«ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

🪕Бүгін, Алматы облысының Жамбыл ауданында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы басталды. Республикалық айтысқа 40 оқушы қатысуда.

🎶«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізу мақсаты:

🪈оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау;

🪈суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

🪈оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру;

🪈айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсету;

🪈оқушылармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

🪗Айтыс екі номинация бойынша өткізіледі:

– Тақырыптық айтыс. Бұл жерде оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлау керек, бір біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білу керек.

– Қайым айтыс. Қайым айтыстың негізгі шарты — айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолында жауап қайтару.

🥇🥈🥉Республикалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бас жүлделері мен I, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» РҒПО-ның «Есенқұл Жақыпбеков», «Есдәулет Қандеков», «Әлімқұл Жамбылов», «Үмбетәлі Кәрібаев» аттарындағы арнайы жүлделі дипломдарымен марапатталып, барлық оқушыға қатысушы сертификаттары табысталатын болады.

🖇️Ұйымдастырушылар: «Дарын» РҒПО қолдауымен Алматы облысының Білім басқармасы және «Жас дарын» өңірлік орталығы

«Дарын»  РҒПО  «Алматы облысының Білім  басқармасы»  мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйегі күндері аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткізеді.

          «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысын өткізу мақсаты: Оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау;  суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру табылады.

Айтыс екі номинация бойынша өткізіледі:

- Тақырыптық айтыс. Бұл жерде оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын, жалпы елдегі хал-ахуалы туралы жырлау керек, бір біріне мәнді де мағыналы жауап қайтара білу керек.

- Қайым айтыс. Қайым айтыстың негізгі шарты — айтысты бастаған қарсыластың айтқан өлеңінің ұйқасын бұзбай, алғашқы екі жолын мағыналық тұрғыда ғана сәл өзгертіп, немесе сол қалпында сақтап соңғы екі жолында жауап қайтару.

«Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының өту барысы бұқаралық-ақпарат құралдарында сондай-ақ, YouTube платформасында тікелей эфирде және  әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланатын болады.

Республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл»  айтысына 35 оқушы қатысады деп жоспарлануда.

«Жыр алыбы – Жамбыл»   республикалық жас ақындар айтысының салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері Ұзынағаш мәдениет үйінің концерттік залында өтеді.

Республикалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері екі бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бас жүлделері мен I, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» РҒПО-ның «Есенқұл Жақыпбеков», «Есдәулет Қандеков», «Әлімқұл Жамбылов»,  «Үмбетәлі Кәрібаев» аттарындағы арнайы жүлделі дипломдарымен марапатталып, барлық оқушыға қатысушы сертификаттары табысталатын болады.

 

Ұйымдастыру комитеті

+7 (7277) 27-90-82

naku_abai@mail.ru