17 КОМАНДА «FIRST ROBOTICS» ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА ЖЕҢІП АЛДЫ

Ағ.ж. 9 және 10 қаңтарыда Қаскелең қаласындағы SDU базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған РОБОТТАР ФЕСТИВАЛІ өткізілді.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және USTEM Robotics қоғамдық қоры.

Фестивальге робототехникамен айналысатын 400 оқушы қатысты.

Фестиваль FIRST халықаралық ережелері бойынша үш санатта FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FTC (12-18 жас) өткізілді.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Астана қаласында өтетін «FIRST Robotics» Орталық Азия чемпионатына қатысу құқығына ие болған 17 команда анықталды.

Олар, FIRST Tech Challenge байқауы бойынша:

✅ Sipinine – Көкшетау қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;

✅ UNO – Алматы қ. №124 мектебінің командасы;

✅ The Echoes – Алматы қ. №124 мектебінің командасы;

✅Driver F1 – Алматы қ. №39 лицейінің командасы;

✅BIL_barbie – Алматы қ. қыздарға арналған «Білім-инновация» лицейінің командасы;

✅Spark team – Ақтау қ. «Білім-инновация лицей-интернаты» командасы;

✅Point – Алматы қ. №208 мектеп-гимназиясының командасы.

Дәл осы санат нәтижесі бойынша ағ.ж. 9-10 наурызында Кипрде өтетін ашық чемпионатқа лицензия иегерлері:

✅Zhamakaev 145 – Алматы қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің ФМБ командасы;

✅Sana team – Алматы қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;

✅Queue Team – Алматы қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;

✅PID – «Alem Innovation Centre» мектебінің командасы.

FIRST LEGO League Challenge байқауының нәтижесі бойынша:

✅Endeavour – Ақтөбе қ. «Білім-инновация» лицейінің командасы;

✅Tolebi – Түркістан обл. Төлеби ауданы Дарын» мектеп-интернатының командасы;

✅SkyLight – Тараз қ. «IT lyceum» командасы;

✅Armada – Тараз қ. «IT lyceum» командасы;

✅QSTEM STARS – Алматы қ. «TAMOS EDUCATION» мектебінің командасы;

✅Vegapunk – «Fiztex school» мектебінің командасы.

✨Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!