Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылдың 27-29 сәуір аралығында Алматы қаласы №81 мектеп-гимназиясының базасында,                     «Химия және биология пәндерi бойынша әртүрлi деңгейдегi олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.

Семинардың мақсаты: химия және биология пәндері бойынша оқушыларды олимпиадаларға дайындауды ұйымдастыру және әдістемесі мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың зерттеу және талдау дағдыларын дамыту бойынша тиімді тәжірибе және заманауи тәсілдермен алмасу.

Семинардың міндеттері:

  • химия және биология пәндері бойынша әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды шешудің заманауи тәсілдері мен әдістемелерін қарастыру;
  • оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша педагогтердің кәсіби дағдыларын жетілдіру;
  • олимпиадалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жіберетін типтік қателерді талдау және олардың алдын алу жолдарын айқындау;
  • педагогтердің білім алушылардың зерттеушілік, талдамалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру біліктерін дамыту;
  • олимпиадаларға дайындық бойынша озық педагогикалық тәжірибе мен тиімді практикалар алмасуды қамтамасыз ету;
  • қатысушыларды пәндік олимпиадаларды өткізудің жаңа форматтары мен үрдістерімен таныстыру;
  • оқушылардың химия мен биологияны тереңдетіп оқуға деген ынтасын арттыруға ықпал ету.

Семинарға білім беру ұйымдарының химия және биология пәні мұғалімдері шақырылады.

Семинар аясында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Белгіленген квотаны сақтай отырып (әр аймақтан 4 адамнан аспайды: химия және биология пәні бойынша 2 қатысушыдан) семинарға қатысу туралы сұранысты (басшылықпен бекітілген) а.ж. 15 сәуірге дейін берілген үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар 17 сәуірге дейін міндетті түрде http://tiny.cc/Semchemistryandbiology202 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

  Қатысушының

аты-жөні (толық)

Жұмыс орны Пәні Еңбек өтілі Телефон,

e-mail

           

Қатысушылардың келу күні 27 сәуір, семинардың басталуы 28 сәуір, аяқталуы 29 сәуір сағат 18.00-ден кейін. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (семинардың ұйымдастыру жарнасы 25 350 теңге, олимпиаданың - 4500 теңге,  жолы, тамақтануы, тұруы) төленеді.

Мектеп мекен-жайы: Алматы қаласы, Бұхар жырау 38.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 57-65-40 телефонына хабарласуға болады.