Қазақстандық оқушылар философиядан халықаралық олимпиадаға қатысуда

🇮🇹 Италияның Бари қаласында өтіп жатқан XXXIII Философиядан халықаралық олимпиадада еліміздің намысын екі оқушы қорғауда. Олар республикалық іріктеудің жеңімпаздары атанып, он күндік оқу-жаттығу жиындарынан сәтті өтті.

👨🏻‍🎓 Куанышев Бекарыс – Тараз қаласындағы №13 мектептің 11-сынып оқушысы;

👩‍🎓 Карынбай Арай – Алматы қаласындағы №207 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы.

👨‍🏫 Команда жетекшісі – Александр Лукашевич, NKO Cosmos ұйымының басшысы.

📌 Анықтама: Философиядан халықаралық олимпиада (International Philosophy Olympiad, IPO) – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жыл сайын өтетін беделді жарыс. Олимпиаданың мақсаты – жас ұрпақтың сыни және логикалық ойлау қабілетін дамыту, философиялық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ түрлі елдер арасындағы мәдени және зияткерлік байланысты нығайту.

🎉 Еліміздің жас ойшылдарына сәттілік тілейміз!