Қазақстандық оқушы 40 елдің арасынан «Ең үздік практик» атанды

🇧🇷 Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен химиядан 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 11 жүлдені ел қоржынына салды. Жарысқа 40-тан астам мемлекеттен келген оқушылар қатысып, білім мен тәжірибелерін көрсетті.

🏆Қазақстан құрама командасының сапында өнер көрсеткен оқушылардың барлығы жүлделі орындарға ие болды. Олар, 7 күміс және 4 қола медальмен марапатталды. Бұл – еліміздің білім беру саласындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі мен оқушылардың ғылыми дайындық деңгейінің жоғары екенінің дәлелі.

🧑🏻‍🔬 Айрықша атап өтерлігі – Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мендіғали Қалдыбай «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы жүлдесіне ие болды. Ол практикалық кезеңде барынша жоғары нәтиже көрсетіп, зертханалық дәлдік, сенімділік және шеберлігімен ерекшеленді.

⚗️Айта кету керек, «Ең үздік практик» атағы бұған дейін де қазақстандық оқушыларға бұйырған болатын. Атап айтқанда, 2023 жылы елордалық оқушы Алихан Смет аталған марапатқа ие болған еді.

📚🫂Халықаралық білім додасындағы бұл жетістіктер – шәкірттеріміздің қажырлы еңбегі мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ елімізде дарынды балаларды дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың жемісі.

✨Қазақстандық жас химиктерді, олардың жетекшілерін және білім ордаларын осынау зор табыстарымен құттықтаймыз. Жаңа ғылыми жетістіктер мен биік белестер тілейміз!