Оқушылар арасында әл-Фараби атындағы ғылыми жарыстардың республикалық конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу аясында балалардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту мақсатында 2020 жылдың 23-27 қарашасы аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурс (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) өткізетінін хабарлайды.

Конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

  • Орта ғасырдың атақты ойшылы, ұлы ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидің қызметін зерттеуге өскелең ұрпақтың қызығушылығын ынталандыру;
  • Жасөспірімдер арасында ғылыми білім мен зияткерлік-шығармашылық қызметті дәріптеу;
  • Оқырмандардың ой-өрісін кеңейту;
  • Шығармашылық дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурсты онлайн режимде өткізу жоспарланып отыр.

Ғылыми конкурсты өткізу туралы толық ақпарат Ережеде жазылған.

Ғылыми конкурсқа қатысу үшін өңірлер 2020 жылдың 13 қарашасына дейін m.bidauletova@daryn.kz электрондық поштасына сұраныс хат жіберу арқылы қатысуды растауы қажет.