«Абайдың «Толық адам» ілімі және ұлттық құндылық: табысты болашаққа бағдар» атты республикалық оқу-әдістемелік семинардың ақпарат хаты

Абай мектептерінде дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі тұғыр – Абайдың «Толық адам» ілімі. Оқушы бойынан ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек сияқты құндылықтар табылуы керек. Ол үшін Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, оқушыларды адамгершілік қаситеттерге баулып қана қоймай, еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке үйретіп, адами жақсы қасиеттерді бойларына сіңіру – міндетіміз. Ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи білімді игерген, көшбасшылық және жаһандық азаматтық ұстанымдарға ие толық адам тәрбиелеу – қазіргі заман талабы.
Осыған орай, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Абай облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, 2023 жылдың 12-13 қазан аралығында Абай облысы, Абай ауданында Абай мектептерінің желісін кеңейту мақсатында «Абайдың «Толық адам» ілімі және ұлттық құндылық: табысты болашаққа бағдар» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Әдістемелік семинардың мақсаты – Абай мектептерінің желісін кеңейту, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттырып, Абайдың «Толық адам» іліміне сүйене отырып, білім алушыларды ізгілікке баулу, Абай облысының Абай атындағы мамандандырылған білім беру ұйымының іс-тәжірибесін республика көлемінде тарату.
Семинарға облыстық білім басқармаларының өкілдері, Абай желісіне қарасты мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтері қатыса алады.
Семинар жұмыстары мемелекеттік тілде жүргізіледі.
Семинарға келу күні – 11 қазан, Семей қаласындағы қонақ үйлерге орналасу (келушілердің есебінен), аяқталуы – 13 қазан (17.00 -ден кейін)
Семинарға қатысу үшін сұраныстар http://tiny.cc/Abai2023 сілтемесі арқылы а. ж. 7 қазан, сағат 17:00-ге дейін қабылданады.
Өтетін орны: Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, С. Бекбосынов көшесі, 44 А.
Республикалық семинарға қатысушыларды Абайдың туған жеріне және тарихи-мәдени орындарына саяхат жасату. Барып-қайту құны бір адамға 6 500 (алты мың бес жүз) теңгені құрайды(келушілердің есебінен).
Семинарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша 87759988569 байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Семинарды өткізу жөніндегі ақпарат «Дарын» РҒПО-ның www.daryn.kz сайтына берілген.