2024 жылғы 27-29 қазан аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтеді.
Конкурстың мақсаты — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, қоғамдық белсенділігін дамыту, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған өлкенің тарихы мен Қазақстанның тарихына деген құрметті күшейту.
Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық облыстары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 9-10 сыныптардан 93 оқушы қатысады. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен республикалық білім беру ұйымдарының командалары да қатысады.
Естеріңізге салсақ, конкурсқа аудандық (қалалық) кезеңде 7204 оқушы қатысып, олардың 4475-і ауыл мектептерінен болған, ал облыстық кезеңде 1696 оқушыдан 579-і ауыл мектептерінің өкілдері болды.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:
• I тур — «Қазақстан тарихы» пәнінен тестілеу;
• II тур — төрт номинация бойынша жобаларды қорғау:
1. «Менің шағын Отанымның тарихы» — қатысушылар өз елді мекендерінің тарихын бейнефильм немесе презентация форматында ашып көрсетеді (географиялық атауы, құрылу тарихы, даму кезеңдері, табиғи-климаттық ерекшеліктері, халық саны, кәсіпорындар мен мекемелер туралы ақпарат, көрнекі орындар және т.б.).
2. «Шағын Отанымның символы» — бұл номинацияда қатысушылар өздерінің туған жерлеріне деген сүйіспеншілік символын (жануар, өсімдік, адам немесе құбылыс) бейнефильм немесе презентация арқылы ұсынады және оның ерекшелігін негіздейді.
3. «Менің шағын Отанымның болашағы» — бұл номинацияда қатысушылар өздерінің туған жерінің болашағын макет түрінде бейнелейді.
4. «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» — қатысушылар өз елді мекендеріндегі танымал тұлғалар туралы эссе жазады.
Қатысушылардың жұмыстары білікті қазылар алқасы тарапынан бағаланады.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сонымен қатар «Дарын» РҒПО-ның грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Атап айтқанда, 8 – I дәрежелі, 12 – II дәрежелі және 20 – III дәрежелі диплом беріледі.
Конкурстың жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2024 жылдың 29 қазанында сағат 09:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтеді.
2024-2025 оқу жылы
Тікелей көрсетілім
Камера №1 | Қарау/Смотреть |
Камера №2 | Қарау/Смотреть |
Камера №3 | Қарау/Смотреть |
Камера №4 | Қарау/Смотреть |
Камера №5 | Қарау/Смотреть |
Камера №6 | Қарау/Смотреть |
Камера №7 | Қарау/Смотреть |
«Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсы туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы 27-29 қазан аралығында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VII республикалық интеллектуалдық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
Конкурстың мақсаты — туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, қоғамдық белсенділігін дамыту, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған өлкенің тарихы мен Қазақстанның тарихына деген құрметті күшейту.
Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық облыстары, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 9-10 сыныптардан 93 оқушы қатысады. Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен республикалық білім беру ұйымдарының командалары да қатысады.
Атап айтқанда, конкурсқа аудандық (қалалық) кезеңде 7204 оқушы қатысып, олардың 4475-і ауыл мектептерінен болған, ал облыстық кезеңде 1696 оқушыдан 579-і ауыл мектептерінің өкілдері болды.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:
- I тур — «Қазақстан тарихы» пәнінен тестілеу;
- II тур — төрт номинация бойынша жобаларды қорғау:
- «Менің шағын Отанымның тарихы» — қатысушылар өз елді мекендерінің тарихын бейнефильм немесе презентация форматында ашып көрсетеді (географиялық атауы, құрылу тарихы, даму кезеңдері, табиғи-климаттық ерекшеліктері, халық саны, кәсіпорындар мен мекемелер туралы ақпарат, көрнекі орындар және т.б.).
- «Шағын Отанымның символы» — бұл номинацияда қатысушылар өздерінің туған жерлеріне деген сүйіспеншілік символын (жануар, өсімдік, адам немесе құбылыс) бейнефильм немесе презентация арқылы ұсынады және оның ерекшелігін негіздейді.
- «Менің шағын Отанымның болашағы» — бұл номинацияда қатысушылар өздерінің туған жерінің болашағын макет түрінде бейнелейді.
