Қазақстан құрама командасының Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасында қатысу қорытындысы туралы ақпарат

Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics (EJOI) 2017 жылдан бастапөткізілуде. Олимпиада  Европа елдерінен жас программистер арасындағы жарыс болып табылады.

Ең алғашқы EJOI 2017 жылы Болгарияда, кейн 2018 жылы Татарстанда, 2019 жылы  Словенияда өткен болатын. 2020 жылы Информатикадан Европалық жасөспірімдер олимпиадасы Грузияда болуы тиіс еді. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты EJOI 2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы онлайн режимде өткізу жөнінде шешім қабылдады.

Биылғы жылы Олимпиадада 27 мемлекеттен 92 оқушы қатысты. Белгіленген ереже бойынша әр елден  15 жастан аспаған 4 оқушы қатысады. Қазақстанда құрама команда  мүшелері – информатика пәні бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Олимпиада үлгісі Информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға ұқсас. Жарыс екі турдан тұрады. Әр турда оқушылар төрт сағатта үш тапсырманың шешімін табуы керек.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрама командасы бұл Олимпиадада осы жылы алғаш рет қатысты. Соған қарамастан, нәтижелеріміз өте жақсы.

Барлық төрт қатысушы жоғары марапатқа ие болды:

  1. Ван Ли – Алматы  қаласындағы РФММ оқушысы – алтын медаль;
  2. Таймас Корганбаев – Алматы  қаласындағы № 165 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;
  3. Адиль Султанов – Атырау  қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім – Инновация» лицейінің оқушысы  –  қола медаль.
  4. Рамазан Пердебай – Караганды қаласындағы Н. Нурмаков атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы – қола медаль.

Құрама команданы  осы жеңістерімен құттықтаймыз! Оларды дайындаған жаттықтырушы Маткаримов Бакыт Тургамбаевич – Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының биосенсорлар және биоқұралдар зертханасының жетекшісі.

Халықаралық экономикалық олимпиаданың (IEO)

Құрметті достар, 7 қыркүйек күні оқушыларға арналған Халықаралық экономикалық олимпиаданың (IEO) онлайн ашылу салтанаты  болады.

Халықаралық экономикалық олимпиада  –  экономика , бизнес және қаржы саласына қызушылығы бар  оқушылардың белсенділігін арттыруға арналған жыл сайын өткізілетін жарыс.

Биыл Қазақстан бұл олимпиаданың ұйымдастырушысы және  «Астана» Халықаралық қаржы орталығы үшінші жыл осы олимпиаданың серіктесі болып табылады. Олимпиадаға 33 елден оқушылар қатысқалы отыр. Қалыптасқан пандемия жағдайында Халықаралық экономикалық олимпиада  7- 13 қыркүйек аралығында онлайн форматында өтетін болады.

Қазақстан құрама командасының 5 қатысушысы: Мадияров Марсель, Мухамедияр Ерасыл, Бейсенбаева Арай, Кабылкасымов Ерасыл және Сапарова Айданаға жеңіс тілейміз!

“ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АҚПАРАТ ХАТЫ

Мұғалімнің жаңа кәсіби кеңістігі контекстіндегі кәсіби даму мұғалімнің өзінің кәсіби деңгейіне рефлексия жасауға қабілеттілігінде, кәсіби құзіреттіліктерді жетілдіруге, педагогикалық өзін – өзі тәрбиелеу процесін құруға, сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі жаңа педагогикалық стратегиялық, тактикалық, оперативті міндеттерді анықтауға, қоюға және шешуге деген қабілетінен көрінеді.

Педагогтың кәсібилігін арттыруда қол жеткізуде инновациялық технологиялар, оқытудың заманауи құралдарысыз, мұғалім мамандығының беделін көтеру, озық тәжірибені анықтау, тарату мүмкін емес. Бұл мәселені шешуде педагогикалық шеберлік конкурстары үлкен рөл атқарады. Олар осы қоғамның педагогикалық қызметін бағалау арқылы кәсіби қоғамдастықта маңызды болуға, жарыс жағдайында өзінің кәсіби “Мен”  іске асыруға, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Короновирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларының күшейуіне байланысты және қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін, ұйымдастыру комитетінің шешімімен жоспарланған дәстүрлі “Үздік авторлық бағдарлама” (бұдан әрі – Конкурс) республикалық байқауы қашықтықтан өтеді.

