 мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекеме Нұр-Сұлтан қаласы
22.   Жапенов

Марат

Балахметович

«ЛОРД» облыстық даранды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат Солтүстік-Қазақстан облысы
23.   Луговская

Татьяна

Александровна

№11 «IT мектеп-лицейі» Щучинск қаласы,Бурабай ауданы Ақмола облысы
24.   Абдулина

Гузель

Кинигалеевна

Орталық, Екібастұз қаласы Павлодар облысы
25.   Абилова

Сауле

Башировна

№111 балабақша Павлодар облысы
26.   Лобанова

Анна

Сергеевна

Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей Павлодар облысы
27.   Нургалиева

Замзамгуль

Кабдылжалеловна

"28 жалпы орта білім беру мектебі" ММ Павлодар облысы
28.   Ахаева

Наталья

Васильевна

Дарынды балаларға арналған валеологияляқ мамандандырылған мектеп-кешені Шығыс-Қазақстан облысы
29.   Изтурганова

Майра

Аманжановна

“Шетпе гимназиясы” ММ Маңғыстау облысы
30.   Адильбаев

Жасулан

Шынгысович

№42 ОМ Нұр-Сұлтан қаласы
31.   Нурлыбекова

Райхан

Байтилеуовна

№82 "Дарын" мамандандырылған лицейі Нұр-Сұлтан қаласы
32.   Темурбаева Сафура

Салимбаевна

М.Мақатаев атындағы 140 гимназия КММ Алматы қаласы

 

 

ІІІ дәрежелі дипломдар

Толық аты-жөні Жұмыс орны Облысы

 

1. Ауданбаева

Қамар

Тұмашқызы

"Бейнеу лицейі" КММ Маңғыстау облысы
2. Смагулова Гульжазира

Гинятовна

Рудный қаласы әкімдігінің "№19 орта мектебі" КММ Қостанай облысы
3. Омарова

Адеми

Кажибаевна

"Қобда қазақ орта мектебі"мм Ақтөбе облысы
4. Оразбекқызы Гүлжанат

Оразбек

"N:7мектеп-лицейі" ММ Маңғыста у облысы
5. Елемесова

Нургуль

Мухтарбековна

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия ШығысҚазақстан облысы
6. Оразбаева

Альбина Баглановна

"Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шаңын орталығымен" МКМ Алматы облысы
7. Балабекова

Клара Тилабековна

Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия Солтүстік Қазақстан облысы
8. Дүйсебай

Айнұр Бегманқызы

Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы
9. Касымханова Гулнур Женисовна Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "88 мектеп-лицей" КММ Нұр-Сұлтан қаласы
10. Бекмадиева Айша Айтжановна "№72 мектеп-лицей" КММ Нұр-Сұлтан қаласы
11. Нурпеисова Баглан Баймуратовна Шәкәрім атындағы үш тілде оқитын көпбейінді гимназия Шығыс-Қазақстан облысы
12. Кадирова

Шолпан Кадыхановна

Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты Түркістан облысы
13. Тәжібаева Айгүл Әбдісұлтанқызы № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі Қызылорда облысы
14. Хожа-Ахмедов Асылбек Асенбекович Жамбыл атындағы 5 мектеп гимназия Жамбыл облысы
15. Макурина

Елена Валентиновна

№ 2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат Нұр-Сұлтан
16. Исаева

Меруерт Сейдуллақызы

"№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицей" КММ Шиелі ауданы Қызылорда облысы
17. Бугенбаева

Аида Куанышбаевна

Абылай хан атындағы мектеп-лицей

Сарысу ауданы

Жамбыл облысы
18. Губанова Светлана Викторовна № 1" Саумалкөл ОМ Солтүстік Қазақстан облысы
19. Кулымов

Кайсар Жазыкбаевич

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық мектеп-интернаты Ақтөбе облысы
20. Жолмағанбет

Ақерке Әділханқызы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық мектеп-интернаты Ақтөбе облысы
21. Есенбаева

Жанар

Байузаковна

Шәкәрім атандғы үш тілді оқытытын көпбейінді гимназия Шығыс-Қазақстан облысы
22. Калмаханова

Айгуль

Базарбаевна

«Баймырза Бесбаев атындағы мектеп- гимназия» Жамбыл
23. Кокухина

Валентина

Викторовна

Қарасу ауданының «Степная негізгі отра мектебі» Қостанай облысы
24. Григорьева

Наталья

Валерьевна

№34 жалпы білім беретін орта мектеп Павлодар облысы
25. Баенова

Даметкен

Баеновна

Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты Батыс-Қазақстан облысы
26. Карабалина

Гулжанат

Бурабаевна

Жансен Кереев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Ақтөбе облысы
27. Харченко

Татьяна

Викторовна

№8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде білім беретін мамандандырылған гимназия Шымкент қаласы
28. Дериганова

Светлана

Михайловна

 №27 гимназия Алматы қаласы
29. Кенжебаева

Ғалия

Тлеухановна

Ш. Уәлиханов атындағы № 3 МЛ Шығыс-Қащзақстан облысы
30. Кадырбаева

Гулжахан

Раиимовна

Павлодар қаласының "Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы" ММ Павлодар облысы
31. Төребаева

Гүлжайна

Жеңісқызы

Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру орта мектебі Маңғыстау облысы
32. Жаманкулова

Акбөпе Жаманкулқызы

Шымкент қаласындағы "химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалы Түркістан
33. Свищева

Лариса Владимировна

А.Пушкин атындағы №7 ОМ Жамбыл
34. Траисова

Эльмара Аскаровна

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия Батыс-Қазақстан облысы
35. Абдраимова

