«Жапония мектептерінде білім берудегі заманауи инновациялар» тақырыбында халықаралық тағылымдама

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Халықаралық Экология, Инженерия және Педагогика ғылымдар Академиясымен бірлесе а.ж. 24 ақпан

2 наурыз күндері Токиоға (Жапония) «Жапонияда мектептерінде білім берудегі заманауи инновациялар» тақырыбында халықаралық тағылымдаманы ұйымдастырады (бұдан әрі -тағылымдама).

Тағылымдаманың мақсаты: білім беру ұйымдарына бару, оқыту идеологиясымен және білім беру процесінің негізгі принциптерімен танысу, оқу бағдарламаларын қолдау үшін инновациялық әдістемелерді пайдалану, сыни ойлау мен дербестікті дамытуға баса назар аударатын оқыту әдістеріне шолу, негізгі оқу бағдарламалары мен қосымша пәндер, оқу процесінде жапон мәдениетін интеграциялай отырып, материалдық-техникалық базамен танысу болып табылады.

Халықаралық тағылымдамаға білім басқармасының өкілдері, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтардың, мамандандырылған және республикалық білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары қатыса алады.

Тағылымдама қатысушылары үшін білім беру ұйымдарына бару жоспарланып отыр:

-Токио Гакуя университетінің жанындағы орта мектеп;

-Сейгакуин бастауыш мектебіне;

-Ikubunkan Global High School;

-Фукушима мектебіне;

-Хирудағы бастауыш және орта мектебіне.

Сондай-ақ, тағылымдама аясында Киосуми Гарден Жапон бағы мен Одайба аралына бару, Йокогама саябағына, болашақ Мирайкан мұражайына, Император сарайына, Ниджубаши көпіріне, шамдар аллеясына, Токио Почтамптына, Асакуса ауданына, Сенсо-Джи храмына және т. б. экскурсиялық бағдарлама бар.

Бағдарлама

Халықаралық тағылымдама бойынша толық ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 778 533 40 00.

Білім басқармасының басшылары, МББҰ, РББҰ директорларымен бекітілген сұранысты 10 ақпанға дейін g.berdenova@daryn.kz поштасына жіберуді сұраймыз.

Барлық қатысушылар жеке http://tiny.cc/seminarTokyo сілтемесі арқылы өтуі тиіс. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен.

Ұйымдастыру жарнасы – 2.450.000 теңге (әуе қатынасы ұйымдастыру жарнасының ішінде).