Конкукрстың сараптама кезеңі 1-10 қазан, қорытынды кезеңі 15-20 қазан.

Конкурсқа (Конкурсты өткізу Ережесіне сәйкес) педагогикалық өтілі 5 жылдан асқан, соңғы 3 жылда осы іс-шараға қатыспаған, жұмыстары республикалық іріктеу кезеңінен өткен білім беру ұйымдарының педагогтері, республикалық маңызы бар мектептер, “НЗМ” АҚ, балабақша тәрбиешілері қатыса алады.

Конкурстың негізгі мақсаты – пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторық тәжірибесін анықтау және тарату.

Командалық авторлық бағдарламалар қарастырылмайды. Конкурсқа бұрын қорғалған жұмыстар жіберілмейді.

Конкурстың іріктеу кезеңіне қатысу туралы сұранысты (білім басқармасының басшысымен бекітілген) және авторлық бағдарламаның электрондық нұсқасын а.ж. 30 қыркүйегіне дейін электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз:е-mail: gulden.berdenova.76@gmail.com. Тиісті мекеме басшысымен бекітілген іріктеу кезеңінің әр қатысушы 30 қыркүйекке дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/avtor2020 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Конкурстың іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар қорытынды кезеңіне жіберіледі. Қорытынды кезеңге қатысушылар:

1) авторлық жұмыстың электрондық нұсқасын;

2) бейне қойылымы 3-4 минуттан аспайды (FullHD бейне сапасы 1920*1080, бейне қатынасы 16: 9).

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары және “Дарын” республикалық ғылыми практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.  

Конкурс жеңімпаздарының авторлық бағдарламалары жарияланып және дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне енгізіледі.

“Үздік авторлық бағдарлама” Республикалық конкурсының қорытынды кезеңіне қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен немесе Қазпоштаға төмендегі реквизиттерге аудару қажет:

Реквизиттер:

РГКП РНПЦ “ДАРЫН”

МАҚСАТЫ: «Үздік авторлық бағдарлама» (АТЫ-ЖӨНІ ОБЛЫСЫ, ҚАЛАСЫ, МЕКТЕП)

БИН 990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АСТАНА АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ №119900

АҚ “ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ”, АСТАНА қаласы

КБЕ 16, КНП 861 Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 29-49-98; 8-707-107-89-33 Гульден Сериковна, 8-701-335-84-13 Сайран Бәкенұлы.

Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы ақпараттық хат

ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы білім беру саласындағы басым бағыттарды атап көрсеткен. Бұл Жолдаудың басым бағыттардың негізгі мазмұны «дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» екендігін атап көрсетті. Конференцияны ұйымдастыру Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы XXI ғасырда экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатын адами, ғылыми әлеуеттің сақталуына және өсуіне ықпал етуге арналған.  

Ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы  «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласында энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізеді. 

Конференцияның мақсаты – энциклопедист ғалым Әл-Фараби шығармашылығын кеңінен насихаттап, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.

Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары, және колледж оқытушылары қатыса алады.

Конференция «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz  сайтында және «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының  http://bilim-ork.kz сайтында жарияланған.

 Конференцияны өткізудің Ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша өткізіледі: 

  1. Секция. Биологиялық ғылымдар, 2. Секция. Географиялық ғылымдар, 3. Секция. Өнертану, 4. Секция. Тарихи ғылымдар,  5. Секция. Әдебиеттану, 6. Секция. Медициналық ғылымдар, 7. Секция. Педагогикалық ғылымдар, 8. Секция. Саясаттану,  9. Секция. Психология, 10. Секция. Әлеуметтану, 11. Секция. Техникалық ғылымдар, 12. Секция. Физико-математикалық ғылымдар, 13. Секция. Филология, 14. Секция. Философия, 16. Секция. Спорт

Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Конференцияға  қатысу туралы сұранысты және материалды а.ж. 23 қыркүйегіне дейін берілген үлгі бойынша көрсетілген электронды адреске altynsarin.2019@bk.ruжіберуіңізді сұраймыз.

