Дайындал! Назар аудар! Алға!
2020 жылдың 20-25 қазан аралығында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған «Шексіз өмір» республикалық фестивалі өтеді»
Ұйымдастыру алқасы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Қатысу үшін:
- Ниет білдірген қатысушыға а.ж. 20 қазанына дейін http://tiny.cc/Sheksizomir сілтеме бойынша тіркеуден өту қажет.
- Өзіңіздің әуестігіңізді ұсынғыңыз келетін номинацияны таңдаңыз:
1) Вокалдық орындау: жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту.
2) Би билеу, оның ішінде арбамен билеу.
3) Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер.
4) Сәндік-қолданбалы шығармашылық.
5) Техникалық өнертабыстар.
6) Компьютерлік әзірлемелер, робототехника.
- Ұйымдастыру комитетіне «Шексіз өмір» республикалық фестивалін өткізу ережелеріне сәйкес өзінің әуестігінің бейне-презентацияларын ұсыну»:
1) вокалдық орындау: қатысушының жеке орындауындағы бейнежазба, тек «-1» фонограммаларын пайдалануға немесе аспаптық сүйемелдеуге (титрлерде қатысушының аты-жөнін, әннің авторын және композиторын көрсету қажет) жол беріледі;
2) би өнері, соның ішінде мүгедектер арбасындағы би: бидің бейнежазбасы 4 минуттан аспау керек (титрлерде қатысушының аты-жөні, бидің аты көрсету қажет);
3) көркем шығармашылық (кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер) өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөні, жұмыстың атауы көрсетілсін);
4) сәндік-қолданбалы шығармашылық: өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөнін, жұмыс атауын көрсету);
5) техникалық өнертабыстар: өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөнін, өнертабыстың атауын көрсету);
6) компьютерлік әзірлемелер, робототехника: өз жұмысының презентациясы 3 минуттан аспайтын бейнежазба беру керек (титрлерде қатысушының аты-жөні, өнертабыстың атауын көрсету).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалін өткізді.
Фестивальдің мақсаты - ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар шығармашыл дарынды балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Фестивальдің міндеттері:
1) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қоғамның әлеуметтік, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріне бейімдеу;
2) балалардың тең мүмкіндіктерін іске асыруға мүмкіндік беретін кедергісіз ортаны дамыту және танымал ету болып табылады;
3) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдауға бағытталған шығармашылық қабілеттерін іске асыруда әріптестікті орнату және кеңейту;
Фестивальге жалпы 101 оқушы, республиканың әр аймағынан 4 ұжымдық топ қатысты.
Фестиваль екі кезеңде өтті: бірінші кезең - іріктеу (аймақтық); екінші кезең - республикалық, оған бірінші аймақтық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Фестивальге «Вокалдық орындау жеке ән айту, вокалдық ұжым, ымдау тілінде ән айту» номинациясы бойынша 22 бала, «Би билеу, оның ішінде арбамен билеу» номинациясы бойынша 4 би ұжымы және 13 жеке орындаушылар, «Көркем шығармашылық: кескіндеме, портрет, графика, фотоөнер» және «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» номинациялары бойынша 37 оқушы, «Техникалық өнертабыстар» және «Компьютерлік әзірлемелер, робототехника» номинациялары бойынша 22 оқушы қатысты.
«Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдың қазылар алқасы шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО I II III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Фестивальде орын алмаған қатысушылардың бәрі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен марапатталады.
«Шексіз өмір» республикалық фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Марапатталғандардың тізімі