Маржан

Турисбековна

"1жалпы білім беру орта мектебі" КММ Маңғыстау облысы
36. Цугланова

Юлия Борисовна

«Текелі қаласының білім бөлімі» ММ «№3 балабақшасы» МКҚК Алматы облысы
37. Кулдаева

Шолпан Жакслыковна

№30 МГ Нұр-Сұлтан қаласы
38. Мустафин

Бауржан Жумабаевич

№1 Мәртөк жалпы білім беретін ОМ Ақтөбе облысы
39. Батенова

Меруерт Тұрсыновна

Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп Павлодар облысы
40. Шайхсламова

Сауле

Курманбековна

Н.Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия Қызылорда облысы
41. Климова

Евгения Андреевна

Т.Айбергенов атындғы №16 ОМ Нұр-Сұлтан қаласы
42. Касымов

Берикжан Сырымович

№87 мектеп - гимназия Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

Номинациялар бойынша грамоталар

 

Толық аты-жөні Жұмыс орны Облысы
1.      Абилова

Алима

Ораловна

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 66 мектеп-лицей" ШЖҚ Нұр-Сұлтан қаласы
2.      Каскаева

Ляззат

Байсеркеевна

Жақсы №1 орта мектебі Ақмола облысы
3.      Ибрагимова Гульмира

Паттеевна

І.Қабылов атындағы №12 ІТ-мектеп-лицей Қызылорда облысы
4.      Таскинбаева Карлыгаш

Ураловна

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шымкент қаласы
5.      Саденова

Гульнар

Шоптибаевна

№1 Краснояр ОМ Ақмола облысы
6.      Нурмагамбетова Кания

Смагуловна

Мұнайлы ауданы 2 жалпы білім беру орта мектебі Маңғыстау облысы
7.      Копбаева

Жанар

Ордабековна

№173 мектеп-лицей КММ Алматы қаласы
8.      Есиркепова

Ляззат

Абжапбаровна

Сақтапберген Әлжіков атындағы 144 орта мектебі Қызылорд а облысы
9.      Асембаева

Зульфия

Кабыловна

"№26 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы
10.    Жоланов

Батырхан

Есболатович

№ 221 негізгі орта мектебі Қызылорда облысы
11.   Максименко

Ольга Сергеевна

Мектеп-лицей, Лисаковск қаласы Қостанай облысы
12.   Сулекешова

Фатима Жумагазиевна

КГУ "Школа-лицей № 38" Нұр-Сұлтан қаласы
13.   Тюлегенов

Серик Балыкбаевич

"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" Павлодар облысы
14.   Бектегенова

Гулнар Амангелдиевна

№36 М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі Түркістан облысы
15.   Ахметова

Раукен Султановна

№79 мектеп-лицей Нұр-Сұлтан қаласы
16.   Жунисова

Молдир Есеналиевна

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шымкент қаласы
17.   Булекова

Жанат Барахатовна

№2 Мәртөк мектеп-гимназиясы Ақтөбе облысы
18.   Амиргалиева Базаргул Орынбаевна Каратөбе мектеп- гимназиясы Батыс-Қазақстан облысы
19.   Мига

Татьяна Владимировна

«ЛОРД» дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат Северпо-Казахстанская область
20.   Субачева

Инесса Сергеевна

№2 Саумалкөл ОМ Северпо-Казахстанская область
21.   Бектасова

Назира Турғанбаевна

Ғабиден Мұстафин атындағы №191 ЖББМ КММ Алматы қаласы Бостандық ауданы Алматы қаласы
22.   Елюбаев Канат Амангельдыевич Жезкент ауылы мектеп-лицейі Шығыс-Қазақстан облысы
23.   Галымова

Жадыра Мелисхановна

Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы" КММ Шығыс-Қазақстан облысы
24.   Cамуратова

Акжан Усеновна

Майшай Әбенова атындағы жалпы орта мектеп Түркістан облысы
25.   Рахимтаев

Ержан   Бахтыбаевич

Ш.Айманов атындағы жалпы білім беру мектеп-интернаты КММ Павлодар облысы
26.   Сапанова

Бакытгуль Даулетовна

Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы" КММ Атырау облысы
27.   Сатылганова Наталья Борисовна №27" гимназия Алматы қаласы
28.   Шеина

Вера Николаевна

№ 132 гимназия Алматы қаласы
29.   Бекпау

Асем Камелкановна

№35 МЛ Нур -Султан
30.   Асеева

Янина Александровна

Тараз қаласы, №24 гимназия Жамбыл облысы
31.   Хусаинова

Роза

Амирбековна

Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы облысы
32.   Темерболатова

Ботагоз

Мукановна

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің білім бөлімі" КММ "Қаратал орта мектебі" КММ Северпо-Казахстанская область
33.   Жакупова

Умутай

Акимбаевна

Қазақ мектеп-гимназиясы Северпо-Казахстанская область
34.   Спиридониди

Ольга Николаевна

Сандақтау ауданы, №1 Балқаш ОМ Ақмола облысы
35.   Костюченко

Наталья

Петровна

№4 ОМ,  Лисаковск қаласы Қостанай облысы
36.   Жубаева

Анар Онайевна

Үш тілде оқытатын 21 орта мектеп гимназиясы Ақтөбе облысы
37.   Баязитова

Айсулу

Амангельдиновна

№2 Новоишим ОМ Северпо-Казахстанская область
38.   Есімбекова

Жұпар

Серікболқызы

Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия Шығыс-Қазақстан облысы
39.   Смагулова

Айнур

Нурабаевна

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі Шымкент қаласы
40.   Альмуратова

Алима

Баймурзаевна

"Құрық ауылының № 11 орта мектебі" КММ Маңғыстау облысы
41.   Абрамова

Галина

Петровна

Мектеп-лицей, Сарыкөл ауданы Қостанай облысы
42.   Туктибаева

Гулшехра

Ахбердиевна

№46 Абай атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы
43.   Нурмухамбетова