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:8747-628-80-54, 8775-452-03-98

Сұраныс үлгісі

Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының сұранысы
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы 
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы 
Білім беру мекеменің атауы 
Ғылыми конференция атауы 
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы 

Білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында өткен XХІ республикалық Абай оқулары туралы қорытынды ақпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жалпы білім беру ұйымдарының 8-11(12) сынып оқушылары арасында ХХІ республикалық Абай оқуларын 2020 жылғы 23-25 тамыз күндері аралығында өткізді.

Еліміздегі індетке байланысты биыл Абай оқулары ерекше форматта өтті, себебі алғаш рет қашықтықтан Zoom платформасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды, сонымен қатар, номинациялар бойынша You Yube каналында тікелей трансляция жүргізілді.

Абай оқуларына Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен» командалар қатысты. Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңіне 1759 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 120 оқушы 6 номинация бойынша бәйгеге түсіп бақтарын сынады.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 25 тамыз күні сағат 17.00-де Zoom платформасында онлайн режимде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау үшін құрметті қонақ ретінде Жидебайдағы «Абай және Шәкәрім» кесенесі орналасқан Абай ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы, «Дарын» РҒПО директоры Боранбай Ақжол Аманжолұлы және ЖОО-ның филология ғылымдарының доктор, профессорларынан құралған қазылар алқасы қатысып құттықтауларын жеткізді.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 48 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 24 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға – ұялы телефон, екінші орынға – смарт-сағат, үшінші орынға – фитнес-браслет, номинациялық дипломдарға – Абай жолының 4 томдық кітабы табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі және өңірлердің білім сапасының көрсеткіш РЕЙТИНГІ 1,2 қосымшада көрсетілген:

ХХІ Республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне талдау 
РЕЙТИНГӨңірлердің атауы23-25 тамыз 2020 жылСапасы  % 
 
қатысушылар саныжеңімпаздар мен жүлдегерлер саныIIIIII 
 
1Қарағанды облысы6520383 
2Шығыс Қазақстан облысы12913575 
3Алматы қаласы6402267 
4Жамбыл облысы6402267 
5Маңғыстау облысы6401367 
6Ақтөбе облысы6413067 
7Абай атындағы РММИ6401367 
8Павлодар облысы6301250 
9Қызылорда облысы6312050 
10Алматы облысы6201133 
11Ақмола облысы6200233 
12ДББҰ «НЗМ»6110017 
13Нұр-Сұлтан қаласы6101017 
14Атырау облысы6101017 
15Солтүстік Қазақстан облысы6100117 
16КеАҚ«РФММ»000000 
17Қостанай облысы600000 
18КеАҚ «РФММ» филиалы000000 
19Батыс Қазақстан облысы600000 
20Шымкент қаласы600000 
21Түркістан облысы600000 
22«Бөбек» ҰҒПББСО000000 
23Қорытынды1204861824  

Білім беру ұйымдардың 8-11(12) сынып оқушылары арасында XХІ республикалық Абай оқуларының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ХХІ Республикалық Абай оқуларын 23-25 тамыз күндері онлайн форматында өткізеді

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ХХІ республикалық Абай оқуларын ағымдағы жылдың 23-25 тамыз күндері аралығында онлайн форматында өткізеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.

Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық. Республика бойынша Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңге 1759 оқушы қатысты. Республикалық қорытынды кезеңге 120 оқушы қатысады деп күтілуде.

Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан  тұрады:

1 номинация – «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

2 номинация – «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3 номинация – «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. 

4 номинация – «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.