- «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» — қатысушылар өз елді мекендеріндегі танымал тұлғалар туралы эссе жазады.
Қатысушылардың жұмыстары білікті қазылар алқасы тарапынан бағаланады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау: Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сонымен қатар «Дарын» РҒПО-ның грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Атап айтқанда, 8 – I дәрежелі, 12 – II дәрежелі және 20 – III дәрежелі диплом беріледі.
Конкурстың жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2024 жылдың 29 қазанында сағат 09:00-де Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтеді.
Қосымша сұрақтар үшін
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефон нөмірі:
+7 (7172) 79-58-73
2023-2024 оқу жылы
«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» АТТЫ ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ VІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫ БАСТАУ АЛАДЫ
2023 жылғы 29 қазан – 1 қараша аралығында Ақтөбе қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІ республикалық интеллектуалдық конкурсы өтеді.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың шағын Отанына деген мақтанышын арттыру.
Республикалық кезеңде еліміздің барлық өңірлерінен 9-10 сыныптың 88 оқушысы бақ сынасады.
Конкурс аясында қатысушылардың мұғалімдеріне республикалық семинар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 8348 оқушы қатысты, олардың 5085-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1470 үміткердің 573-і ауыл мектебінде білім алады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.
9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ «МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дарынды оқушыларды анықтау және олардың Қазақстан тарихына қызығушылығын ояту бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.
Конкурс 9-10 сынып оқушыларына арналған және олардың қоғамдық белсенділігін дамытуға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге, патриоттық, азаматтық, ұлттық өзін-өзі тануға және туған жерге деген мақтаныш сезімін дамытуға бағытталған.
Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтының «Іс-шаралардың ережелері» бөлімінде орналастырылған. Ережемен танысу >>>
Байқауға 9-10 сынып оқушылары қатысады.
Байқау үш кезеңнен тұрады:
1) Бірінші, аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 10 қазанында Астана уақытымен бір мезгілде сағат 10.00-де «Дарын» РҒПО дайындаған тапсырмалар бойынша аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізіледі.
2) Екінші, облыстық кезең ағымдағы жылдың 16 қазанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де өткізіледі. Ұйымдастыру және іске асыруды облыстық білім басқармалары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «РФММ» КеАҚ, «Бөбек» ҰҒПББСО жүзеге асырады.
3) Үшінші, республикалық кезең ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткізіледі. Қатысуға облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері шақырылады. Қатысушылардың келуі және тіркелуі – 29 қазан сағат 18:00-ге дейін. Ал 31-ші қазанда сағат 14:00-ден бастап қатысушылардың қайтуы жоспарланған.
Қатысуға өтінімдер 2023 жылғы 25 қазанға дейін қабылданады. Өтінім көрсетілген үлгіге сәйкес толтырылып, project@daryn.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс. Бұл ретте облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және облыстық дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орталықтардың басшылары қол қойған ілеспе хатты қоса жіберу қажет.
Өтінім Excel кестесінде төмендегі үлгіде жіберіледі:
№ | Оқушының
аты-жөні |
Номинациясы | Облысы | Мектебісыныбы | Жеңімпаз бен жүлдегер дайындаған мұғалімінің аты-жөні | Жетекшінің аты-жөні (толық),
байланыс телефоны |
11 |
Қосымша ақпарат алу үшін:
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2
Телефон: +7 (7172) 570-160
2022-2023 оқу жылы
«Менің кіші Отаным» конкурсында кімдер жеңімпаз атанды?
Тараз қ. өткен жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V Республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 9 оқушы, ІІ дәрежелі – 13, ал ІІІ дәрежелі дипломымен 22 оқушы марапатталды.
Сонымен қатар жоғары ұпай жинаған 21 қатысушы «Дарын» РҒПО алғыс хатына ие болды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздармен таныс болыңыздар:
«Менің кіші Отанымның тарихы»
1.Арсен Маккан, Түркістан обл., М.Пошанов ат. №21 орта мектеп;
2.Диана Шакирова, Астана қ., №92 мектеп-лицейі.
