«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы

Жаңғырту және инновациялық даму-Қазақстанның қазіргі заманғы қоғамда бәсекеге қабілетті болуына, біздің барлық азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалғыз жол.

Қазіргі уақытта мұғалімнің білікті, шығармашылық ойлайтын, бәсекеге қабілетті тұлғасына деген сұраныс күрт өсті. Кәсіби құзыреттілікті дамыту-бұл педагогтің үздіксіз өздігінен білім алуын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруін болжайтын, жеке кәсіби қасиеттердің дамуына, кәсіби тәжірибе жинақтауға алып келетін кәсіби тәжірибені игеру мен жаңғыртудың серпінді процесі.

Кәсіби конкурстар-бұл үздік педагогтар үшін маңызды шығармашылық сынақтар ғана емес, сонымен қатар олар мектепте отандық білім беру жүйесін тиімді дамытуға, оқытудың жаңаша әдістемелері мен тәсілдерін практикаға кеңінен енгізуге, кәсіби құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.

Кәсіби конкурстар білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтауға және зерделеуге, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдауға бағытталған.

Егер Сізде білім беру саласында нәтиже бере алатын қандай да бір қызықты педагогикалық идеяларыңыз болса, егер Сіз пікірлестеріңізбен кездесуге, өз ойларыңызбен бөлісуге және басқалардың ойларын тыңдап, үлкен жобаға қатысуға дайын болсаңыз, онда ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ Сіз үшін!

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ  тек өз тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар әріптестерінің әзірлемелерімен танысуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы (бұдан әрі-Фестиваль) 26-29 қаңтар күндері жоспарлануда.

Короновирустық инфекцияның салдарынан ел ішіндегі шектеу шараларына байланысты және қатысушылардың жаппай жиналуын болдырмау үшін Фестиваль қашықтықтан өтеді.

Фестивальға директорлар, директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысады.

БАЯНДАМА ЖАСАУ ТҮРЛЕРІ: ТЕДХ ФОРМАТЫНДА ТАРАТУҒА ЛАЙЫҚТЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯНЫ ҰСЫНУ (ОСЫ ЕРЕЖЕНІҢ 9-ТАРМАҒЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН БАҒЫТТАРҒА СӘЙКЕС).

Әр қатысушы жеке қатысады, топтық жоба қарастырылмаған.

Қатысушылар педагогикалық идеяларды қорғау бойынша ұсыныстарға, сондай-ақ “Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсын өткізу ережелерінде көрсетілген бағалау критерийлеріне назар аударуды сұраймыз.

Фестиваль келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

1) «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (директорлар, білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталықтардың әдіскерлері);

2) «Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);

ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер (химия, биология, география, экология);

физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);

қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);

ағылшын тіліндегі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер;

қолданбалы цикл (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, АӘД, музыка, қолданбалы өнер).

3) «Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері);

4) «Сабақ аяқталған соң…» (сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру орталықтарының педагогтері);

5) «Психолог сандықшасы» (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар).

Қатысу жөніндегі сұраныс (облыстық білім басқармасымен бекітілген) және материалдардың электронды нұсқаларын, Ереженің 16 тармағына сәйкес Фестивальге қатысушының түсірілген бейне қойылымы (ұзақтығы 3 минуттан аспаған, сөйлеу формасы: TEDх форматында Таратуға лайықты педагогикалық идеяны ұсыну, бейне сапасы FullHD 1920*1080, бейне қатынасы 16: 9) 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін көрсетілген үлгі бойынша мына электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз: g.berdenova@daryn.kz.

Фестиваль жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, «Дарын» РҒПО-ның  грамоталарымен марапатталады. Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары Фестивальдің жинағына енеді.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 29-49-98; 8-707-107-89-33 Гульден Сериковна, 8-747-328-83-08 Сайран Бәкенұлы

“Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық конкурсына қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 10 000 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен немесе Қазпоштаға төмендегі реквизиттерге аудару қажет:

Реквизиттер:

РГКП РНПЦ “ДАРЫН”

МАҚСАТЫ: «Педагогикалық идеялар фестивалі»

(АТЫ-ЖӨНІ ОБЛЫСЫ, ҚАЛАСЫ, МЕКТЕП)

БИН 990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АСТАНА АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ №119900

АҚ “ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ”, АСТАНА қаласы

КБЕ 16, КНП 861

Сондай-ақ, ұйымдастыру жарнасын kaspi.kz мобильді қосымша сервисі арқылы комиссиясыз төлеуге болады. Ол үшін “Төлемдер” бөлімінде “Білім беру” қызметін, одан әрі “Мектеп және қосымша курстар” қызметін таңдап, бұл бөлімде Нұр-Сұлтан қаласын белгілеп, “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығын таңдай отырып, берілген түбіртекті толтыру керек. Түбіртекте қатысушының аты-жөнін, өту мерзімі 26-29 қаңтар, сондай-ақ “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауының атауын толтыруды ұмытпаңыз.

  • 00

    days

  • 00

    hours

  • 00

    minutes

  • 00

    seconds

Date

Қаң 01 - 31 2022

Organizer

Педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімі
Phone
8-7172-57-01-42