Мектепте қандай өзгерістер болуы керек, біз сенімді түрде: «өзгеріске дайынбыз» деп айта аламыз ба? Мектеп басшысы тағы не нәрсеге назар аударуы керек? Бұл өзгерістермен бүкіл команданы қалай тез және тиімді түрде таныстыру және оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау керек?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 10-11 тамыз күндері Сүлейман Демирель атындағы университеті базасында мамандандырылған білім беру ұйымдары педагогтары үшін «Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін трансформациялау: сын-қатерлер, мүмкіндіктер, жауапкершілік» тақырыбындатамыз педагогикалық кеңесін өткізеді.
Педкеңестің мақсаты – мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшыларына білім сапасын арттырудың нақты жағдайларын талқылау үшін диалог алаңын ұйымдастырып, дарынды балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша практикалық тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыру.
Тамыз педкеңесінің жұмысына аймақтық «Дарын» орталықтарының басшылары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу, тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарлары және псигологтер шақырылады.
Педкеңестің педагогикалық алаңдарында шеберлік сабақтар, тренингтер және мәселелерді талқылап, пленарлық отырыс өткізу жоспарлануда.
Университеттің мекенжайы: Алматы облысы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі- 1/1.
Кері байланыс:
мекенжай: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғ., 8
телефон: +7 (7172) 570-139
e-mail: media@daryn.kz