5 номинация – «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы –оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.

6 номинация – «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.

Айта кетерлігі, қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа білуі керек.

Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Ескерте кетейік, биыл ХХІ республикалық Абай оқуларын ағымдағы жылдың 23-25 тамыз күндері аралығында онлайн форматында өтеді.

Байқауды көрем деушілердің барлығы оны Youtube каналында тамашалай алады. Канал  сілтемесі кейінірек http://daryn.kz сайтында және https://t.me/daryn_centre; https://www.facebook.com/RSPCDaryn/https://www.instagram.com/rspc_daryn/әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Жапония жыл сайын өтетін биологиядан халықаралық олимпиаданы онлайн режимде өткізеді

Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO 2020) бастапқыда Нагасакиде (Жапония) өтуі керек еді. Бірақ қазіргі дүниежүзілік COVID-19 пандемиясына байланысты IBO 2020 Ұйымдастыру комитеті «IBO Challenge 2020» атты биологиядан халықаралық олимпиаданы онлайн режимінде өткізуді ұсынды. Олимпиада 2 кезеңде өткізіледі. Практикалық тур – 11 тамызда, теориялық тур – 12 тамызда өтеді.

Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO) – 15 жастан кіші емес және 21 жастан үлкен емес қатысушыларға арналған жыл сайынғы халықаралық ғылыми жарыс.

Олимпиада 1990 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Әрбір қатысушы ел ұлттық биологиялық олимпиаданың жеңімпаздары, 4 қатысушыдан тұратын команданы жіберуге құқылы.

Командалар теориялық және практикалық турларда жарысады. Тапсырмалар ғылымның негізгі бөлімдерінен тұрады: жасушалық биология, молекулалық биология, өсімдіктердің анатомиясы мен физиологиясы, жануарлар мен адамның анатомиясы мен физиологиясы, этология, генетика және эволюция, экология, биожүйе. Қорытынды жеке есепте шығарылады.

Олимпиада алғаш рет 1990 жылы Чехословакияда өткізілді, оған әлемнің  6 елінен 22 конкурсант қатысты.

1995 жылы Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Олимпиадаға әлемнің 22 елінен 87 оқушы қатысты. Қатысушы елдердің географиясының кеңеюі осындай жоғары деңгейдегі Олимпиадаға деген қызығушылықтың артқанының дәлелі.

Бір қызығы, Қазақстан құрамасы IBO әлемдік аренасында 1996 жылдан бастап, Олимпиада Артекте (Украина) өткен кезде бірден 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Сол жылы Олимпиадаға Қытай, Австралия, Нидерланды, Ресей Федерациясы, Германия, Аргентина және т.б әлемнің 23 елінен 91 үміткер қатысты.

2000 жылы 11 – ші биологиядан халықаралық олимпиада Анталья қаласында (Түркия) өтті, оған әлемнің 38 елінен 150 оқушы қатысты. ҚР ұлттық құрама командасы алғаш рет 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

2014 жылы Бали а. (Индонезия) өткен 25-ші олимпиадада еліміздің құрама командасы 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, бұл Қазақстаннан келген конкурстанттардың сапалы дайындығының дәлелі.

2018 жылы еліміздің құрама команда жеңімпаздары тағы да 2014 жылғы табысты қайталап, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, ресми емес командалық есепте әлемнің 64 елінің арасында 17-ші орынды иеленді, бұл әсіресе біздің мемлекет үшін құнды болып табылады.

Биологиядан  халықаралық олимпиадаға қатысқан  жылдары еліміздің құрама командасы  2 алтын, 14 күміс, 46 қола медаль және 11 Құрмет грамотасын иеленді.

IBO Challenge 2020-да Қазақстанның ұлттық құрама командасы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысу үшін өткен, сондай – ақ 2020 жылғы 14-15 шілдеде онлайн режимінде өткен «Биология» пәні бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары,  облыстық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын 4 конкурсант қатысады.

