Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІ халықаралық конкурсы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, жыл сайын дәстүрге айналып отырған отырған  Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша  ХІ Халықаралық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - Конкурс)  2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында өткізеді.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың математикадан білімін дамытуға барынша ықпал жасап, олардың зерттеушілік қызметін ұйымдастыру жүйесі мен құрылымын жетілдіру болып табылады. Конкурсқа жыл сайын Республикамыздың әр өңірінен және алыс-жақын шет мемлекеттердің 150-ден астам талантты оқушылары келіп қатысуда.  Ал биылғы жылы еліміздегі COVID-19 эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталмыш іс-шараны онлайн режимде өткізу жоспарлануда.

Конкурсқа Тәжікістан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Франция, Индонезия және Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғайды.

Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен қатар алтын, күміс және қола медальдарымен   марапатталады.

Конкурстың ашылу рәсімі 1 наурыз күні сағат 10.00-де қатысушылар мен қонақтардың ZOOM – конференциясына қосылуымен және YouTube/Facebook те тікелей хабар тарату арқылы  өткізіледі.

Жабылу рәсімі, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау – 3 наурыз күні сағат 17.00-де  YouTube каналында өткізіледі.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 34а, «Нұр тау» БО

Тел: 8 (7172) 29-51-59

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 26 ақпандағы №61 "Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша жыл сайынғы халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізу туралы" бұйрығын орындау барысында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында қашықтықтан ZOOM платформасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XI халықаралық зерттеу жобалары конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізеді.

Конкурстың негізгі мақсаты - математика және механика саласындағы ғылыми – зерттеу саласына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау. Конкурстың   республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық  жеңімпаз-оқушылары  мен  шетел мектептерінің  ұлттық  ғылыми  жарыстарының  жеңімпаздары (математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секцияларына) қатыса алады.

Команда құрамы 8 оқушыдан тұрады. Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Облыстық Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі республикалық білім беру ұйымдары мен өңірлік ғылыми-практикалық орталықтары, ДБҰ басшылары, білім саласында жетекшілік ететін шетелдік ведомстволары бекіткен қорытынды кезеңге сұранысты Конкурс Ережесі (қосымшаларда көрсетілген нысаналар бойынша) бойынша 2021 жылдың 18 ақпанына дейін ұйымдастыру комитетіне  info@daryn.kz почтасына  жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

Нұр-Сұлтан қаласы,  Республика дан., 34 «а», «Дарын» РҒПО

тел 8(7172) 29-51-59, e-mаil:project@daryn.kz