Гульнар

Калеловна

Саумалкөл қазақ ОМ Северпо-Казахстанская область
44.   Колесникова

Ирина

Евгеньевна

Мектеп-лицей, Сарыкөл ауданы Қостанай облысы
45.   Тулепбергенова

Айнагуль

Камбаровна

№5 Мектеп-гимназия Алматы қаласы
46.   Құрман

Айжан

Амангелдіқызы

Ғали Орманов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі КММ Алматы облысы
47.   Даниярова

Ботагоз

Сатбековна

Бұланды ауданы әкімдігінің "Макинск қаласының "Балдырған" мектеп- балабақшасы" Ақмола облысы
48.   Егеуова

Гулшат

Джумагалиевна

“Арай бөбекжай-бақшасы” Маңғыстау облысы
49.   Суюндикова

Гульмира

Турегалиевна

№6 Хромтау гимназиясы ККМ Ақтөбе облысы
50.   Ахметова

Елена

Анатольевна

Ә.Бөкейханов атындағы ОМ Жамбыл
51.   Даулетбаева

Гулзира

Даулетбайқызы

№ 54 мектеп-лицейі Нұр-Сұлтан қаласы
52.   Иглина

Людмила

Викторовна

№38 жалпы білім беретін мектеп-лицей, Семей қаласы Шығыс-Қазақстан облысы
53.   Галимжанова

Балгсулеуль

Бейсенбаевна

"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сапар Ерғалиев атындағы орта мектебі" КММ Қостанай облысы
54.   Шишина

Татьяна

Васильевна

Жас техниктер станциясы, Өскемен қ. Шығыс-Қазақстан облысы
55.   Джакупова

Шолпан Маратовна

Аманкелді ЖББ «мектеп-балабақшасы» Батыс-Қазақстан облысы
56.   Базарбайұлы

Ернұр Базарбай

"Қаратөбе мектеп-гимназиясы"КММ Батыс-Қазақстан облысы
57.   Туралина

Лаура Алимкуловна

Шалқар қаласы "№1 мектеп-гимназиясы"КММ Ақтөбе облысы
58.   Маметжан

Зухра

Махметжанқызы

№70 мектеп-лицейі Нұр-Сұлтан қаласы
59.   Сулейменова

Айсулу Арыстановна

НЗМ, Орал қаласы Батыс-Қазақстан

 

«Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім және ғылым жүйесін дамытудың тұжырымдамалық негіздері» халықаралық форумы аясында «Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр (аттас ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберіндегі зерттеу нәтижелері).

Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, еліміздің және шетелдердің ғылым мен білім беруді дамыту мәселелерімен айналысатын ғалымдар, еліміздің және шетелдің зерттеу университеттері мен орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, педагог-практиктер, білім беру орталықтарының мамандары мен әдіскерлері, қосымша білім беру педагогтері, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілері шақырылады.

Конференция келесі тақырыптық секциялар бойынша өткізіледі:

1-секция – Мектепке дейінгі білім беру («Балаларды ерте дамыту институты»)

2-секция-орта білім беруді жаңғырту («Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА»)

3-секция-оқыту және тәрбиелеу сапасын мониторингтеу моделі (әдістеме, іске асыру) («Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА»)

4-секция – Дарындылықты дамыту («Дарын»)

5-секция – Орта мектепті профильдеудің жаңа моделі («Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА»)

Конференцияны өткізу тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері.

Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.

Конференция материалдарының жинағы «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негізі» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен тегін жарияланады.

Конференция материалдарының жинағы 2023 жылдың қараша айында шығарылады, мақалалар 2023 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады.

Конференция 2023 жылғы 07 қазанда Астана қаласы Д. Қонаев ат. № 66 мектеп-лицей базасында өтеді (№№1-4 секциялар), 2023 жылғы 10 қазанда – Өскемен қаласының Бейіндік мектеп базасында (№5 секция).

МАҚАЛАЛАР ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС РӘСІМДЕЛУІ КЕРЕК!

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар (А қосымшасы):

Мақаланың атауы: бет ортасында, қою түсті, бас әріптермен.

Автор (лар) туралы мәліметтер: ТАӘ – беттің ортасында мақала атауынан 1 бос орын, бірінші бас әріп, қалғаны кіші әріптермен, қою түсті. Келесі жолда аты-жөнінен кейін ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, жұмыс орны, қаласы, елі көрсетіледі.

Аңдатпа: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде,  45-50 сөз немесе 3-4 сөйлем, шрифт – 12, курсив арқылы

Мақала мәтіні: аннотациядан кейін 1 бос орыннан кейін; MS Word мәтіндік редакторы, Times New Roman, Times New Roman KZ шрифті, жоларалық интервал – 1, шрифт – 14; беттің ені бойынша туралау, барлық жағы – 2 см, жаңа жолдық ығысу 1,25 см. Мақала көлемі – 5-тен 15 бетке дейін. Мәтінде қолданылған дереккөздерге сілтемелер болуы керек, төртбұрышты жақшада.

Жіберілетін материалдың файл атауы: бірінші автордың тегі мен секция нөмірін көрсету қажет. Мысалы: Ахметов_1-мақала, Ахметов_1-өтінім (Б қосымшасы).

Конференция материалдары (мақала, өтінім) nao_psf@gmail.com электрондық мекенжайға жіберілуі керек.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +77019131056 (Аяулым).

Конференция соңында барлық қатысушыларға материалдар жинағының электронды нұсқасы, сертификаттар электронды түрде жіберіледі.