«Менің кіші Отанымның символы»
3.Аяулым Таева, Ұлытау обл., Абай атындағы ММИ;
4.Диас Бибол, «Білім-Инновация» лицейі.
«Менің кіші Отанымның болашағы»
5.Санат Бөгенбаев, Ақтөбе обл., Ойыл ауданы, Құрман орта мектебі;
6.Әйгерім Жәнібекқызы, Жамбыл обл., «Дарын» лицей-интернаты.
«Менің туған өлкем» (Эссе жазу)
7.Ариназ Сағынтай, Ақтөбе обл., Шалқар ауданы, №6 орта мектебі;
8.Тоғжан Қалиасқарова, Абай обл., Семей қ., Шәкәрім атындағы гимназия;
9.Еркежан Оразғали, Алматы обл., Қонаев қ., №3 орта мектеп.
Толық тізіммен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар:
——— WWW.DARYN.KZ ———
Тараз қаласында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты V Республикалық зияткерлік конкурсы басталды.
Бірінші күні қатысушылар үшін Орта Азиядағы көне қаланың киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Алдымен оқушылар "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешені мен Қарахан кесенесіне барып, пайдалы білім мен ұмытылмас әсер алды.
Сондай-ақ, балалар Талас өзенінің жағасында орналасқан "Тектұрмас" этно-тарихи кешенімен танысты. Тектұрмас - X-XIV ғасырда салынған кесененің көшірмесі. Өткен ғасырдың 30-жылдарында атеистік көзқарастарға байланысты кесене толығымен жойылған болатын. Тарихи ескерткіш 2002 жылы сақталған фотосуреттер мен археологиялық зерттеулер арқылы қалпына келтірді.
Бүгін республикалық конкурстың ашылу салтанаты мен оның негізгі турлары өтті:
І тур - Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмаларын онлайн орындау;
ІІ тур - «Менің кішкентай Отанымның тарихы», «Кішкентай Отанымның символы», «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясында презентациялар қорғау және «Менің туған өлкем» номинациясында эссе жазу.
Сондай-ақ шара аясында қатысушылардың жетекшілері үшін «Тарих пәнінде білім алушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұлттық құндылықтар негізініде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» атты семинар ұйымдастырылды.
Ертең конкурстың жабылу салтанаты мен жеңімпаз жас тарихшыларды марапаттау рәсімі өткізу жоспарланған.
«Менің кіші Отаным» конкурсының шешуші кезеңі
2022 жылдың 3-5 қараша күндері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурсы өтеді.
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кіші Отанына деген мақтанышын арттыру.
Үздіктердің үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 92 9-10 сынып оқушысы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайды. Сондай-ақ конкурсқа Назарбаев Зияткерлік мектептері мен «Бөбек» орталығының командалары қатысады.
Айта кетейік, конкурстың аудандық (қалалық) кезеңіне 9443 оқушы қатысты, олардың 6211-і – ауыл мектептерінен, ал облыстық кезеңге қатыстқан 1439 үміткердің 671-і ауыл мектебінде білім алады.
Конкурс екі тур бойынша өткізіледі:
І тур – «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
– «Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында қатысушылар елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашуы (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.) тиіс;
– «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы (өз таңдауының бірегейлігін негіздеу, дәлелдеу қажет) презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау қабылданады;
– «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы макетті презентациялау түрінде өтеді;
– «Менің туған өлкем» номинациясында конкурсанттарға өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу ұсынылады.
Қатысушылардың жұмысын білікті әділқазылар алқасы бағалайды.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.
Конкурстың ашылу салтанаты 3-қараша күні сағат 15.00-да «Бақытта болашақ» оқушылар сарайында өтеді.
Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 5-қараша күні сағат 10.00-де «Бақытта болашақ» оқушылар сарайында өтеді.
ЖАС ТАРИХШЫЛАРДЫҢ «МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» АТТЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Конкурқа облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 9-10 сынып оқушылары қатысады.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша - өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.
Конкурстың ашылу рәсімі 3 қараша күні сағат 15.00-де, жабылу салтанаты 5 қараша, сағат 10.00-де "Бақытты болашақ" оқушылар сарайында өтеді.
