«Дарын» РҒПО мен British Council (Kazakhstan) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

✍🏻Бүгін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «British Council (Kazakhstan)» ЖШС арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

📚Құжаттың мақсаты – білім беру саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін жетілдіру, сондай-ақ халықаралық IELTS емтиханына дайындалу мен оны тапсыру үшін қолайлы жағдай жасау.

Тараптар арасындағы өзара іс-қимыл теңдік, өзара құрмет, ашықтық және сенім қағидаттарына негізделетін болады.

🔗Меморандум аясында халықаралық емтихандарды ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсету, дарынды оқушылардың халықаралық сертификаттау мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, педагогтер мен оқушылардың кәсіби дамуына жағдай жасау және білім беру бастамалары аясында тәжірибе алмасу көзделіп отыр.

🎓Айта кету керек, ағымдағы жылы ағылшын тілі пәнінен өткен республикалық олимпиаданың жүлдегерлері British Council тарапынан арнайы жеңілдіктерге: үшінші орын иелеріне – 30% жеңілдік, екінші орын алғандарға – 50%, ал бірінші орын иегерлері IELTS халықаралық емтиханын бір рет тегін тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

📈Аталған меморандум – Қазақстандағы дарынды оқушылар үшін халықаралық білім беру кеңістігіне шығуға жол ашатын маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл бастама еліміздің білім беру жүйесін дамытуға және халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге септігін тигізеді.