1-3 желтоқсан күндері Алматы қаласында еліміздің білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.

Семинар аясында педагогтер мен психологтерге арналған республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты - педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, пәндік білім деңгейін анықтау.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 100 педагог қатысты. Оның ішінде 88 педагог республикалық «Олимп шыңы» олимпиадасында белсенділік танытып, пәндік білімдерін, логикалық және олимпиадалық тапсырмаларды орындау дағдыларын көрсетті.

Семинар мен олимпиада барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын олимпиадаға даярлаудың тиімді әдістемелік шешімдерімен танысты.

«Олимп шыңы» олимпиадасының нәтижелері бойынша:

І орын – 2 педагог;

ІІ орын – 18 педагог;

ІІІ орын – 25 педагог;

Грамота – 11 педагог.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

 

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Олимп шыңы" республикалық олимпиадасына қатысушылар тізімі
Аймақ Тегі Аты Әкесінің аты Жалпы ұпай Орын
1 Маңғыстау облысы, № 21 жалпы орта білім беретін мектеп Рахметова Гүлімай Жетпісбайқызы 24 1
2 Қарағанды облысы-мағжан жұмабаев атындағы гимназия Сайлаугийн Жазигул 23 1
3 Қарағанды облысы-шашубай кентіндегі мектеп-бөбекжай кешені базасындағы тірек мектебі Әділбекова Азиза Қайроллақызы 22 2
4 Жамбыл облысы-кгу №39 школа-гимназия им. и. панфилова Касымова Фатима Каримовна 21 2
5 Жамбыл облысы-мұхтар әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп лицейі Досмаилова Жанар Шарапатдиновна 21 2
6 Астана қаласы-№109 жалпы орта білім беретін мектеп Мұсанова Қарлығаш Қапанқызы 21 2
7 Қарағанды облысы-қарағанды қаласының білім бөлімі кмм Абугалиева Самал Нуртаевна 21 2
8 Ақтөбе облысы-ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі Бержанова Нуршат Хамитжановна 21 2
9 Жамбыл облысы-төле би атындағы 8 гимназия Исаева Айгуль Амановна 21 2
10 Астана қаласы-too “international school of nur-sultan city” Джанасова Саина Жанболатовна 21 2
11 Батыс-қазақстан облысы-м-с.бабажанов атындағы жоббм Ажыгалиева Айгерим Талаповна 20 2
12 Жамбыл облысы-мұхтар әуезов атындағы жоббмл Исаева Жанара Сабитқызы 20 2
13 Жамбыл облысы-34 жалпы орта білім беретін мектебі Мұсаева Гулназира Мұхтарқызы 20 2
14 Ұлытау облысы-8 гимназия кмм Абишева Арай Кайратовна 20 2
15 Абай облысы-мақаншы орта мектеп-бақшасы кмм Байрбаева Лаура Бакаевна 20 2
16 Ақтөбе облысы-61 орта мектебі Түменбаева Ару Бериковна 20 2
17 Абай облысы-50 жалпы орта білім беретін it-мектеп-лицейі кмм Сексенбаева Маржан Мураткановна 20 2
18 Қызылорда облысы-ы.алтынсарин атындағы №204 жббом коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аимбетова Гульмира Аманбаевна 20 2
19 Ақтөбе облысы-ақтөбе қаласы 51 гимназия Сельбаева Жанагул Елтаевна 20 2
20 Қарағанды облысы-қарағанды облысы, теміртау қаласы №17 жббм кмм Далелхан Булбул 20 2
21 Ұлытау облысы-кгу гимназия 26 Мацкевич Алена Анатольевна 19 3
22 Жамбыл облысы-сарыкемер гимназия-тірек мектебі Рыспанбетова Лаззат 19 3
