ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 14-15 қазан күндері екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО- ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары, және колледж оқытушылары қатысты. Конференцияға 16 секция бойынша 723 өтінімдер келіп түсті. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Zoom платформасы арқылы өткізілді.
Конференция мақсаты: Энциклопедист ғалым Әл-Фараби шығармашылығын кеңінен насихаттап, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру болып табылады.
Ғылыми конференцияның модераторы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы 14-15 қазан күндері өткен конференцияны жүргізді.
14-қазан күні конференцияның бағдарламасы бойынша пленарлық отырыста ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Боранбай Ақжол Аманжолұлы барлық конференция қатысушыларын құттықтап, ғылыми конференцияның маңыздылығына тоқталды. Сол секілді «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сатылғанов Әзірет екінші ұстаз, энциклопедист ғалымның жас ұрпаққа қалдырған мұраларын өскелең ұрпақ санасында жаңғыртудың аса қажеттілігін атап өтті.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. фарабитанушы-машанитанушы Дүкенбаева Зада Оразғалиқызы «Ақжан әл-Машани фарабитанудың көшбастаушысы» атты баяндама жасаса, Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығы директорының орынбасары, абайтанушы Күзембаев Қайыржан «Әл-Машани және Абай» тақырыбында баяндама жасап, екінші ұстаз Әл-Фарабидің қалдырған еңбектері мен ғалымның ғылым саласына қосқан өлшеусіз еңбектері жайлы тың мәліметтер айтты.
Пленарлық отырыстан соң конференция секциялық бағыттар бойынша жалғасын тапты.
Энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби 70-ке жуық тіл білген философия, логика, этика, метафизика, тілбілімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырдырған “Әлемнің екінші ұстазы” атанған ғұлама ойшыл.
Ұлы ғалымның мұраларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау арқылы ұрпақ санасында ойшыл бабамыздың мұраларын жаңғырта аламыз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз»,- деп Абай атамыз айтқандай ұлы ойшылдың бүгінгі ұрпақтарының да бабамыз секілді әлемдік деңгейде ой қозғап, ғылым мен білімнің сан саласына өзіндік үлес қосатын Әл-Фарабидей бола алатындығына сеніміміз кәміл.
Міне сондықтан да өскелең ұрпақтың ғылыми әлеуетінің артып, шығармашылық қабілетінің дамуына, білімінің шыңдалуына осындай ғылыми-тәжірибелік конференциялардың маңызы зор болмақ.
«Әл-Фараби-әлемдік тұлға»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында дипломдармен марапатталған педагогтер тізімі
Педагогика секциясы
1-дәрежелі диплом
Аштаева Гулжан Махановна – Нұр-Сұлтан қаласы №71 мектеп-лицейінің Бастауыш сынып мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Бұхарбаева Гүлдана Жүсіпбекқызы – Қостанай облысы, Рудный қаласы Рудный қаласы әкімдігінің №1 орта мектебінің мұғалімі.
Қонысова Қансұлу Алдабергенқызы - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы
№76 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
3-дәрежелі диплом
Кожамбердиева Бувинур Низамдиновна – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылы А. Саттаров атындағы орта мектебі директордың оқу әдістемелік жөніндегі орынбасары, ұйғыр тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Тұрысбеков Мұхтар Мажитович, Жолбарысова Мақпал Берикказыевна – ШҚО, Аягөз қаласы «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімдері.
Математика секциясы
1-дәрежелі диплом
Жакупова Гульнара Амангельдиновна – Нұр-Сұлтан қаласы республикалық физика-математика мектебі КеАҚ филиалының математика пәні мұғалімі.
Каппасова Сандугаш Елтаевна – Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің математика пәнінің мұғалімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мұғалімі.
Харесов Таңатар Екпінұлы – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бірлік ауылы С.Н.Имашев атындағы жалпы орта мектебі,математика пəні мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Абитаева Сапаркул Файзуллаевна – Шымкент қаласы А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі.
Оразбек Ұлан Сәлімжанұлы – Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.
3-дәрежелі диплом
Байзахова Гулжайна Рашидовна – Қостанай қаласы М.Хакімжанова атындағы №20 орта мектебінің мұғалімі.
Әдебиеттану секциясы
1-дәрежелі диплом
Бактыбаева Асем Бакзоловна – Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Нугманова Гаухар Нурлыгайновна – Атырау облысы, Құрманғазы ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Бекбусинова Жумажан Разимовна – Атырау облысы Атырау қаласы Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2-дәрежелі диплом
Баймұхамбетова Динара Бақытқызы – Алматы қаласы 24 лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Толеуконыр Жадыра Кунанбаевна – ШҚО, Семей қаласы №15 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі.
3-дәрежелі диплом
Сулейменова Бакыт Уалхановна – Алматы облысы,Іле ауданы, Қосөзен ауылы «№ 14 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Өнертану секциясы
1-дәрежелі диплом
Абаильденова Нұргүл Қуандыққызы – Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Сабырханов Қайырбек Кошерович – Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
3-дәрежелі диплом
Алмурзина Рита Жоламановна, Алмурзина Гульмира Жолдибаевна – БҚО Бөкей Ордасы ауданы Хан Ордасы ауылы Жәңгір хан атындағы ЖОББМ-нің музыка және тарих пәнінің мұғалімдері.
Тарих секциясы
1-дәрежелі диплом
Бактыбаев Ерлан Кабылканович – Нұр-Сұлтан қаласының КММ №79 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі.
