2025 жылғы 21–26 сәуір аралығында Мәскеу облысының Королёв қаласында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша балалар мен жастардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларына арналған «Адам – Жер – Ғарыш» («Созвездие» олимпиадасы) атты Бүкілресейлік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Биылғы жылы олимпиада Ресейдің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушыларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 9–11 сыныптарынан 50 оқушыны біріктірді. Қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін, идеялардың өзіндік ерекшелігін және ғылыми ізденіске деген ұмтылысты көрсетті.

Қазақстандық қатысушылардың жұмыстары жоғары ғылыми деңгейі, өзектілігі және практикалық бағыты үшін қазылар алқасы тарапынан атап өтілді. Қазақстандық оқушылардың қатысуы олимпиаданың халықаралық мәртебесін айқындап, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: