XXXIII АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ МЕН МАТЕМАТИКАДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ XX «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ОЛИМПИАДАСЫ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 13-15 наурыз аралығында XXIІ Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы (бұдан әрі - «Жібек жолы» олимпиадасы) Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика базасында өткізілді.

Бұл халықаралық олимпиада қашықтықтан өтеді. Яғни, жергілікті қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағарлау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алады және өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізеді. Осы олимпиадаларға қатысушы елдердің жыл сайынғы отырыстары Халықаралық математикалық олимпиаданы (IMO) өткізу кезінде өтеді. Олимпиадаларды қашықтықтан өткізу формасы көптеген оқушыларға осы беделді халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

«Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдер қатысады: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Иран елдері қатысты.

Қазақстаннан «Жібек жолы» олимпиадасына 157 қатысушы қатысты. Қатысушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық және қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Олимпиада резервінің мүшелері.

Олимпиада Астана уақытымен 2023 жылғы 13 наурыз сағат 10.00-де басталып, 14.30-да аяқталды. Олимпиаданың ұзақтылығы – 4,5 сағат.

Жұмыс координациясы 2023 жылғы 15 наурызда сағат 10.30 – 13.00 аралығында офлайн форматта өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 3 оқушы, II дәрежелі дипломмен - 6 оқушы және III дәрежелі дипломмен - 26 оқушы марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны – 35.

Нәтижесін көру

2022 жылдың 8 наурызында Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің базасында математикадан ХХІ Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы офлайн форматта өтті.

 

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай, Тәжікстан және т.б елдердің жас математиктері осы сайыста өз білімдерін сынады.

 

Өткен жылдан бастап қатысушы елдер кеңесінің шешімімен Қазақстан ресми түрде аталмыш олимпиаданың үйлестіруші елі болып, бұл міндеттерді Түркиядан алып отыр.

 

Биылғы олимпиадаға 10 елден команда қатысты. Қазақстаннан 2020-2021 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған «математика» пәні бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық және қорытынды кезеңдерінің 136 жеңімпазы мен жүлдегерлері қатысып, бағын сынады.

 

Олимпиада 7 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де басталып, 14.30-де аяқталды. Жұмысты үйлестіру офлайн режимде жүзеге асырылды.

 

Үйлестіру мен апелляцияның айырмашылығы – қазылар алқасы қатысушылардың ұпайларын қатысушылардың өздерімен емес, топ жетекшісімен талқылады.

Олимпиаданың қорытынды нәтижелері апелляциялық жұмыс толық аяқталғаннан кейін шығарылды.

 

Олимпиада нәтижесі бойынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен 8 оқушы, II дәрежелі дипломымен 14 оқушы және III дәрежелі дипломымен 24 оқушы марапатталды. Барлығы 46 жеңімпаз бен жүлдегер.

 

Олимпиада қорытындысының жеңімпаздарға беретін артықшылығы:

  • жеңімпаздарға Білім және ғылым министрінің қолы қойылған дипломдар беріледі. Бұл өз кезегінде, шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға қабылданар кезде басымдық береді (талапкерлерлердің балдары бірдей болған кезде олимпиадашыға басымдық беріледі);
  • Халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) қатысатын Ұлттық құрамаға төрт олимпиада: Халықаралық Жәутіков олимпиадасы, Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы, Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы, Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңінде ең жоғары ұпай жинаған 18 білімпаз іріктеліп алынады. Олимпиадалық резевке енген 18 оқушы оқу-жаттығу жиынына қатысып, соның нәтижесі бойынша Ұлттық құрама командаға 6 үздік оқушы таңдалады. Яғни, «Жібек жолы» олимпиадасы да Халықаралық олимпиадаға қатысуға зор мүмкіндік береді.

 

Естеріңізге салсақ, өткен 2021 жылы математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында қазақстандық білімпаздар 3 алтын, 19 күміс және 27 қола медаль еншілеген болатын.

========

Жеңімпаздар тізімі

Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz

8 марта 2022 года в офлайн режиме будет проведена XXXIII Международная математическая олимпиада «Шелковый путь» (далее - МОШП) в городе Алматы на базе механико-математического факультета Казахского Национального Университета имени аль-Фараби (далее- КазНУ).

В МОШП примут участие страны, расположенные вдоль Великого шелкового пути: Казахстан, Узбекистан, Кыргызстан, Туркменистан, Турция, Азербайджан, Китай, Таджикистан и др. С прошлого года по решению заседания стран-участниц МОШП Казахстан официально является страной-координатором МОШП, приняв эти обязанности от Турции.

Местные оргкомитеты стран-участниц предварительно получают от соответствующих координационных комитетов условия задач и критерии оценивания, и самостоятельно проводят олимпиады в своих странах в одно и то же время. Дистанционная форма проведения олимпиад позволяет большому количеству школьников принять участие в этих престижных международных соревнованиях.

Ожидается, что в текущем году в олимпиаде примут участие команды из 10 стран.

От Казахстана в МОШП примут участие 136 школьников, победители и призеры областного и заключительного этапов республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам и республиканской юниорской олимпиады по предметам естественно-математического направления для учащихся 7-8 классов 2020-2021 уч. года по предмету «Математика».

Олимпиада начнется 8 марта в 10.00 утра по времени г. Нур-Султан, продолжительность – 4,5 часа. Окончание олимпиады - 14.30 часов.

Координация работ будет проведена в офлайн режиме.

Отличие координации от апелляции в том, члены жюри обсуждают баллы участников не с самими участниками, а с руководителем команды. Итоги олимпиады будут подведены после завершения координации.

Ағымдағы жылдың 9-10 наурызда XXXIII қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы және Математикадан халықаралық  XX «Жібек жолы» олимпиадасы онлайн тәртібінде өткізілді.

Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

2021 жылғы Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Түркия және т. б. сияқты 38 елден оқушылар қатысты.

Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және т. б. Сияқты елдер қатысты.

Қазақстаннан аталған олимпиадаларға 120-дан астам оқушы қатысты, олардың барлығы "Математика"пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Айта кетерлігі, біздің оқушылар бұл олимпиадаларға 2003 жылдан бері қатысып келеді.

Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстаннан 45 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Оның ішінде I дәрежелі дипломдармен – 3 қатысушы, II дәрежелі дипломдармен – 16 қатысушы, III дәрежелі дипломдармен – 26 қатысушы марапатталды.

Математикадан халықаралық "Жібек жолы" олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстаннан 49 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Олардың ішінде I дәрежелі дипломдармен – 2 қатысушы, II дәрежелі дипломдармен – 20 қатысушы, III дәрежелі дипломдармен – 27 қатысушы марапатталды.

Жас математиктерімізді құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

ХХХIII Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы мен математикадан халықаралық  XX «Жібек жолы» олимпиадасы 9-10 наурыз күндері аралығында қашықтықтықтан өтеді. Бұл математикадан дарынды оқушылардың зияткерлік жарысы.

Олимпиадаларға республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытынды хаттамасына сәйкес, әр сынып бойынша 2 қатысушыдан аспайтын математика пәні бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері ғана қатысады.

АТМО мен МХЖО-на  бір мезгілде әлемнің қырықтан астам елі қатысады: Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика және т. б.

Ағымдағы жылы олимпиадаға математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 120 оқушы қатысады.

АТМО ағымдағы жылдың 9 наурыз күні және МХЖО-сы 10 наурыз күні  қашықтықтан өтеді.

Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Астана қ., Республика даңғылы, 34а, «Нұр тау»

8(7172) 29-50-76