Сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиада- мектеп оқушылары арасындағы жыл сайын өткізілетін зияткерлік сайыс.

Олимпиаданың мақсаттары: Қазақстандағы орта мектепте философиялық білім беруді дамытуға және жоғары сынып оқушыларының философияға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету; білімге құмарлықты, сыни мен шығармашылық ойлауды дамыту; ғылымды, өнерді және әлеуметтік өмірді философиялық тұрғыдан түсінуге жағдай жасау;  Қазақстан мен қазіргі әлем мәселелерін этикалық тұрғыдан түсіну қабілетін қалыптастыру; жоғары сынып оқушыларында өздігінен ойлауды және жауапкершілікті дамыту.

Олимпиада ағылшын тілінде төрт кезеңде өткізілді.

Бірінші (мектепішілік) кезең 2025 жылғы 24 қазанда офлайн форматта өтіп, оған 17 802 оқушы қатысты.

Екінші (аудандық) кезең 2025 жылғы 7 қарашада Smart Daryn платформасында өтіп, оған 7 703 оқушы қатысты.

Үшінші (облыстық) кезең 2025 жылғы 25 желтоқсанда Smart Daryn платформасында өтіп, оған 979 оқушы қатысты.

Төртінші (республикалық) кезең 2026 жылғы 16 ақпанда «Дарын» өңірлік орталықтарында өтіп, оған 108 оқушы қатысты.

Төртінші кезеңде қатысушылар ұсынылған мәтін негізінде ағылшын тілінде эссе жазды.

Республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 108 оқушының ішінде 46 оқушы жүлделі орындарға иеленді:

І орын – 9 оқушы

ІІ орын – 13 оқушы

ІІІ орын –  24 оқушы.

Хаттамаға сәйкес алғашқы алты оқушы философия пәнінен олимпиадалық резерв құрамына енгізіледі.

2025 жылғы 12 ақпанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған Сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың бірінші іріктеу кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстанда философиялық білім беруді дамыту, жоғары сынып оқушыларының философияға қызығушылығын арттыру, сыни ойлау мен шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру.

Олимпиада ағылшын тілінде 2 кезеңде өтеді.

1 (іріктеу) кезең-2025 жылғы 12 ақпанда онлайн режимінде республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізілді. Өту форматы: 50 сұрақтан құрастырылған тест. Берілетін уақыт: 90 минут.

Бірінші кезеңнің нәтижесі 2025 жылғы 19 ақпан күні «Дарын» РҒПО ресми сайтында жарияланады. Республикалық есепте ең көп ұпай жинаған үздік 100 қатысушы екінші кезеңге өтеді.

*Егер 100-ші орынға бірнеше қатысушы түссе, ұйымдастыру комитеті екінші кезеңге қатысушылар санын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды.

2 (республикалық) кезең-2025 жылғы 12 наурызда өтеді.

Өту форматы: ұсынылған цитаталардың біріне көлемі 500 сөзден аспайтын эссе жазу. Қатысушы цитатаны өзі таңдап, эссені арнайы бланкке қолмен жазады.

Екінші кезең қазылар алқасы тарапынан бағаланады және нәтижелер екі апта ішінде «Дарын» РҒПО ресми сайтында жарияланады.