Мамандандырылған Білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеу өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау 5, 6, 7 – сыныптарда жүзеге асырылады.
Құжаттарды онлайн – тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында тіркелу және құжаттар қабылдау сілтемесі бойынша өтеді.

Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында таңдалған мамандандырылған білім беру ұйымында тіркеуден өте алады.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
баланың сандық фотосуреті.
*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 2 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс әр өңірде бекітілген тірек мектептерде өтеді.

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика – 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.
6-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 60 сұрақ:
математика және логика – 35 сұрақ;
оқу сауаттылығы- 15 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
6-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 90 минут.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Date

Мау 01 - 20 2021
Expired!

Labels

События Школьникам КАЗ

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-57-01-42