23 Ақтөбе облысы-56 жалпы орта білім беретін мектеп Сатыбалдина Нургул Жусуппаевна 19 3
24 Астана қаласы-international future school Санатова Алия Санатовна 19 3
25 Жамбыл облысы-талас ауданы қаратау қаласы мектеп-лицей Жусипова Мадина Абсаторвна 19 3
26 Ақтөбе облысы-темір стансасындағы №59 негізгі орта мектебі Нұғман Ақарыс Асқарұлы 18 3
27 Жамбыл облысы-ғани мұратбаев атындағы гимназиясы Нахмедова Наргиза Куватовна 18 3
28 Батыс-қазақстан облысы-“м-с.бабажанов атындағы жоббм” кмм Менжанова Данагуль Маликовна 18 3
29 Шымкент қаласы-al-farabi bilim жшс мектебі Қали Гүлнұр 18 3
30 Астана қаласы-астана қаласы әкімдігінің 106 жалпы орта білім беретін мектеп кмм Мусагалиева Азаткүл Қуанышқалиқызы 18 3
31 Астана қаласы-№73 мектеп-лицей Нурмаханова Нургуль Алимбаевна 18 3
32 Жамбыл облысы-бауыржан момышұлы атындағы 45 қазақ классикалық гимназиясы Тилепбергенова Зарина Абилсейтовна 18 3
33 Абай облысы-“#3 жалпы орта білім беретін”кмм Шиянова Айгул Заманбековна 17 3
34 Ақтөбе облысы-м. арын атындағы қарғалы қазақ орта мектебі Сермағанбетова Сымбат Сермағанбетқызя 17 3
35 Абай облысы-жаңасемей ауданы біржан исадилов атындағы жоббм  кмм Канжекеева Гульнур Сайланбековна 17 3
36 Жамбыл облысы-темірбек қожакеев атындағы № 39 жоббмг Ниетбаева Феруза Рамазановна 17 3
37 Қарағанды облысы-«абай атындағы мектеп-гимназиясы кмм Есенжолова Накып Кокенаевна 17 3
38 Маңғыстау облысы-ы.алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп кмм Мансурова Айзада Орынбасаровна 17 3
39 Астана қаласы-106 жалпы орта білім беретін мектеп Базарова Лаура Сражадиновна 17 3
40 Маңғыстау облысы-мұнайлы ауданы, iq жекеменшік бастауыш мектебі Бахыт Мереке Сағидуллақызы 16 3
41 Қызылорда облысы-қызылорда облысы, қазалы ауданы, әйтеке би кенті,ы.алтынсарин атындағы №204 орта мектеп Кудабаева Молдир Сансызбаевна 16 3
42 Жетісу облысы-n 49 орта мектеп Орынбаева Айгуль Карасаевна 16 3
43 Қызылорда облысы-т.г.шевченко атындағы №13 орта мектеп Садықова Сәнімкул Серікбайқызы 16 3
44 Жамбыл облысы-ақтоғай орта мектебі Смаганбетова Гулсара Актаевна 16 3
45 Шығыс-қазақстан облысы-шқо өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №40 жалпы орта білім беретін мектебі кмм Қадылбек Асель Жанарбекқызы 16 3
46 Қызылорда облысы-220 орта мектебі кмм Адилова Акнур 15 грамота
47 Қызылорда облысы-и 35 иса тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей Есназарова Жулдыз Жомартовна 15 грамота
48 Шымкент қаласы-№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы Хуттубаева Зулфия Кудратовна 15 грамота
49 Шығыс-қазақстан облысы-шқо бб өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «шоқан уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі»кмм Бақытқанова Арай Бақытқанқызы 15 грамота
50 Қызылорда облысы-#266 мектеп-лицей Кабулова Гульбану Ергусаевна 15 грамота
51 Түркістан облысы-№5 жалпы білім беретін мектеп Жусупова Гулмира Ораловна 15 грамота
52 Маңғыстау облысы-сайын шапағатов атындағы жалпы білім беретін мектеп Сарбалина Дәметкен Төлегенқызы 15 грамота
53 Шығыс-қазақстан облысы-#3 күршім гимназиясы Игибаева Меруерт Кенесбеккызы 15 грамота