А қосымшасы

Өтінім

Аты-жөні 
Ғылыми дәрежесі мен атағы 
Жұмыс орны 
Тақырып 
Секция атауы 
Электронды поштасы 
Байланыс телефоны 

Б қосымшасы

Мақаланы рәсімдеу мысалы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жакиянова Ж.Г.

PhD, қауымдастырылған профессор, Ы.Алтынсарин ат. ҰБА,

Астана, Қазақстан

Андатпа:

Аннотация:

Abstract:

Баяндаманың негізгі мәтіні.

Пайдаланылған дереккөздердің тізімі:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы//  https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

2. Наурызбай Ж.Ж. и др. Психолого-педагогические основы духовно-нравственного развития личности в этнокультурном пространстве/ под ред. Ж.О.Жилбаева. – Астана: Фолиант, 2014. – 252 с.

Шығармашыл оқушылар арасындағы X республикалық «Ақберен» өнер байқауы жөнінде АҚПАРАТ

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында 8-11(12) сынып оқушыларына арналған         X «Ақберен» республикалық өнер байқауының (бұдан әрі - Байқау) қорытынды кезеңі  өтеді.

Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша:

I кезең – аудандық (қалалық), білім бөлімдері;

II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен өткізіледі.

Республикалық, III (қорытынды) кезең ағымдағы жылдың 9-12 қарашасында Ақтау қаласында өтеді.

Байқау Ережеге сәйкес 6 номинация бойынша өткізіледі:  Шешендік, білгірлік сайысы; көркемсөз оқу; эссе жазу; ұлттық аспапта өнер көрсету; ақындар айтысы; ақындар мүшәйрасы.

Байқаудың ережесі, өткізу бағдарламасы, хаттама формасы мен сұраныс үлгісі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Сұранысты 27  қазанға  дейін info@daryn.kz   эл. почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Қатысушылардың байқауға  келу күні – а.ж. 9 қарашасы сағат 18.00-ге дейін, ал кері қайту күні – а.ж. 11 қарашасы күні  сағат 17.00-ден кейін.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен және «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен және номинациялық дипломдарымен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті

Астана қаласында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Дарындылар додасына еліміздің барлық өңірлерінен 130 өнерпаз қатысып, 6 номинция бойынша өзара мықтыны анықтады.

 

Ауқымды шараның жеңімпазары мен жүлдегерлерін құттықтаған ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова жас жеткіншектердің бойында ұлтымыздың мәдениеті мен тарихы, ана тілімізге деген құрметті  ұялатуда «Ақберен» сияқты байқаулардың маңызы зор екендігін атап өтті.

 

– Еліміздің әлеуеті сіздер сияқты өнерлі, дарынды жастардың қолында. Тек жақсы білім мен тәрбие алып қана қоймай, осындай биік белестерді бағындыра беріңіздер. Сіздерді жан-жақты қолдап, шығармашылықтарыңызға шабыт беріп жүрген ұстаздарыңызға, өңірдегі “Дарын” орталықтарына алғыс айтамын, – деді. 

 

Байқаудың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 12 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 6 оқушыға арнайы номинациялық диплом, 14 оқушы арнайы грамота табысталды.

  • Жеңімпаздар:
  • «Шешендік, білгірлік сайысы» – Еңілік Тілеухан, Ақмола облысы;
  • «Көркем сөз оқу» – Райхан Асхатқызы, ШҚО;
  • «Эссе жазу» – Нұрғиса Әбдіқалық, Шымкент қ.;
  • «Ұлттық аспапта өнер көрсету» – Бақдәулет Жанабек, Жамбыл облысы;
  • «Ақындар айтысы» – Айсұлу Жүнісбек, Жамбыл облысы,
  • «Ақындар мүшәйрасы»  – Мәди Айтқұлов, Ақтөбе облысы.

Командалық есепте 3 орынды Ақмола, Павлодар облыстарының командасы, 2 орынды Жамбыл облысы, ал 1 орынды Астана қаласы жеңіп алды. 

Құттықтаймыз!

Фото/видеоматериалдар "АҚБЕРЕН-2022" 

28-30 қараша аралығында Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтеді.

«Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең өнерлі, дарынды оқушыларының басын қосатын бірегей жоба. Оның негізгі авторлары – белгілі театр сыншысы, өнертанушы Әшірбек Сығай, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс ақыны Аманжол Әлтай.

Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық білім беру ұйымдарынан 130 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайтын болады.

Байқау 6 номинациядан тұрады:
1.«Шешендік, білгірлік сайысы»;
2.«Көркем сөз оқу»;
3.«Эссе жазу»;
4.«Ұлттық аспапта өнер көрсету»;
5.«Ақындар айтысы»;
6.«Ақындар мүшәйрасы».

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен және номинациялық дипломдарымен марапатталады.

Жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес шығармашыл оқушылар арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауын (бұдан-әрі Байқау) ағымдағы жылдың 28 - 30 қараша аралығында Астана қаласында өткізіледі.

Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша:

I кезең – аудандық (қалалық) білім бөлімдері;

II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен өткізіледі;

III кезең – республикалық, қорытынды - «Дарын» РҒПО.

Байқау 6 номинация бойынша өткізіледі:

    1. Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
    2. Көркем сөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);
    3. Эссе жазу;
    4. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
    5. Ақындар айтысы;
    6. Ақындар мүшәйрасы.

Байқаудың ережесі, хаттама формасы мен сұраныс түрі «Дарын» РҒПО-ның сайтында www.daryn.kz орналасқан. Бағдарламасы қосымша жіберіледі.

