«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2024 жылғы 28-30 сәуірі аралығында Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында 9-11(12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсын өткізді (бұдан әрі ғылыми конкурс).

Ғылыми конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау; ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту; отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау; ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Ғылыми конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен 100-ге жуық 9-11(12) сынып оқушылары қатысты.

Ғылыми конкурстың жұмысы 3 секция бойынша өткізілді:

1-секция.  «Ғарыштық техника және инфрақұрылым». Бұл бағытта баллистика, ғарыш аппараттарының, Жердің жасанды спутниктерінің және автоматты планетааралық станциялардың динамикасы; зымырандарды, спутниктерді және борттық ғылыми аспаптарды құрастыру мәселелері; басқарылатын ғарыш аппараттарына арналған тіршілікті қамтамасыз ету және радиациялық қорғау жүйелері; ғарыш айлақтары мен станцияларына қатысты – 20 қатысушы.

2-секция.  «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» бағытында қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер, ғарыш техникасы құралдарымен деректерді беру және өңдеу, ғарыш жүйелерін модельдеу және басқаруға қатысты – 30 қатысушы.

3-секция. «Күн жүйесі» бағыты бойынша жерге жақын ғарыш кеңістігін зерттеу; күнді, планеталарды, планетааралық ортаны зерттеу тақырыптарында – 41 оқушы бақ сынады.

Ғылыми конкурстың ережесіне сәйкес, қорытынды республикалық кезеңнің қатысушылар санынан 45%-ы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады. Атап айтсақ: 8 оқушы – І дәрежелі дипломмен, 13 оқушы – ІІ дәрежелі дипломмен, ал 22 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломмен, сондай-ақ 20 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды.

Жеңімпаздар тізімі

Ұйымдастыру комитеті атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!

«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми  жарыстары (әрі қарай – ғылыми жарыстар) а.ж. 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өтетіні туралы хабарлайды.

Аймақтардың өтінімі бойынша ғылыми жарыстардың қорытынды кезеңіне   91 оқушы қатысады, әр аймақтан 5 жобадан (1 секцияға – 1 жоба;  2 мен 3 секцияға – 2 жобадан).

Ереже

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын ғылым қызметкерлерінің күні және ғарышкерлер күні қарсаңында ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" атты Халықаралық ғылыми  жарыстарын (әрі қарай - Ғылыми жарыстар) өткізіп келеді. Ғылыми жарыстар 2022 жылғы 05 - 06 мамыр аралығында онлайн форматта өткізіледі.

Ғылыми жарыстардың мақсаты – ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы оқушылардың зияткерлік әлеуетін анықтау және дамыту, отандық және әлемдік ғарышкерліктің жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру.

Ғылыми жарыстардың қорытынды кезеңіне 161 жас зерттеушілердің авторлығымен 116 ғылыми жоба, оның ішінде 47 командалық және 69 жеке жұмыстар ұсынылды.

Ғылыми жарыстар кестеге сәйкес онлайн форматта 5 секция бойынша өткізіледі.

05 мамыр күні сағат 10.15-ден  13.00-ге дейін, 14.00-ден - 17.30-ға дейін:

1 секция.  "Ғарыштық техника және инфрақұрылым" – 19 жоба;

2 секция.  "Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу" – 26 жоба;

3 секция.  "Экология және ғарыш қызметі" – 34 жоба;

05 мамыр күні сағат 10.15-ден  13.00-ге дейін:

4 секция. "Астрофизика және Ғаламның эволюциясы"  - 15 жоба;

5 секция.    "Күн жүйесі" – 22 жоба.

Жалпы жобаларға қатысқан 161 оқушының 116 проектінің ішінде  1 орынға иелеген 10 жоба, 2 орын – 15 жоба, 3 орын – 26 жоба.

Ғылыми жарыстардың қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР БҒМ I,II,III дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс және қола медальдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар тізімі ОМН