Биыл құрама команда құрамына енді:

Бисембаев Арман – Атырау қаласы «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы; Уразбаев Динмухаммед – Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы; Тайманов Адам – Алматы қаласы мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы; Темірбеков Ерасыл – Өскемен  қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы.

Ұлттық құрама тренерлері: Сагинтаев Адлет Алтынбекович – магистр, «Астана кітап» автор-редакторы; Сакимов Ильяс Кабиденович – магистр, «EdLight Education Support» ЖШС-нің әдіскері.

Қазақстан ұлттық командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз және жеңіске жететіндеріне сенеміз!

Қазақстан құрама командасының Еуропалық физика олимпиадасына қатысу қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан құрама командасы алғаш рет ағымдағы жылғы 20-26 шілдеде қашықтықтан өткізілген Еуропалық физика олимпиадасына – 2020 қатысты.

Еуропалық физика олимпиадасы – бұл ғылымға, танымға және тапсырмаларды шешуге қызығушылық танытқан дарынды оқушыларға арналған халықаралық физикалық олимпиада. Алғаш рет Еуропалық физика олимпиадасы 2017 жылы Эстонияда, 2018 жылы Мәскеу қаласында (Ресей), үшінші, 2019 жылы Ригада (Латвия) өтті.

Олимпиадаға  57 елден 250 оқушы қатысты.

Қазақстанның ұлттық құрама командасынан 5 оқушы, 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.

Олимпиада екі турдан тұрды: тәжірибелік және теориялық емтихан. Теориялық турда (5 сағат) үш тапсырма берілді, олардың біреуі өте қиын, біреуі орташа, ал екіншісі салыстырмалы түрде жеңілірек болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы  1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және 1 грамота жеңіп алды:

Мағауин Расул Семей қ. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің оқушысы – алтын медаль;

Драганчук Антон Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;

Қалдыбаев Рауан Нұр-Сұлтан қ.  Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы – күміс медаль;

Қоблан Мирас Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы – қола медаль;

Алексей Янченко – Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы – грамота.

Құрама команданың тренерлері:

Максутов Самат Муратбекулы  – PhD, Сүлейман Демирел университетінің профессор ассистенті, кафедра меңгерушісі;

Сидоренко Андрей Владимирович – магистрант, Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімі.

Құрама команда мүшелерін, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Қазақстан құрама командасының онлайн режимінде 2020 жылғы 25 шілдеде өтетін 52-ші химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат

Химия пәні бойынша халықаралық олимпиада (IChO) – бұл жыл сайын мектеп оқушыларына арналған химия пәні бойынша сайыс. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру. Әр елден төрт қатысушыдан, ұлттық химия олимпиадасының жеңімпаздары мен екі жаттықтырушыдан тұратын ұлттық команда қатысады. Ресми түрде, IChO – бұл жеке чемпионат.

Олимпиада алғаш рет Чехословакияның Прага қаласында 1968 жылы өткізілді. Олимпиада екі турдан тұрады: эксперименттік және теориялық. Екі тур 5 сағатқа дейін созылады және әр күндері өткізіледі.

Қазақстан Республикасы алғаш рет 1999 жылы Бангкок  (Тайланд) қаласында өткен олимпиадаға қатысып, 52 елден 192 оқушы қатысып, ұлттық командалар 2 қола медаль жеңіп алды.

2000 жылы Копенгаген қаласында (Дания) Қазақстан құрама командасы алғаш рет күміс медаль жеңіп алды, үш оқушы грамоталармен марапатталды.

Қазақстанның ұлттық командасы алғаш рет Анкара қаласында (Түркия) өткен химия пәні бойынша олимпиадада бір алтын медаль, сондай-ақ 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, оған әлемнің 73 елінен 250-ден астам оқушы қатысты.

2013 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) өткен Олимпиадада ҚР құрама командасы тағы да 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

2017 жылы Накханпатхом (Тайланд) қаласында өткен 49 – шы химия пәні бойынша халықаралық олимпиадада құрама тағы да тамаша нәтиже көрсетіп, 1 алтын және 3 күміс медальға ие болды.

Химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасына қатысқан жылдары, атап айтқанда 1999 – 2019 жылдары ҚР Ұлттық командасы 72 наградаға ие болды, оның ішінде 6 алтын медаль, 27 күміс медаль, 37 қола медаль және 2 құрмет грамотасы.

2020 жылы 52-ші химия пәні бойынша халықаралық олимпиада алғаш рет Стамбул (Түркия) қаласында 23-29 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын.

Алайда, CОVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында олимпиада ағымдағы жылдың 25 шілдесінде қашықтықтан өткізілетін болады. Олимпиада 1 теориялық кезеңнен тұрады. Оқушыларға халықаралық олимпиадаға қатысуға, үйден шықпай-ақ әлемнің үздік құрамалары арасында өз күштерін тексеруге мүмкіндік беріледі. Әдетте, Қазақстан ұлттық құрамасы құрама команданың 4 мүшесінен және 2 жаттықтырушыдан тұрады.

Қазақстан құрама командасының құрамында:

Қайырбек Хайдар Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ-ның оқушысы;

Мужубаев Әбілмансұр Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы;

Сейсенқұл Бақдәулет Нұр-сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы;

Абдугафарова Кибриянур Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы.

Құрама команда тренерлері:

Төлеп Ернұр Бақтиярұлы – Алматы қ. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің магистранты;

Аманжолов Азим Жетесович – Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Университетінің магистранты.

Қазақстан ұлттық құрама командасының Еуропалық физика олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат

Дәстүр бойынша,1997 жылдан бастап ұлттық құрамакомандажыл сайын әр елден келген мектеп оқушылары арасында өтетін физикадан халықаралық олимпиадаға(IPhO) қатысатын.

Алғашқы олимпиаданы Варшавада (Польша) 1967 жылы профессор Чеслав Щчисловский ұйымдастырып өткізген болатын.  Жарыстың пайда болу себептерінің бірі халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) сәтті өткізілуі және олимпиаданы өткізудегі тәжірибе болды.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан алғаш рет 1997 жылы Канадада өткен 28-ші Олимпиадаға қатысып, 2 құрмет грамотасына ие болған болатын. Халықаралық физика олимпиадасына қатысқан жылдар ішінде еліміздің ұлттық құрамасы 13 алтын, 29 күміс, 26 қола және 25 құрмет грамоталарына ие болды.

Өкінішке орай, биыл коронавирустық пандемияға байланысты физикадан халықаралық олимпиада өткізілмеді.

Алайда, балама ретінде, Қазақстан құрамасы ағымдағы жылғы 20-26 шілдеде алғаш рет қашықтықтан өтетін Еуропалық физика олимпиадасына – 2020 қатысады.

Қазақстанның ұлттық құрама командасынан 5 оқушы, 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.

Мағауин Расул Семей қ. Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің оқушысы;

Драганчук Антон Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы;

Қалдыбаев Рауан Нұр-Сұлтан қ.  Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы;

Қоблан Мирас Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушысы;

Алексей Янченко– Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы.

Команданың тренерлері:

Максутов Самат Муратбекулы  – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Сидоренко Андрей Владимирович– магистрант, Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімі.

Біздің жігіттерге сәттілік тілейміз және олардың жеңістеріне сенеміз!

Қазақстан құрама командасының оқушылардың химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысуы туралы ақпарат 2020 жылғы 13-18 шілде

2020 жылы COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында оқушылардың химиядан Менделеев олимпиадасы 13-18 шілде аралығында қашықтықтан екі теориялық турда өткізіледі. Олимпиадаға 27 елден оқушылар қатысуда. Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан, Македония, Армения, Израиль, Беларусь, Венгрия, Болгария, Сирия, Грузия, Латвия, Иран, Қазақстан, Эстония, Қырғызстан, Сербия, Словакия, Тәжікстан, Түркіменстан, Литва, Түркия және басқа елдер мектеп оқушыларының ұлттық құрамалары онлайн режимінде өткізілетін олимпиадаға қатысады.