Байқауға облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 6 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) және оның жауапты жетекшісі қатысады. Сұранысты info@daryn.kz эл.почтасына 15 қарашаға дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Қатысушылардың келуі күні ағымдағы жылдың 28 қараша 14.00 - ден бастап, кері қайту күні 30 қараша 12.00 дейін. Қатысушылар мен жетекшілердің екі жаққа жол шығыны, тамағы, жатын орны, жіберуші жақ есебінен. Қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік жетекшілерге жүктеледі . Оқушыларға үш мезгілі тамақтануы мен жататын орны бір тәулігіне – 16000 тг, жетекшілерге – 18 000 тг немесе оқушыларға тек таңғы аспен тамақтануы мен жататын орны бір тәулігіне – 10000 тг, жетекшілерге – 12000 тг.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б.Момышұлы к-сі, 5)

Жататын орынның мекен-жайы: Аlanda Hotel қонақ үйі, Тәуелсіздік данғылы 33. тел (7172) 72-93-40.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 29-31 қазан айында Ақтөбе қаласында «Шығармашылық академия» базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып «Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІІ республикалық өнер байқауын» (бұдан - әрі Байқау) өткізді.

Байқаудың бірінші күні Ақтөбенің қонақжай халқы әр өңірден келген қатысушыларды ыстық лебіздерімен қарсы алып, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатына орналастырды.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қатысушылар мен жетекшілерге Ақтөбе қаласының көрікті жерлеріне, мұражайларына саяхат және қатысушыларға релакс-тренинг, ал жетекшілерге «Қосымша білім беру саласындағы түрлі формалар мен әдістер арқылы дарынды балалардың шығармашылық және эстетикалық потенциалын дамыту, жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Байқаудың екінші күні қатысушылар мен жетекшілер, қонақтар ашылу салтанатына дейін «Шығармашылық академиясының» көрмесін тамашалады. Байқау 6 номинация («Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркем сөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы», «Ақындар мүшәйрасы») бойынша өтті. Байқаудың 4 номинациясы шығармашылық академияның акт залында қатысушылар мен жетекшілердің тамашалауымен өткізілді және ашықтықты айқындау мақсатында барлық номинация бойынша YouTube-та тікелей эфирде трансляция жүргізілді.

Байқаудың қорытынды республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 8-11 сынып оқушылары арасында 94 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен 36 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Команда бойынша 1 орынды - Ақтөбе облысы, 2 орынды – Қарағанды облысы қанжығасына байласа, 3 орынды – Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай  облыстары және Алматы қаласы, Абай атындағы РММИ  иеленді. Барлық қатысушылар мен жетекшілерге байқауға қатысқанын растайтын сертификаттар тапсырылды.

Байқаудың қорытындысы және қатысушылардың эссе жұмыстары www.daryn.kz сайтында орналасқан.

 

 

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Ақтөбе қаласы, 2021 жылғы 29-31 қазан

 

Қатысушының Тегі, Аты Облысы, қаласы, ауданы, тұрғылықты мекен-жайы Мектебі Номинациясы Сыныбы Орны
І дәрежелі дипломдар:
1 Нұраддин Арай Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы,  №66 орта мектебі Ақындар айтысы 8 1
2 Маруаұлы Александр Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы №4 орта  мектебі Ақындар мүшәйрасы 11 1
3 Серікжан Ақбота Қарағанды облысы

Бұқар жырау ауданы

Бұқар жырау ауданы
Ростовка тірек мектебі
Шешендік, білгірлік сайысы 11 1
4 Сисенбай Нұрай Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебі Көркемсөз оқу 10 1
5 Ли Марк Қостанай облысы Рудный қаласы Б.Майлин ат. № 7 мектеп-гимназиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 1
6 Тиллекалиева Акжаркын Батыс Қазақстан обл. Орал қаласы Ә.Молдагұлова атындағы № 38 мектеп-лицейі Эссе жазу 11 1
ІІ дәрежелі дипломдар:
7 Темір Нұрдана Батыс Қазақстан обл. Орал қаласы ДБА С.Сейфуллин ат.11 ОММИ Ақындар айтысы 11 2
8 Болатхан Данияр РББҰ Абай атындағы РММИ Ақындар айтысы 9 2
9 Серікқызы Ақгүл Шығыс Қазақстан обл.

Абай ауданы

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты Ақындар мүшәйрасы 11 2
10 Имантай Мағзум Павлодар облысы Павлодар қ. Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты Ақындар мүшәйрасы 11 2
11 Қабдырашова Марал Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ЖББМ Шешендік, білгірлік сайысы 10 2
12 Қожмуханов Рамазан РББҰ Абай атындағы РММИ Шешендік, білгірлік сайысы 9 2
13 Мамарбек Сымбат Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы
Ростовка тірек мектебі
Көркемсөз оқу 11 2
14 Абетей Фатима Алматы қаласы №36 Г Көркемсөз оқу 9 2
15 Қанатбек Алмат Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 2
16 Қуат Аружан Алматы қаласы №176 МГ Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 2
17 Асқар Асылай Атырау облысы

Атырау қаласы

Атырау қаласы №35 Х. Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясы Эссе жазу 11 2
18 Курбанбай Зейнеп Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №74 жалпы орта мектебі Эссе жазу 11 2
ІІІ дәрежелі дипломдар:
19 Сейтімхан Кәусар Ақмола облысы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы Ақындар айтысы 8 3
20 Ержігіт Дильназ Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі ауданы, №206 орта мектеп Ақындар айтысы 10 3
21 Аушанов Ерсұлтан Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауданы Сам жалпы білім беретін мектеп Ақындар айтысы 10 3
22 Қуандық Илияс Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Диқан тірек мектебі Ақындар мүшәйрасы 10 3
23 Арғынбаева Ұлпан Нұр -Сұлтан қаласы №87 мектеп - гимназиясы Ақындар мүшәйрасы 9 3
24 Аманғазы Ақнұр Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық мектеп- интернаты Шешендік, білгірлік сайысы 11 3
25 Уәлихан  Арайлым Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі Шешендік, білгірлік сайысы 10 3
26 Болатбеков Бағжан Алматы қаласы №104 ЖББМ Шешендік, білгірлік сайысы 11 3
27 Алланиязова Зарина Нұр -Сұлтан қаласы №80 мектеп -гимназиясы Шешендік, білгірлік сайысы 11 3
28 Жарқын Амантай Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қаласы Өскемен қаласы "Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" Көркемсөз оқу 10 3
29 Әбілдаева Мадина Қызылорда облысы

