«ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТЫ

Бүгінгі таңда мектеп өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастыққа қабілетті, ұтқырлықпен, конструктивті, мәдениетаралық өзара әрекеттесуге дайын, заманауи, мобильді, білімді, адамгершілігі жоғары, іскер жас мұғалімдерді күтуде. Балалармен жұмысты тек мұғалім ғана емес, креативті ұйымдастырушы, баланы тәрбиелеп және оқытып қана қоймай, оны тұлға ретінде дамытуға қабілетті шығармашылық дамыған адам жұмыс істеуі керек.

Жас мамандар- еліміздегі білім саласының дамуының басты ресурсы. Еліміздің болашағы мұғалімдердің жаңа буыны мектептерге қандай жаңа идеялар мен құндылықтар енгізуіне байланысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 2-4 қараша аралығында Өскемен қаласында, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  №46 орта мектеп (ул.Көкжал Барақ 8/2) базасында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын (бұдан әрі-Педагогикалық олимпиада).

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.

Педагогикалық олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері ретінде ЖОО-ның, оқытушылары, мектептің алдыңғы қатарлы басшылары мен практик-педагогтері шақырылған.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Қатысушылар үшін «Турист» қонақ үйінде орындар брондалған. Тәулігіне бір адамға тұру және тамақтану 6000 теңге + таңғы ас.

Қонақ үйдің мекен-жайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 9, байланыс телефоны 8705795 54 55.

Олимпиада квотасын сақтай отырып (1 Қосымша), білім басқармасының, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ басшыларымен, республикалық білім беру ұйымдараның директорларымен бекітілген қатысушылар туралы сұранысты (2 Қосымша),  келу-кету күні көрсетілген кестесін а.ж. 20 қазанына дейін төмендегі почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: g.berdenova@daryn.kz.

Олимпиадаға келу күні 2 қараша, басталуы-3 қараша, олимпиаданың аяқталуы – 4 қараша. Қатысушылардың қайтуы сағат 17.00-ден кейін.

Іссапар шығындары (жолы, тамақтануы, тұратын орны) жіберуші жақтың есебінен төленеді.

Педагогикалық олимпиаданың Ережесі мен тапсырмалары «Дарын» РҒПО сайтында www.daryn.kz орналасқан.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефон: 8/7172/57-01-42.

 

 

 

 

 

 

1 қосымша

 

«Дарынды балаларға-талантты ұстаз»

республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысу

квотасы

 

Облыс, қала атауы Қатысушылар саны
1. Ақмола 5
2. Ақтөбе 5
3. Атырау 5
4. Алматы 5
5. Шығыс-Қазақстан 5
6. Батыс-Қазақстан 5
7. Жамбыл 5
8. Қарағанды 5
9. Қызылорда 5
10. Қостанай 5
11. Маңғыстау 5
12. Павлодар 5
13. Солтүстік-Қазақстан 5
14. Түркістан 5
15. Шымкент қ. 5
16. Нұр-Сұлтан қ. 5
17. Алматы қ. 5
18. НЗМ 5
19. РББҰ 5
Барлығы 95

Ескерту: Олимпиада Ережесіне сәйкес әр түрлі бағыттар (пәндер) бойынша  аймақтық кезең 5 жеңімпазы

 

2 қосымша

 

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»

Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысуға

Сұраныс

(Педагогтар, психологтар және тәлімгерлер үшін)

 

Облыс, қала, ауыл Тегі, аты, әкесінің аты Қатысушының категориясы (педагог, психолог, тәлімгер) Жұмыс орнының толық атауы Қызметі Еңбек  өтілі Байланыс телефоны Е-maiI
                 

 

Date

Қар 04 2021
Expired!

Labels

Мұғалімдердің қорытындысы 2020

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-57-01-42