Қазақстан құрама командасы 2021 жылғы 17-25 шілде аралығында қашықтықтан өткізілетін физикадан халықаралық олимпиадаға (IPhO-2021) қатысады. Ұйымдастырушы ел – Литва (Вильнюс қ.).
Оқушыларға арналған физикадан халықаралық олимпиада – бұл әр түрлі елдердің оқушылары арасында физика пәнінен жыл сайынғы халықаралық жарыс.
Алғашқы Олимпиаданы 1967 жылы Варшава қаласында (Польша) профессор Чеслав Щчисловский ұйымдастырып өткізген болатын. Жарыстың пайда болу себептерінің бірі халықаралық математикалық олимпиаданың (IMO) сәтті өткізілуі және олимпиаданы өткізудегі тәжірибе болды.
Қазақстан алғаш рет 1997 жылы Канадада өткен 28-ші Олимпиадаға қатысып, 2 құрмет грамотасына ие болған болатын. Олимпиадаға қатысқан жылдары еліміздің құрама командасы 13 алтын, 32 күміс, 28 қола және 25 құрмет грамоталарына ие болды.
Қазақстан құрама командасынан 5 оқушы, 2021 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.
Қазақстан ұлттық командасының құрамы:
Қалдыбаев Рауан – Нұр-Сұлтан қ. Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Драганчук Антон – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Рахимжанов Динмухаммед – Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
Алпамыс Ризабек – Атырау қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 10 сынып оқушысы;
Пітебай Ерсултан – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы.
Ұлттық команданың жаттықтырушылары:
Давлетов Аскар Ербуланович – ҚР ҰҒА корр-мүшесі, ф-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің профессоры;
Максутов Самат Муратбекулы – PhD докторы, Сүлейман Демирел университеті профессорының ассистенті;
Бейсенов Бекмұрза Уласбекұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің докторанты.
Ескертпе: Өткен жылы құрама команда 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.