Арал ауданы

Арал ауданы, №83 орта мектеп Көркемсөз оқу 10 3
30 Түйебай  Көркем Маңғыстау облысы Ақтау қаласы  Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Көркемсөз оқу 11 3
31 Кабиденов Дидар Ақмола облысы Степногорск қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 3
32 Бақбергенов  Бекарыс Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы  55 орта мектеп -гимназиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 3
33 Жолдыбай Ерзат Шымкент қаласы М.Жұмабаев атындағы№39 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 3
34 Туркестан Малика Шығыс Қазақстан обл.  Жарма ауданы Б. Тұрсынов атындағы орта мектеп Эссе жазу 9 3
35 Абдильдина Нұрбибі Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданы

Ақтоғай ауданы
Н. Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Эссе жазу 11 3
36 Әбдібек Нұрай РББҰ Абай атындағы РММИ Эссе жазу 11 3
Грамоталар тізімі
37 Кайдаров Бексултан Павлодар облысы

Екібастұз қаласы

Екібастұз қаласы №22 мектеп-гимназиясы Ақындар айтысы 11 гр
38 Сәуірхан Сұлтан Түркістан облысы Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназия Ақындар айтысы 10 гр
39 Ширмеден Ақбота Атырау облысы

Сырым ауданы

Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені Ақындар мүшәйрасы 10 гр
40 Жолдасбай Жанерке Маңғыстау облысы Ақтау қаласы  Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Ақындар мүшәйрасы 10 гр
41 Байсейіт Арай Жамбыл облысы

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы Айша Бибі орта мектебі Көркемсөз оқу 9 гр
42 Мейримханова Арайлым Қостанай облысы Рудный қаласы № 19 ЖББМ Көркемсөз оқу 9 гр
43 Тамбай Арайлым Атырау облысы

Атырау қаласы

Атырау қаласы Н. Тілендиев атындағы Кіші  өнер академиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 гр
44 Бекназарұлы Зейінбек Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Байзақ ауданы №1 мектеп гимназиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 гр
45 Ескалиева Дильназ Батыс Қазақстан обл.

Орал қаласы

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллина атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты Ұлттық аспапта өнер көрсету 10 гр
46 Серкетай Нұрдаулет Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі Ұлттық аспапта өнер көрсету 10 гр
47 Абдрахман Диана Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы Эссе жазу 10 гр
48 Тұрархан Толғанай Павлодар облысы

Павлодар қаласы

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы Эссе жазу 10 гр

 

 

 

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының өңірлер бойынша салыстырмалы көрсеткіш рейтингісі

 

Рейтинг номері Аймақтардың атауы Жалпы орын саны  І орын ІІ орын ІІІ орын Жалпы ұпай саны
1 Ақтөбе облысы 4 2 2 8
2 Қарағанды облысы 3 1 1 1 6
3 Атырау облысы 2 1 1 5
3 Қостанай облысы 2 1 1 5
3 Батыс Қазақстан облысы 2 1 1 5
3 Алматы қаласы 3 2 1 5
3 Абай атындағы РММИ 3 2 1 5
4 Шығыс Қазақстан облысы 3 1 2 4
4 Қызылорда облысы 3 1 2 4
5 Маңғыстау облысы 3 3 3
6 Павлодар облысы 1 1 2
6 Түркістан облысы 1 1 2
6 Ақмола облысы 2 2 2
6 Нұр-Сұлтан қаласы 2 2 2
7 Жамбыл облысы 1 1 1
7 Шымкент қаласы 1 1 1
БАРЛЫҒЫ 36 6 12 18  
І орын * 3 + ІІ орын * 2 + ІІІ орын * 1 = жалпы ұпай саны

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29-31 қазан күндері аралығында офлайн форматта шығармашыл оқушылар арасындағы VІІІ республикалық «Ақберен» өнер байқауын өткізеді (Бұдан әрі - Байқау).

Байқаудың мақсаты: 8-11 сынып оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б. қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша өткізіледі:

І кезең – аудандық (қалалық) білім басқармаларымен;

ІІ кезең – аймақтық Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстық білім басқармаларымен, республикалық білім беру ұйымдарымен, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» ДББҰ ұйымдастыруымен;

ІІІ кезең – республикалық, қорытынды – Ақтөбе қаласының «Шығармашылық Академия» базасында (мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Батыс-2 мөлтек ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 4) өткізеді.

Байқаудың ең үздік жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық білім беру ұйымдарынан 8-11 сынып оқушылары арасында 108 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайды.

Байқаудың республикалық кезеңі 6 номинация бойынша өтеді:

  1. «Шешендік, білгірлік сайысы» - қазақ тарихы, мәдениеті фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу;
  2. «Көркем сөз оқу» – поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді;
  3. «Эссе жазу»;
  4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» – домбыра , қобыз, жетіген және т.б.;
  5. «Ақындар айтысы»;
  6. «Ақындар мүшәйрасы».

Байқаудың Ережесі www.daryn.kz сайтында көрсетілген.

Байқаудың қазылар алқасы құрамы еліміздің жоғары оқу орындарының ең үздік ғалымдары, ақын, жазушыларынан тұрады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Байқаудың ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 30 қазан,  байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 31 қазан күні өткізіледі. Толық ақпарат бағдарламада көрсетілген.

