Өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» XV республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңі

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасы екі турда онлайн тәртібінде өткізіледі.
Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 5-10 сынып (өзге ұлт өкілдері) оқушылары ерікті түрде тегін қатыса алады.
Олимпиада екі турда өтеді:
1 тур – қашықтық, а.ж. 18 қаңтарда.
Олимпиаданың қашықтық туры «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында өтеді. Тапсырмаларды орындауға Нұрсұлтан уақыты бойынша сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін сайт қолжетімді болады. Тіркеуден тестілеу басталар алдында сағат 14:00-де өту қажет, алдын ала тіркеуден өту қажет емес. Тіркелу кезінде көрсетілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеру қажет. Тіркеуден кейін – енгізілген мәліметтерді (тегі, қатысушының аты-жөні, облысы, ауданы, мектеп, сынып, ұлтын) өзгерту мүмкін болмайды. Деректерді сақтамас бұрын барлық толтырылған мәліметтерді мұқият қарау қажет. Тіркелу кезінде қатысушыда міндетті түрде электронды пошта адресі болу керек. Әр тапсырмаға жауаптың төрт нұсқасы беріледі, оның ішінде бір ғана жауап дұрыс болып табылады. Турдан өту уақыты – 90 минут.
Олимпиадалық тапсырмаларға мыналар кіреді:
лексика – грамматикалық бөлім – 60 тапсырма;
оқу – 50 тапсырма.
2 тур – қорытынды (республикалық), қашықтық турдың қорытындысы бойынша онлайн тәртібінде а.ж. 28 қаңтарда сағат 15.00-де өткізіледі.
Олимпиаданың қорытынды турына қашықтық турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады. Қорытынды турға өткен оқушылардың тізімі 2 жұмыс күні ішінде «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында жарияланады және өңірлік координаторларға жіберіледі.
Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол www.daryn.kz сайтында жарияланады.
Қорытынды тур бойынша нұсқаулық www.daryn kz сайтында 3 күн бұрын жарияланады.

Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының 1 туры онлайн тәртібінде 18 қаңтарда «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында өткізілді.

Олимпиадаға өзге ұлт өкілдерінен барлығы 9579 оқушы қатысты. Оның ішінде 5-8 сыныптан - 6751, 9-10 сыныптан – 2828 оқушы.

2 тур – қорытынды (республикалық), қашықтық турдың қорытындысы бойынша онлайн тәртібінде а.ж. 28 қаңтарда сағат 15.00-де прокторинг және бейнебақылау жүйесін қолдану арқылы өтеді. Олимпиаданы ұйымдастыру «Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында өткізіледі.

Қорытынды турдың олимпиадалық тапсырмалары:

- түркітілдес ұлт оқушыларына арналған тапсырмалар;

- өзге этностардың оқушыларына арналған тапсырмалар болып бөлінеді.

Олимпиадалық тапсырмаларға мыналар кіреді:

лексика - грамматика– 30 тапсырма;

оқу – 30 тапсырма.

Турдан өту уақыты – 60 минут.

Тіркелу кезінде көрсетілген деректердің дұрыстығын мұқият тексеру қажет. Тіркеуден кейін енгізілген мәліметтерді өзгерту мүмкін емес.

Олимпиаданың қорытынды турына қашықтық турда ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады. Қорытынды турға өткен оқушылардың тізімі «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтында жарияланады және өңірлік координаторларға жіберіледі.

Олимпиаданың қорытынды туры нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге – І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Дарын» РҒПО дипломдары беріледі, ол www.daryn.kz сайтында жарияланады.

Қорытынды тур бойынша нұсқаулық www.daryn kz сайтында жарияланады.

5-8 сыныптар

9-10 сыныптар