Онлайн іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша (а.ж. 9-10 шілде) Қазақстан құрамасы анықталды, ол біздің елімізді әлемдік аренада таныстырады.

Ұлттық команда құрамында:

Қайырбек Хайдар Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ-ның оқушысы;

Мужубаев Әбілмансұр Нұр-Сұлтан қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы;

Сейсенқұл Бақдәулет Нұр-сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы;

Абдугафарова Кибриянур Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы;

Турусбекова Айгерим Алматы қ. дарынды қыздар «Білім-инновация» мектеп-лицейінің оқушысы;

Жаксылыков Азамат Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы;

Бегдаир Санжар Алматы қ. №161 лицейінің оқушысы;          

Таубаев Темірлан Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп – лицейінің оқушысы.           

Сондай-ақ тренерлер:

Төлеп Ернұр Бақтиярұлы – Алматы қ. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің магистранты;

Аманжолов Азим Жетесович – Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Университетінің магистранты.

Олимпиадада табысты өнер көрсету үшін оқушыларға тек химиялық эрудиция ғана емес, қарапайым мектептер деңгейінен асатын материалды меңгеру қажет, сонымен қатар, химиялық интуиция, логикалық қорытынды жасай білу, бар білімді химия ғылымының жаңа, кейде бейтаныс салаларына қолдана білу қажет.

Айта кету керек, 54-ші оқушылардың химиядані халықаралық Менделеев олимпиадасының ұйымдастыру комитеті академик В.В.Лунин атындағы сыйлық тағайындалғаны туралы жариялады. Сыйлықтың ақшалай баламасы 5000 АҚШ долларын құрайды. Бұл жүлде конкурсанттардың «абсолютті жеңімпазға» беріледі. Барлық қатысушылар үшін оңай емес, себебі олимпиадаға ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары, үздіктен үздіктер қатысуда.

Қазақстан ұлттық командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз және жеңіске жететіндеріне сенеміз! 

2-4 сынып оқушылары арасында «Бастау» XІІІ республикалық математикалық турнирінің қорытындысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, COVID – 19 пандемиясына байланысты 16-20 маусым күндері аралығында алғаш рет онлайн режимде 2-4 сынып оқушылары арасында “Бастау” ХІІІ республикалық математикалық турнирін өткізді.

Математикалық турнир бұл – математикалық білімді мектепте одан әрі жетілдіру және кіші буын мектеп оқушыларының осы пәнге деген қызығушылығын арттырудағы жүйелі жұмыстарының бірі болып табылады.

Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.

Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 141 қатысушы бәсекеге түсіп, 47 команда бақтарын сынады.

Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен және мына сайтта http://physmathacademy.eduterra.pro онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:

«Әу, баста» (командалық есеп);

«Асық» (командалық есеп);

«Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп).

Турнирдің тапсырмалары математикалық логикаға негізделеді, олар дұрыс талқылауды, дұрыс ойлауды және дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.

Тапсырмаларды қорғаған кезде қатысушылар әділ қазылар алқасына шағымданып, өздерінің көзқарастарын дәлелдеді, бұл қазылар алқасының оқушының ынтасына деген достық қарым-қатынасында болды.

Турнир командалық сынақпен және жеке сынақпен ерекшеленеді. Команда қатысушылары өздерінің ептіліктерін, ұжымшылдықтарын және командада жұмыс істей білетіндерін көрсетті. Қазірдің өзінде ерте мектеп жасындағы қатысушылар нұсқаларды бір-бірімен  ұжым болып шешуге, келісуге үйренуде. Жеке сынақта қатысушылар тапсырмаларын жай ғана орындамай, оны ауызша дәлелдеді. Әр турдан кейін Тунир өткен платформада турдың нәтижелері рейтингтерімен бірге жарияланып отырды.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі “Дарын” РҒПО дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай санын жинаған жеңімпаз-команда турнир Кубогымен және Бас-жүлдемен марапатталды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің сертификаттары мен дипломдары команда жетекшісінің электрондық поштасына жіберіледі.