Қатысушылардың келуі күні ағымдағы жылдың 29 қазан, қайту уақыты 31 қазан күндері. Қатысушылардың жатын орны, тамақтануы, жол шығыны жіберуші тараптың есебінен.

Форма 1                                    

Сұраныс

 

Оқушының

аты-жөні

Номинациясы Мектебі Сыныбы Облысы, қаласы,

ауданы

Дайындаған мұғалімі Жетекшінің

аты-жөні,

ұялы телефоны

 

 

 

 

Форма 2                                    

 

Хаттама

 

Өткізілген орны:

Өткізілу мерзімі                                                     «____» __________

Қазылар алқасының төрағасы  ________________________________________________

Қазылар алқасының мүшелері ___________________________________________________

Қатысушының

аты-жөні

Мектебі Сыныбы I кезең II кезең Ұпай саны Жүлделі орны

Қазылар алқасының ескертулері: ________________________________________________

Қазылар алқасының төрағасы: __________________________________________________

Қазылар алқасының мүшелері:_________________________________________________

Ескерту: Қазылар алқасының қолдары қойылып, аты-жөні, атақтары  толық жазылу керек.

Жетекшілер  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімдері  болуы  тиіс.

 

ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО, Нұр-Сұлтан қ.Мәңгілік Ел көшесі, 8

Байланыс тел.: 57-01-60, 8-747-703-74-07

«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы туралы АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты өзге ұлт өкілдерінің  5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі қарай – Олимпиада) ағымдағы  жылдың 21-22 қыркүйегінде  www.games.daryn.kz платформасында өткізді.

Олимпиадаға республика бойынша 16 856  мектеп оқушылары  қатысты.

Оның ішінде: 10555 оқушы - 5-8 сынып; 6301оқушы - 9-11(12)  сынып.

Ең жоғары ұпай жинаған жалпы қатысушылар санының 45% -ы «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданың сынып бойынша балл аралығы

Сынып I орын

 

2 орын

 

3 орын Максималды балл
5 170-158 157-154 153-146 170
6 170-159 158-154 153-147 170
7 170-160 159-155 154-146 170
8 170-162 161-157 156-148 170
9 170-157 156-151 150-142 170
10 170-143 142-138 137-130 170
11(12) 170-161 160-156 155-148 170

 

I,II,III дәрежелі дипломдарымен марапатталған оқушылар саны

 

Сынып I дәрежелі диплом

 

II дәрежелі

диплом

III дәрежелі

диплом

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны
5 303 377 694 1374
6 259 364 567 1190
7 210 394 597 1201
8 241 407 681 1329
9 306 428 680 1414
10 214 312 556 1082
11(12) 106 141 255 502
5-11(12) 1639 2423 4030 8092

 

Олимпиаданың қорытындысы мен нәтижелері www.daryn.kz сайтында жарияланды.

Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен жүктей алады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-11 (12) сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі қарай – Олимпиада).

Олимпиада мақсаты - қарым-қатынас, зияткерлік және рухани даму құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын, лингвистикалық бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Олимпидаға қазақ мектептерінде оқымайтын, ұлты қазақ емес 5-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпида Ережесі «Дарын»РҒПО ресми сайтында www.daryn.kz. орналасқан.

Қатысушылар www.games.daryn.kz платформасындағы (бұдан әрі - Платформа) жеке кабинетіне кіріп, олимпиадаға қатысуын растауы керек. Жеке кабинеті болмаған жағдайда, қатысушылар ең алдымен Платформада тіркелуі қажет. Платформаға тіркелу және Олимпиадаға қатысуды растау ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде (Астана қ. уақыты бойынша) қолжетімді болады.

Олимпиада қашықтықтан онлайн режимде Платформасында ағымдағы жылдың 21 қыркүйекте 5-8 сынып оқушылары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал 22 қыркүйекте 9-11 (12) сынып оқушылары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін (Астана қ.уақыты бойынша) қатыса алады.

Оқушы жеке кабинетте қатысуын растамаса, Олимпиадаға қатысуға жол берілмейді.

Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломына оқушыны олимпиадаға дайындаған мұғалімінің аты-жөні, тегі қоса жазылады.

Қатысушылар сертификаттар мен дипломдарды Платформадағы жеке кабинеттерінен ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі күні сағат 9:00-ден бастап жүктей алады.

Осы хатқа Олимпиада нұсқаулығы қоса беріледі.

2022 жылғы 28 сәуірде қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық олимпиадасы қашықтықтан өткізілді.

Олимпиадаға 11059 оқушы қатысты. Оның ішінде, 6645 оқушы 5-7 сынып, 4413 оқушы 8-9 сынып оқушылары.

Олимпиаданың Ережесені сәйкес, қатысушы олимпиадашылардың (5-9 сынып аралығындағы) 444-і бірінші орын, 669-ы екінші орын, 1109-ы үшінші орынға ие болды.

 

Ең жоғары ұпай жинаған жалпы қатысушылар санының 45%-ы «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады:

5-7 сынып бойынша:

– 95-101 ұпай – І орын;

– 91-94 ұпай – ІІ орын;

– 84-90 ұпай – ІІІ орын.

 

8-9 сынып бойынша:

– 87-95 ұпай – І орын;

– 83-86 ұпай – ІІ орын;

– 75-82 ұпай – ІІІ орын.

Ескерту: Олимпиада қатысушылары ағымдағы жылдың 23 мамыры күні сағат 18.00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетіне кіріп өзінің ұлтын көрсетіп, мәліметтерді сақтауы қажет. Ал бұл өз кезегінде 25 мамыр күні қатысушылардың сертификаттары мен дипломдары дұрыс мәліметтермен жүктеп алынуы үшін қажет.

