Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

🇰🇿🇨🇴Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды.

👨🏻‍🎓👩🏻‍🎓Биылғы олимпиадаға әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі теориялық және эксперименттік тапсырмаларды орындап, білімдері мен ғылыми даярлықтарын сынға салды. Қазақстандық жас физиктер жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бес алтын медаль иеленді. Бұл – Қазақстанның IPhO олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік нәтиже.

Жеңімпаздар:

🥇Азатбеков Амирбек – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;

🥇Қазымбек Илияс – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 12-сынып оқушысы;

Егенбергенова Нұргүл – Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

🥇Черемнов Роман – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥇Құрман Дамир – Астана қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы.

📈Бұл тарихи жетістікке ұлттық құрама үш жыл бойы жүйелі дайындалды. Команданы мектеп мұғалімдері, тәлімгерлері және ұлттық құраманың жаттықтырушылары дайындады. Дайындық жұмыстарына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф-м.ғ.к. Гүлия Нұрбақова жетекшілік етті. Ұлттық құраманың қатысуын SDU университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Самат Мақсұтов пен физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев үйлестірді.

ℹ️Айта кетейік, Қазақстан бұл білім додасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль жеңіп алған болса, биыл еліміздің бес оқушысы да алтын медаль иеленіп, Қазақстан тарихындағы бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

👏Қазақстанның мерейін үстем еткен жас физиктерімізді, олардың ұстаздарын, ата-аналарын және барша қазақстандықтарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймыз!

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық физика жарысы.

IPhO-ның негізгі мақсаты — теориялық және эксперименттік физика саласындағы білімді, аналитикалық қабілетті, сыни ойлауды, есеп шығару және практикалық дағдыларды барынша жоғары деңгейде тексеру.

55-ші Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO 2025) 2025 жылғы 18–24 шілде аралығында Париж қаласының маңындағы Палезо қалашығында өтеді.

Иранның Исфахан қаласында өткен IPhO-2024 54-халықаралық физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстанның ұлттық құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
🥈Марғұлан Нұрсагатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
🥈Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Пшенбаев – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥉Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсутов – PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтжанов – SDU University физика пәні мұғалімі.