Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде мектеп пен мұғалімдердің алдында тұрған бірінші негізгі сұрақ: «21 ғасырда оқушылар нені үйренуі керек?», «Білім мен тәрбие жүйесінде қандай құндылықтарды қалыптастыру маңызды?» Мұғалім жаңа заманауи балаланы қалай дайындауы керек?

Осы сұрақтарға жауап алу үшін, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 15-17 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университеті (Алматы облысының Қаскелен қаласы) базасында «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» тақырыбында республикалық педагогикалық конференциясын (бұдан әрі – конференция) өткізеді.

Конференцияның мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.

Конференцияның жұмысына арнайы белгіленген квотаға сәйкес, аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, орталық қызметкері, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары шақырылады. 

Конференцияда тәжірибе алмасу, мұғалімдердің әртүрлі тұжырымдарды, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін таныстыруды қамтитын мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.

Әр қатысушыға а.ж. 10 шілдесіне дейін міндетті түрде жеке http://tiny.cc/Tamyz2023 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өту қажет.

Іссапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылардың конференцияға келу күні – 14 тамыз, аяқталуы – 17 тамыз. С. Демирель атындағы университетте тұру  бір адамға тәулігіне 10 000 теңгені  құрайды.

Университеттің мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі- 1/1.

Конференцияға қатысу үшін обылыстық білім басқармасынан сұранысты берілген қосымшаға сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: baktiyar_s@daryn.kz тел: 57-01-42

Қатысушының аты-жөні (жеке құжат бойынша) Облыс, қала, аудан Жұмыс орны Қызметі Қонақ үй қажеттілігі Байланыс  телефоны
           

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 8-7172-57-01-42, 

8-701-335-84-13 Сайран Бәкенұлы, 8-771-100-89-33 Гүлден Серікқызы

Мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтарының тамыз кеңесіне қатысушылардың нормасы (квотасы)

Облысы Мектептер саны МББҰ директоры МББҰ директорының орынбасары Өңірлік орталық басшылары Өңірлік орталық қызметкері Барлығы
1 Абай 3 3 3 1 1 8
2 Ақмола 5 5 5 1 1 12
3 Ақтөбе 3 3 3 1 1 8
4 Алматы 6 6 6 1 1 14
5 Атырау 7 7 7 1 1 16
6 Батыс-

Қазақстан

5 5 5 1 1 12
7 Жамбыл 6 6 6 1 1 14
8 Жетісу 3 3 3 1 1 8
9 Қарағанды 10 10 10 1 1 22
10 Қостанай 3 3 3 1 1 8
11 Қызылорда 5 5 5 1 1 12
12 Маңғыстау 3 3 3 1 1 8
13 Павлодар 14 14 14 1 1 30
14 Солтүстік– Қазақстан 5 5 5 1 1 12
15 Түркістан 12 12 12 1 1 26
16 Ұлытау 2 2 2 1 1 6
17 Шығыс-

Қазақстан

6 6 6 1 1 14
18 Шымкент қ. 6 6 6 1 1 14
19 Алматы қ. 11 11 11 1 1 24
20 Астана қ. 5 5 5 1 1 12
21 РББҰ 7 7 7 0 0 14
Барлығы: 127 127 127 20 20 294