Сайтта Олимпиада нәтижелерін жариялау кезінде www.games.daryn.kz қатысушының аты-жөні, баллы және пошта атауының басталуы көрсетіледі (мысалы: B.SH.mad*** - сайтта көрсетілген поштаны еске салу үшін app.oqylyq.kz).

5 сынып/класс

6 сынып/класс

7 сынып/класс

8 сынып/класс

9 сынып/класс

===== WWW.DARYN.KZ =====

2022 жылдың 28 сәуірінде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлт өкілдерінің 5-9 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға оқушылар қашықтықтан қатысып, онлайн форматта app.oqylyq.kz сайтында тапсырмалар орындады.

Қатысушы оқушылардың көптігіне байланысты олимпиаданың қорытындысы 19 мамырда daryn.kz сайтына шығарылады.

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды туры онлайн тәртібінде прокторинг жүйесінде 28 қаңтарда өткізілді.

Дәстүрлі түрде олимпиада 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Олимпиада екі турдан тұрды – қашықтық және қорытынды. Олимпиаданың қашықтық турына 9579 өзге ұлт оқушылары қатысты. Оның ішінде 5-8 сынып аралығында 6751 оқушы, 9-10 сынып аралығында 2828 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытынды турына өзге ұлт өкілдерінен барлығы 145 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 80, 9-10 сыныптан – 65 оқушы, оның ішінде 27 оқушы ауылдық білім беру мекемелерінен.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары екі топқа бөлінді: түркітілдес ұлт оқушыларына және өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар.  Тест тапсырмалары 60 сұрақтан тұрды, қатысушылар лексика-граммматика бойынша 30 тапсырманы және оқу бойынша 30 тапсырманы орындады. Тапсырмаларды орындауға 60 минут уақыт берілді.

І дәрежелі дипломдармен  9 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 16 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен  28 қатысушы марапатталады. Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол 8 ақпанда www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Олимпиаданың жабылу салтанаты YouTube каналында 2021 жылдың 5 ақпанында сағат 15.00-де өтеді.

 

5-8 кл иные этносы

5-8 кл туркояз

9-10 кл иные этносы

9-10 кл туркояз

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының 1 туры онлайн тәртібінде 18 қаңтарда «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында өткізілді.

Олимпиадаға өзге ұлт өкілдерінен барлығы 9579 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 6751, 9-10 сыныптан – 2828 оқушы.

2 тур – қорытынды (республикалық), қашықтық турдың қорытындысы бойынша онлайн тәртібінде а.ж. 28 қаңтарда сағат 15.00-де прокторинг және бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы өтеді. Олимпиаданы ұйымдастыру «Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында өткізіледі.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары:

- түркітілдес ұлт оқушыларына арналған тапсырмалар;

- өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар болып бөлінеді.

Олимпиадалық тапсырмаларға мыналар кіреді:

лексика - грамматика– 30 тапсырма;

оқу – 30 тапсырма.

Турдан өту уақыты – 60 минут.

Тіркелу кезінде көрсетілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеру қажет. Тіркеуден кейін енгізілген мәліметтерді өзгерту мүмкін емес.

Олимпиаданың қорытынды турына қашықтық турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады. Қорытынды турға өткен оқушылардың тізімі «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында жарияланады және өңірлік координаторларға жіберіледі.

Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қорытынды тур бойынша нұсқаулық www.daryn kz сайтында жарияланады.

5-8 сыныптар

9-10 сыныптар

«Абайдың «Толық адам» ілімі және ұлттық құндылық: табысты болашаққа бағдар» атты республикалық оқу-әдістемелік семинардың ақпарат хаты

Абай мектептерінде дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі тұғыр – Абайдың «Толық адам» ілімі. Оқушы бойынан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек сияқты құндылықтар табылуы керек. Ол үшін Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, оқушыларды адамгершілік қаситеттерге баулып қана қоймай, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке үйретіп, адами жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру – міндетіміз. Ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи білімді игерген, көшбасшылық және жаһандық азаматтық ұстанымдарға ие толық адам тәрбиелеу – қазіргі заман талабы.
Осыған орай, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, 2023 жылдың 12-13 қазан аралығында Абай облысы, Абай ауданында Абай мектептерінің желісін кеңейту мақсатында «Абайдың «Толық адам» ілімі және ұлттық құндылық: табысты болашаққа бағдар» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Әдістемелік семинардың мақсаты – Абай мектептерінің желісін кеңейту, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттырып, Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, білім алушыларды ізгілікке баулу, Абай облысының Абай атындағы мамандандырылған білім беру ұйымының іс-тәжірибесін республика көлемінде тарату.
Семинарға облыстық білім басқармаларының өкілдері, Абай желісіне қарасты мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері қатыса алады.
Семинар жұмыстары мемелекеттік тілде жүргізіледі.
Семинарға келу күні – 11 қазан, Семей қаласындағы қонақ үйлерге орналасу (келушілердің есебінен), аяқталуы – 13 қазан (17.00 -ден кейін)
Семинарға қатысу үшін сұраныстар http://tiny.cc/Abai2023 сілтемесі арқылы а. ж. 7 қазан, сағат 17:00-ге дейін қабылданады.
Өтетін орны: Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, С. Бекбосынов көшесі, 44 А.
Республикалық семинарға қатысушыларды Абайдың туған жеріне және тарихи-мәдени орындарына саяхат жасату. Барып-қайту құны бір адамға 6 500 (алты мың бес жүз) теңгені құрайды(келушілердің есебінен).
Семинарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша 87759988569 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Семинарды өткізу жөніндегі ақпарат «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтына берілген.