Бегманова Шолпан Жолдыбековна – Шымкент қаласы №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Абдикаримович Адилхан Худайбергенов – Жамбыл облысы, Тараз қаласы Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының мұғалімі.
Хайназарова Айгерим - Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, №76 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
Утеулиев Жума Тапенович – Атырау облысы, Атырау қаласы №13 Д.Байсынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі.
3-дәрежелі диплом
Кзылов Даурен Тимурович – Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев интеллектуалдық мектебінің тарих пәні мұғалімі.
Психология секциясы
1-дәрежелі диплом
Аманжолқызы Айдана – Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қостанай қаласы «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №19 орта мектебінің мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Сралиева Венера Амангелдиевна – Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика және психология пәнінің екінші санатты оқытушысы.
3-дәрежелі диплом
Изимова Сания Кадировна – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы Опорный орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Техникалық ғылымдар секциясы
1-дәрежелі диплом
Туманбаева Ардак Бакытбековна – Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы "К.Бозтаев қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Меруерт Абдуллакызы Жанали, Гульнур Жамсаповна Ашенова – Жезқазған қаласы Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімдері
3-дәрежелі диплом
Бектасов Бауржан Аргынгельдинович – Қостанай қаласы Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі
Филология секциясы
1-дәрежелі диплом
Бірманова Қымбат Исланбекқызы - Қостанай облысы, Рудный қаласы Рудный қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №7мектеп-гимназиясы» КММ мектеп директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2-дәрежелі диплом
Кактай Кульназира – Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка қазақ орта мектебінің мұғалімі
Бисенбекова Баян Джамшитовна - Қызылорда қаласы П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектеп орыс тілі пәні мұғалімі
Биологиялық ғылымдар секциясы
1-дәрежелі диплом
Бахтыгереева Гулнар Ислямовна – Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының биология пәні мұғалімі
2-дәрежелі диплом
Катекова Куралай Турбековна – Түркістан қалаcы «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің оқытушысы
Географиялық ғылымдар секциясы
1-дәрежелі диплом
Ғалым Жания Мағауияқызы - «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №28 мектеп – гимназиясы» ММ, бірінші санатты география пәні мұғалімі
2-дәрежелі диплом
Милақатов Нұрымжан Бәлдікұлы – Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің мұғалімі.
3-дәрежелі диплом
Джумашев Биржан Бимуханбетович - Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, А. М. Горький атындағы мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі.
Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндамалары үздік деп танылып, диплом алған
докторанттар, жас ғалымдар, студенттер мен оқушылар.
Математика секциясы
1-дәрежелі диплом
Барбол Сабра – Нұр-Сұлтан қаласы №59 мектеп-лицейінің оқушысы.
Әділбек Кәусәр – Шымкент қаласы №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы.
2-дәрежелі диплом
Оспанова Алина – Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Өзен жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы.
3-дәрежелі диплом
Төлен Айгерім – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Жезді кенті №6 Жезді жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебінің оқушысы.
Медицина секциясы
1-дәрежелі диплом
Серікжан Аяжан - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің №3 орта мектебінің оқушысы.
2-дәрежелі диплом
Айым Әділхан – Алматы қаласы Алмалы ауданы «Inter-Lingua» лицейінің оқушысы.
Биология секциясы
1-дәрежелі диплом
Урақбаева Жақсыгүл – Шымкент қаласы №89 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы.
2-дәрежелі диплом
Сарсенбаева Айгерим Қайратқызы – Нұр-Сұлтан қаласы №61 орта мектеп КММ оқушысы
Педагогика секциясы
1-дәрежелі диплом
Абдиров Өркен Құрманәліұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.
2-дәрежелі диплом
Нажиева Альбина – БҚО Орал қаласы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.
Саясаттану секциясы
1-дәрежелі диплом
Ло Сюйдун – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университінің студенті.
2-дәрежелі диплом
Хурметбек Серікбол- Қарағанды қаласы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті.
География секциясы
1-дәрежелі диплом
Әділбекқызы Роза – Алматы облысы «Ескелді ауданы әкімдігінің Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің оқушысы.
Философия секциясы
1-дәрежелі диплом
Розахунов Бахтияр – Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Үлкен Ақсу ауылы Долайты орта мектебінің оқушысы.
Филология секциясы
1-дәрежелі диплом
Шаяхметова Дамеля – Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Шолақаша орта мектебінің оқушысы.
Ушурахунова Гульназ Абдулжановна – Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылы А.Розыбакиев атындағы орта мектеп оқушысы.
Тарих секциясы
1-дәрежелі диплом
Данат Райымбай – Шымкент қаласы №122 Ақжар жалпы білім беретін мектебінің оқушысы.
Табиғат Серікқызы – Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы.
2-дәрежелі диплом
Әділхан Шарапат – Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің оқушысы.
Мухтаргалиева Сайда – Орал қаласы А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖООБМ оқушысы.
3-дәрежелі диплом
Тәуірқұлова Әлия – Шымкент қаласы №52 мектеп-лицейінің оқушысы,
Бейімбетов Руслан – Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «Kazakhmys» карпорациясы политехникалық колледжінің студенті.
Әдебиет секциясы
1-дәрежелі диплом
Сатқали Ардана - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы.
2-дәрежелі диплом
Асылбекова Ақбота - БҚО Орал қаласы Орал гуманитарлық колледжінің студенті.