54 Шығыс-қазақстан облысы-№3 күршім гимназиясы кмм Кабдуалиева Бакыт Кагармановна 14 грамота
55 Қызылорда облысы-№160 орта мектебі Турсынбаева Гулнур Ералиевна 14 грамота
56 Түркістан облысы- Сманова Галия Бекетовна 14 грамота
57 Қарағанды облысы-балқаш қаласы білім бөлімінің “№5 жбб мектебі” кмм Ибраева Лайла Толеповна 13
58 Жамбыл облысы-жамбыл облысы , тараз қаласы №64 орта мектеп Рысбаева Сымбат Ныгманқызы 13
59 Түркістан облысы-т. иманбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі Абылаева Айнур Есхожаевна 13
60 Түркістан облысы-мектеп Баймагамбет Самал Абдуллаевна 13
61 Шығыс-қазақстан облысы-шқо өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №40 жалпы орта білім беретін мектебікмм Актанова Айнаш Токтарбековна 13
62 Шымкент қаласы- Сатыбалдиева Бахыт Касымбековна 13
63 Жамбыл облысы-ғани мұрвтбаев атындағы гимназия Бекжанова Жанар Арыстанбекқызы 12
64 Жамбыл облысы-№3 мектеп-лицейі Кадырова Зухра Муратовна 12
65 Түркістан облысы-97 сұраншы батыр атындағы жббм Абуталипова Сауле Абдирахимкызы 12
66 Жамбыл облысы-№1 гимназия Курманова Рысжан Жаксылыковна 12
67 Шығыс-қазақстан облысы-№41 жалпы білім беретін мектебі Жумажанова Айгерим Толеубековна 12
68 Ақтөбе облысы-ақтөбе қаласы 76 жоббм Каиынбаева Гулбану Куанбаевна 11
69 Жетісу облысы-ш. уәлиханов атындағы орта мектеп Сенгирбаева Асем Макеновна 11
70 Абай облысы-№ 25 жалпы орта білім беретін мектебі» кмм Атамбаева Назгүл Социалқызы 11
71 Қызылорда облысы-қызылорда облысы қармақшы ауданы елеу көшербаев атындағы 279 мектеп-лицейі Сейтжанова Жанар Конысбаевна 11
72 Жамбыл облысы-ақтоғай орта мектебі Баймуратова Лазат Шалхаровна 11
73 Жетісу облысы- Чинарбаева Камшат Турсунвалиевна 11
74 Абай облысы-n44 жалпы орта білім беретін мектебі кмм Саменова Лаура Сейтахметовна 11
75 Түркістан облысы-ж.жабаев атындағы №7 шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп Бекназарова Алия Тургыновна 10
76 Шымкент қаласы- Төлешова Перизат Жарылқасынқызы 10
77 Қарағанды облысы-қарағанды облысы теміртау қаласы Тошай Алмагуль 10
78 Жамбыл облысы-әлия молдағұлова атындағы № 28 орта мектеп Нуралиева Карлыгаш Журсиналиевна 9
79 Жамбыл облысы-б.момышұлы атындағы 45 қазақ классикалық гимназиясы Абдуали Ақсезім Орынғалиқызы 9
80 Абай облысы-3 жалпы орта білім беретін мектебікмм Оразгалиева Салтанат Саметказиевна 8
81 Түркістан облысы-м.лермонтов атындағы жббм Нематиллаева Толеъхон Асатуллаевна 8
82 Жамбыл облысы-мұхтар әуезов атындағы орта мектебі Рысбаева Айнура Сериковна 8
83 Түркістан облысы-н.тұрсынбеков атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп Жумадилова Мадина Шалхаровна 7
84 Түркістан облысы-м.әуезов жббм Жандарбекова Айгуль Жумабековна 7
85 Жетісу облысы-жетісу облысы кербұлақ ауданы күреңбел қазақ орта мектебі Жанбырбаева Анар Касымжановна 6
86 Астана қаласы-тооо harmony school Малашенкова Светлана Николаевна 6
87 Шығыс-қазақстан облысы-3 күршім гимназиясы кмм Болатканова Арай Болатканкызы 6
88 Жетісу облысы-доланалы негізгі метебі мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм Шаденова Ажар Смахановна 3

