Математика пәні мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» атты республикалық онлайн-семинар

Білім беру саласындағы маңызды тренд сандық технологияларды белсенді пайдалану және оқытудың онлайн-форматтарын кеңіне қолдану болып табылады.

2020 жылғы 11-13 қараша күндері он-лайн форматында (Zoom платформасы арқылы) білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері үшін математика пәнінен «Бастауыш мектепте олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты–жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мұғалім тәжірибесін, білімін жетілдіру, олимпиадаға әзірлеудің ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық аспектілерін үйрету, оқушының логикалық ойын дамытудың әдістемесін ұсыну. Аудандық, республикалық олимпиада есептерінің шығару жолдарын талқылау және мектеп бағдарламасындағы күрделі есептерді шығару.

Семинар жүргізушілері:

  1. Қасенов Сырым Еркінұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторы.
  2. Асқар Аманжол Inter Linqua мектебінің математика мұғалімі Халықаралық, республикалық пән олимпиадаларының жеңімпазы.

Онлайн-семинар бағдарламасында: әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық есептерін шығару жолдарын үйрену.

Семинар арқылы, мұғалім баланың:

  • пәндік дағдыларды жетілдіреді;
  • дарынды балалардың оқу мотивациясын арттырады;
  • зерттеу және өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын, интеллектуалды қабілеттер мен стандартты емес ойлауын дамытады;
  • өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгертеді;
  • оқуға деген қызығушылығын арттырып, математикалық олимпиадалар мен конкурстардағы жеңістерге жетелейді.

Іс-шараға қатысушылар жеке http://tiny.cc/KemelSeminar сілтемесі арқылы алдын–ала тіркелуі қажет. Семинарға қатысу туралы сілтеме қатысушылардың жеке почталарына қосымша жіберіледі.

Барлық қосымша ақпарат телеграмм-канал арқылы немесе 87071078933 (Гульден Серікқызы) телефоны арқылы алуға болады.

Республикалық семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы 15 000 теңгені құрайды. Ұйымдастыру жарнасын кез келген банктің бөлімшелерінен немесе Қазпоштаға төмендегі реквизиттерге аудару қажет:

Реквизиттер:

РГКП РНПЦ “ДАРЫН”

МАҚСАТЫ: «Республикалық семинар» (АТЫ-ЖӨНІ ОБЛЫСЫ, ҚАЛАСЫ, МЕКТЕП)

БИН 990240007434

ИИК (IBAN)KZ566010111000021443

БИК HSBKKZKX

АСТАНА АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫ №119900

АҚ “ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ”, АСТАНА қаласы

КБЕ 16, КНП 861

Сондай-ақ, ұйымдастыру жарнасын KASPI.KZ мобильді қосымша сервисі арқылы комиссиясыз төлеуге болады. Ол үшін “Төлемдер” бөлімінде Нұр-Сұлтан қаласын таңдап, “Курстар” қызметін таңдаңыз. Бұл бөлімде “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығын таңдаңыз.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8 (7172) 29-49-98; 8-707-107-89-33 Гульден Сериковна, 8747 -328-83-08 Сайран Бәкенұлы.

Дата

Ноя 11 - 13 2020
Expired!

Метки

События Учителям

Организатор

Отдел педагогического мастерства и психологической службы
Телефон
8-7172-29-49-98