ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2025 жылғы 22-25 желтоқсан аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында «Bebras» информатика бойынша ойын-конкурсын өткізеді (бұдан әрі –Конкурс).

Конкурс оқушылардың логика, алгоритмдеу және информатика салаларындағы интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларға қызығушылығын арттыру, цифрлық сауаттылығын қалыптастыру, сондай-ақ сыни және есептік ойлауды дамытуға бағытталған танымдық тапсырмаларды орындауға тарту мақсатында өткізіледі.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының
5-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқушыларға 3 қадамды орындау қажет:

  1. Аккаунттың болуы.

2025 жылғы 8 желтоқсан сағат 10:00-ден 20 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, аккаунттың тіркелгенін тексеру қажет және аккаунт деректері, яғни, қатысушының аты-жөнін, сыныбын, мектебін, оқыту тілін дұрыс толтырылғанына көз жеткізу керек (деректерді өзгерту тек тіркелу уақытында қолжетімді). Егер аккаунт тіркелмеген болса, сол мерзім аралығында сайтқа тіркелу қажет.

  1. «Қатысуды растау».

2025 жылғы 8 желтоқсан сағат 10:00-ден 20 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін жеке кабинетке кіріп, «Қатысуды растау» батырмасын басып, ашылған терезедегі нұсқауларды орындаңыз.

  1. Тестті орындау.

2025 жылғы 22-25 желтоқсан аралығында жеке кабинетке кіріп «Бастау» батырмасын басыңыз – экранда деректерді тексеру беті ашылады.
Сынып дұрыстығын тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Бастау» батырмасын басыңыз. Қате деректер болса, түзетіп, тестті бастаңыз. Тестті орындап болған соң «Отправить» батырмасын басыңыз. Маңызды! «Отправить» батырмасын басқаннан кейін тек өзіңіз белгілеген жауаптарды ғана көре аласыз. Олар дұрыс жауаптар емес!

Сұрақтар саны сыныпқа байланысты әр түрлі болады. Олармен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://games.daryn.kz/degree-keng/bebras/2025/bebras-subjects.php

Конкурс ағымдағы жылдың 22 желтоқсан сағат 10:00-де басталып,
25 желтоқсанда 20:00-де аяқталады. Қатысушылар конкурс тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы болатын кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану қажет. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын
2025 жылдың 31 желтоқсанында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттерінде көре алады. Қатысушыны дайындаған мұғалімдердің деректерін (ЖСН, толық аты-жөні) Конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін марапатты жүктеу кезінде енгізу мүмкіндігі беріледі.