Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2021 жылғы 18-23 шілде аралығында Португалияның Лиссабон қаласында қашықтықтан онлайн форматта өтетін биологиядан халықаралық олимпиадаға (бұдан әрі – ІВО) қатысады.
ІВО 15-21 жас аралығындағы қатысушылар арасында биологидан жыл сайын өткізілетін халықаралық ғылыми жарыс.
ІВО тұңғыш рет 1990 жылы Чехословакияда өткізілді. Қазақстан құрама командасы ІВО-ға 1996 жылдан бастап қатысып келеді. Әрбір қатысушы ел биологиядан ұлттық олимпиаданың 4 жеңімпазынан құралған команданы жіберуге құқылы. ІВО 2 кезеңнен тұрады. Барлық командалар теориялық және практикалық турлардың тапсырмаларын орындау бойынша жарысады. ІВО қорытындылары жеке есеп көрсеткіштерімен шығарылады.
ІВО-ға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы #2_алтын, #14_күміс, #49_қола медаль және #11_Құрмет_грамотасын иеленді. 2019 жылы Қазақстан құрама командасы #3_қола_медаль иеленген болса, 2020 жылы #1_қола медаль және #2_құрмет грамотасын иеленді.
Биылғы жылы ІВО-ға қатысатын Қазақстан құрама командасы биологиядан өткен 2021 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен, сондай-ақ олимпиада резервінің мүшелернен жасақталды.
Құрама команда мүшелері:
Темірбеков Ерасыл – Өскемен қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Әбдуәлі Гүлдана – Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Батыржанов Ернар– Ақтөбе қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;
Ерназаров Бақдәулет – Алматы қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 9 сынып оқушысы.
Ескертпе: Өткен жылы құрама команда 1 қола медаль мен 2 грамотаны жеңіп алды.
Құрама команданың жаттықтырушылары:
Сагинтаев Адлет Алтынбекович – биология ғылымдарының магистрі, Сүлейман Демирель университетінің аға оқытушысы;
Сакимов Ильяс Кабиденович – биология ғылымдарының магистрі, «EdLight Education Support» орталығының әдіскері.
Қазақстан құрама командасының мүшелеріне сәттілік тілейміз және жеңіске жететіндеріне үлкен сенім артамыз!