Жеке сынақ бойынша 63 оқушы марапатталды. Оның ішінде 11 оқушы – І дәрежелі дипломға, 23 оқушы – ІІ дәрежелі дипломға, 29 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Командалық сынақ бойынша жүлделі орындарға ие болған 22 команда анықталды, оның ішінде жеке білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығының “Достар” Халықаралық мектеп-лицейі Бас-жүлдемен және турнирдің Кубогымен марапатталды.

І орынға – Қостанай қаласының № 24 мектеп-гимназиясы, Қызылорда облысының құрама командасы (Шиелі ауданы № 49 орта мектебі, Қазалы ауданы № 249 мектеп-лицейі, Сырдария ауданы №37 орта мектебі, Арал ауданы №31 мектеп-лицейі, Қазалы ауданы №16 мектеп), Қостанай қаласының “Физика-математикалық лицейі” ММ, Алматы облысының құрама командасы (Панфилов ауданы Головацкий атындағы орта мектеп, Талдықорған қаласы №28 IT-мектеп-лицей, Іле ауданы №38 мектеп-гимназия) ие болды.

ІІ орынды – Алматы қ. №140 гимназиясы, Петропавл қ. «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ-лицейі», Талдықорған қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі, Орал қ. дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектебі, Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейі, Алматы қ. «№90 мамандандырылған мектеп-лицейі», Петропавл қ. «Бірінші гимназиясы» иеленді.

ІІІ орынды – Бауыржан Момышұлы атындағы мамандандырылған № 45 қазақ классикалық гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласындағы “Экономикалық лицей” ҰУО, Алматы облысының құрама командасы (Қарасай ауданындағы дарынды балаларға арналған Үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы мамандандырылған гимназия, Жамбыл ауданындағы дарынды балаларға арналған №2 Қарғалы арнайы гимназиясы), Орал қаласындағы С. Сейфуллин атындағы  дарынды балаларға арналған №11 облыстық қазақ мамандандырылған мектеп-интернат кешені, Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі, Алматы қ. №159 гимназиясы, Өскемен қ. № 26 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, Семей қ. Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназиясы, Шымкент қаласының құрама командасы (Үш тілде оқытатын М. Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназия, О. Жолдасбеков ат. № 9 мектеп-лицейі, Н. Оңдасынов ат. № 38 мектеп-гимназиясы), Ақтау қаласының №1 орта мектебі иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі, сонымен қатар Турнирдің хаттамасы қоса беріледі.

Итоги отборочного этапа по предмету «Химия»

С целью проведения качественного и объективного отбора кандидатов в сборную команду для участия на предстоящих международных химических олимпиадах, РНПЦ «Дарын», 9 – 10 июля проводил отборочный этап для победителей и призеров областного (городского) тура по предмету «Химия» обучающихся 9 – 11 (12) классов, прошедших на заключительный этап Республиканской олимпиады 2020 года.

Задания на отборочном этапе для обучающихся всех классов были идентичными и только на русском языке.

Отборочный этап состоял из двух теоретических туров:

I тур – 9 июля в 10.00 ч.

II тур – 10 июля в 10.00 ч. Продолжительность туров 4 и 3 часа соответственно.

Участникам было предложено на первом туре решить 6 задач и на втором туре 5 задач.

Стоит отметить, что задачи носили теоретический характер и имели очень сложный уровень.

Членами жюри подведены итоги двух туров, в результате которых определена восьмерка лучших конкурсантов, которые будут представлять Республику Казахстан сначала на Международной Менделеевской олимпиаде школьников по химии (13 – 18 июля 2020 г.), а затем лучшие из них представят Казахстан на Международной химической олимпиаде (IChO, 25 июля 2020 г.).

Представляем Вам восьмерку победителей.

А также, представляем итоги 1 и 2 туров отборочного этапа.

Результаты отборочного этапа после апелляции