Қазақстан құрама командасы химиядан халықаралық олимпиадаға (IChO-2021) қатысатындығы туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстанның ұлттық құрама командасы химиядан халықаралық олимпиадасына (бұдан әрі – ІChО) қатысады, ол қашықтық форматта 2021 жылғы 24 шілде – 2 тамыз аралығында өтеді. Ұйымдастырушы ел – Жапония (Осака қаласы). Химиядан халықаралық олимпиада – бұл жыл сайын мектеп оқушыларына арналған химия пәні бойынша сайыс. 

ІChО-ның мақсаты – оқушылардың химия ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру. Әр елден төрт қатысушыдан, ұлттық химия олимпиадасының жеңімпаздары мен екі тренерден тұратын құрама команда қатысады. Ресми түрде, IChO – бұл жеке чемпионат.

ІChО алғаш рет Чехословакияның Прага қаласында 1968 жылы өткізілді, Қазақстан құрама командасы алғаш рет 1999 жылы ІChОға қатысты.

ІChО-ға қатысқан жылдары Қазақстан құрама командасы 81 наградаға ие болды, оның ішінде 6 алтын медаль, 26 күміс медаль, 45 қола медаль және 4 құрмет грамотасы. 2019 жылы Қазақстан құрамасы 1 күміс және 3 қола, 2020 жылы 4 қола медаль жеңіп алды.

ІChО 1 теориялық кезеңнен тұрады. Оқушыларға ІChО-ға қатысуға, үйден шықпай-ақ әлемнің үздік құрамалары арасында өз күштерін тексеруге мүмкіндік беріледі.

Әдеттегідей, Қазақстан құрамасы 4 команда мүшесінен және 2 тренерден тұрады. Қазақстан құрама командасының құрамында:

Туруспекова Айгерім – Алматы қаласы қыздарға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Қаирбек Хайдар – Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;

Бисенәли Санжар – Нұр-Сұлтан қаласы физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Қасымалы Мадияр – Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

Құрама команда жаттықтырушылары:

Төлеп Ернұр Бақтиярұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің  химиялық инженерия және процестер магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;

Аманжолов Азим Жетесович – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;

Моргунов Антон Алексеевич         – Массачусетс технологиялық университетінің студенті, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

Ескертпе: Өткен жылы Қазақстан құрамасы 4 қола медальға ие болды.