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 25 – 28 қазан аралығында Астана қаласы Ө.Жәнібек атындағы №11 мектеп-лицейінің базасында білім беру ұйымдарының психологтеріне арналған «Білім алушыларды білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты –  білім беру ортасында білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша психологтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинардың міндеттері:

– білім беру ортасында булингтің себептері мен алдын алу мәселелерін талқылау;

– педагог-ата-ана-оқушының тиімді өзара іс-әрекетін қарастыру;

– білім алушылардың психо-эмоционалдық саласын дамыту;

– ересек өмірде табысты тұлғаның кепілі ретінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Семинар спикерлері

 Капанова Гульмира Кадырбаевна Астана қаласы әкімдігінің психологиялық қолдау орталығының директоры
Аубакирова Жанат Канашовна психология ғылымдарының кандидаты Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің психология кафедрасының профессорының міндетін атқарушы
Исаханова Асель Алимахановна педагогика және психология PhD докторы, Астана IT университетінің қауымдастырылған профессоры, арт-терапевт
Белесова Нурсулу Абдигаппаровна педагогика және психология магистрі, PhD докторанты, Астана IT университетінің аға оқутышысы

Семинар аясында «Олимп шыңына» психология пәнінен республикалық олимпиада өткізіледі.

Семинар бағдарламасында тренингтер, практикалық жұмыстар жүргізу қарастырылған.

Іс-шараға қатысу үшін білім беру ұйымдарының педагог – психологтері шақырылады.

Іс-шара соңында қатысушылар семинарға, олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат алады және олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелері дипломдарымен марапатталады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 5 адамнан артық емес) білім басқармасы бекіткен семинарға қатысу үшін өтінімді а. ж. 17 қазан айына дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар http://tiny.cc/Respseminar2024 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қатысушының ата-жөні (толық) Жұмыс орны Лауазымы Еңбек өтілі Телефон, e-mail
           

Қатысушылардың келу күні – 25 қазан, семинардың басталуы – 26 қазан, аяқталуы – 28 қазан сағат 13.00-ден кейін.

Іс-сапар шығындары (ұйымдастыру жарнасы 25 350 тенге, олипимаданы ұйымдастыру – 4500 тенге, жолы, тамақтануы, жататын орны) жіберуші тараптың есебінен төленеді.

Қонақүйде орындарды брондау үшін төмендегі мекен-жайларға хабарласуға болады:

Астана қ., «Думан» қонақ үй кешені, Қорғалжын тас жолы, 2а

тел. 8 (708) 909 8500; 8 (7172) 79-15-00;

Астана қ., «Алтын Дала» қонақ үй кешені, Бигелдинов к-сі, 8/1

тел. 8 (7172) 32-33-11, 8 (701) 032-33-11.

Барлық сұрақтар бойынша:

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,

3 қабат, 301 кабинет. Байланыс тел.: 8 (7172) 795867

Қазіргі кезде білім саласындағы жаңа талаптар дербестікті, белсенділікті, шығармашылық іздеу дағдыларын және стандартты емес мәселелерді шешудің формалары мен әдістерін іздеуге байланысты міндеттерді алға тартып отыр. Бұл қасиеттерді қалыптастыруда пәндік олимпиадалар ерекше орын алады.

Оқушыларды әртүрлі олимпиадалар мен конкурстарға дайындау мұғалімнің педагогикалық қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, ал әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларда оқушылардың жоғары оқу жетістіктері мен нәтижелері таланттарды, зияткерлік пен дарындылықты дамыту бойынша жүйелі жұмыс сапасының көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинарын (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, оқушылардың гуманитарлық цикл пәндеріненолимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық практиканы дамыту.

Семинарда оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту, гуманитарлық цикл пәндері бойынша олардың дайындық деңгейін анықтау, олардың дербес, ізденушілік, зерттеушілік ойлауын жетілдіру, сондай-ақ қатысушылардың олимпиада тапсырмаларын құрастыру және орындау үшін қажетті білім алып, олимпиадаға дайындық жұмысын ұйымдастыру әдіснамасымен таныстыру, олимпиада тапсырмаларын талдау мәселелері қарастырылады.

Іс-шара Астана қаласы білім басқармасының №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің базасында өтеді (Астана қаласы, Нұра ауданы, Төле би көшесі, 26).

Семинарға келу күні – 21 қазан, өту күндері – 22-24 қазан, аяқталуы – 24 қазан (сағат 15.00 -ден кейін).

Семинарға қатысушылар үшін «Думан» қонақ үйінде орын брондалған. Мекен-жайы: Қорғалжын тас жолы 2А, тел. 8/7172/ 79-15-00, +7 708 909 8500.

24 қазан күні сағат 09.00-де қатысушылар «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатыса алады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Білім басқармасының басшыларымен, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысты а.ж. 15 қазанына дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Әр қатысушы 15 қазанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarolimp2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өтуі қажет.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (ұйымдастыру жарнасы, жолы, тамақтануы, тұруы). Семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарна 25 350 теңге, «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасына қатысуға тілек білдірушілер үшін жарна 4 500 теңгені құрайды.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 79-58-67

Облысы Қатысушының аты-жөні Жұмыс орны Пәні, оқыту тілі Жұмыс өтілі Қатысушының e-mail Қонақ үй қажеттілігі, байланыс телефоны