Қазақстанның ұлттық құрама командасы 2021 жылғы 24 шілде – 2 тамыз аралығында Жапонияның Осака қаласында ұйымдастырылған 53-ші Химиядан халықаралық олимпиадасына (бұдан әрі – ІChО) онлайн форматта қатысты. Химиядан халықаралық олимпиада – бұл жыл сайын мектеп оқушылары арасында өткізілетін химия пәні бойынша білім сайысы.
ІChО-ның мақсаты – оқушылардың химия ғылымдарына деген қызығушылығын арттыру. Әр елден төрт қатысушыдан, ұлттық химия олимпиадасының жеңімпаздары мен екі тренерден тұратын құрама команда қатысады. Ресми түрде, IChO – бұл жеке чемпионат.
ІChО алғаш рет Чехословакияның Прага қаласында 1968 жылы өткізілді. Қазақстан құрама командасы алғаш рет 1999 жылы ІChОға қатысқан болатын.
ІChО-ға қатысқан жылдары Қазақстан құрама командасы 81 наградаға ие болса, оның ішінде 6 алтын медаль, 26 күміс медаль, 45 қола медаль және 4 құрмет грамотасы бар. 2019 жылы Қазақстан құрамасы 1 күміс және 3 қола, ал 2020 жылы 4 қола медаль еншілеген болатын.
ІChО 1 теориялық кезеңнен тұрды. ІChО-ға оқушылар, үйден шықпай-ақ қатысып, әлемнің үздік құрамалары арасында өз білім күштерін тексеру мүмкіндігіне ие болды.
Әдеттегідей, Қазақстан құрамасы 4 команда мүшесінен және 2 тренерден құралды. Қазақстан құрама командасының құрамында енген оқушылар:
🥈КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ | Қаирбек Хайдар – Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
🥉КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ | Бисенәли Санжар – Нұр-Сұлтан қаласы физико-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;
🥈КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ | Қасымалы Мадияр – Қарағанды қаласы №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
🥇 ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ | Туруспекова Айгерім – Алматы қаласы қыздарға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы.
Биылғы жылғы құрама командасын дайындаған жаттықтырушыларымыз:
Төлеп Ернұр Бақтиярұлы – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің химиялық инженерия және процестер магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;
Аманжолов Азим Жетесович – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;
Моргунов Антон Алексеевич – Массачусетс технологиялық университетінің студенті, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.
Ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиынында сапалы жұмыс жасаған жаттықтырушыларға алғыстарын білдірді.
«Барлық қатысушылар химия пәнінен ең маңызды олимпиадаға мұқият дайындалды. Біздің күш-жігеріміздің ақталғанына қуанышымыз шексіз. Жоғары деңгейде өтіп жатқан ауқымды жарыс болғандықтан, тапсырмалар да қиын болды. Бірақ біздің құрама оған дайын еді. 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алдық. Бізді әрдайым қолдайтын жаттықтырушыларымызға, мұғалімдеріміз бен ата-аналарымызға алғысымыз шексіз», – деді күміс медаль иегері Қайырбек Хайдар.
Тамыз айының ортасында НЗМ түлегі Қайырбек Хайдар Америка Құрама Штаттарындағы Колби колледжінде бакалавр дәрежесін алу мақсатымен оқуға аттанады.
Ескертпе: Өткен жылы Қазақстан құрамасы 4 қола медаль еншілегенін естеріңізге саламыз.