Толық ақпарат Конкурс Ережесінде көрсетілген және www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Команда 4 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.
Қатысушылардың келу күні – 3 қараша сағат 13:00-ге дейін, қатысушылардың кері кету күні – 5 қараша, сағат 14.00-ден кейін.
Конкурс қатысушыларының екі жаққа жол жүру билеттері, сондай-ақ жетекшілердің іс-сапар шығындары (екі жаққа жол жүру билеттері және жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен. Конкурс өткізілетін күндері қатысушылардың (оқушылардың) жатын орны мен тамақтануы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернатының (Тараз қаласы, Сатбаева көшесі, 27) базасында «Дарын» РҒПО қаражаты есебінен жүргізіледі.
Конкурс қатысушыларында өзімен бірге эпидемиологиялық ортасының таза екендігі туралы дәрігердің анықтамасы, жетекшілерде – covid-19-ға қарсы вакцинация паспорты болуы тиіс.
2021-2022 оқу жылы
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІV республикалық интеллектуалдық конкурсы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты ІV республикалық зитякерлік конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).
Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
Биылғы Конкурс Қазақтың алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойларына арналады. Ыбырай Алтынсарин - қазақ еліне білім берудің негізін қалаған көрнекті тұлға, педагогикалық мұрасы ұрпақтан ұрпаққа берілетін педагог-ағартушы.
Конкурқа облыстық кезеңде жеңімпаз атанған Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және «Назарбаев Зияткерлік мектептерінен», республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясынан 9-10 сынып оқушылары қатысады.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі екі тур бойынша өткізіледі:
І тур – Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсыру;
ІІ тур – 4 номинация бойынша:
- «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша - елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
- «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша - автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
- «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - нысан макетін презентация түрінде таныстыру;
- «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша - өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның бағалы сыйлықтарымен, грамоталарымен марапатталады.
Конкурстың ашылу салтанаты 3-қараша күні сағат 16.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өтеді.
Конкурстың жабылу салтанаты, жүлдегерлерді мараптаттау рәсімі 5-қараша күні сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің акт залында өткізіледі.
Толық ақпарат Конкурс Ережесінде көрсетілген және www.daryn.kz сайтында орналасқан.
Команда 4 оқушыдан және 1 жетекшіден тұрады.
Қатысушылардың келу күні – 3 қараша сағат 15:00-ге дейін, қатысушылардың кері кету күні – 5 қараша, сағат 15.00-ден кейін.
Конкурс қатысушыларының екі жаққа жол жүру билеттері, сондай-ақ жетекшілердің іс-сапар шығындары (екі жаққа жол жүру билеттері және жатын орны мен тамақтануы) жіберуші тараптың есебінен. Конкурс өткізілетін күндері қатысушылардың (оқушылардың) жатын орны мен тамақтануы Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының (Алматы қаласы, М. Ғабдуллин көшесі, 45) базасында «Дарын» РҒПО қаражаты есебінен жүргізіледі.
Конкурс қатысушыларында өзімен бірге эпидемиологиялық ортасының таза екендігі туралы дәрігердің анықтамасы, жетекшілерде – covid-19-ға қарсы вакцинация паспорты немесе ПЦР тестінің теріс нәтижесі (5 күнге жарамды) болуы тиіс.
2020-2021 оқу жылы
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы №440-шы бұйрығын орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, қараша айының 3-5 күндері аралығында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты ІІІ республикалық интеллектуалдық конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) өткізілгенін хабарлайды.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан онлайн режимде ұйымдастырылды.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңі ережеге сәйкес екі тур бойынша өткізілді. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен www.daryn.kz сайтында онлайн режимде тікелей видео-трансляциямен тест тапсырды. Қатысушылар ІІ турда 4 номинация бойынша Zoom платформасында өз жұмыстарын қорғады.
Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан командалар қатысты. Конкурстың аудандық кезеңіне 6658 оқушы, облыстық кезеңіне 1166 оқушы қатысса, республикалық қорытынды кезеңде 88 оқушы бәйгеге түсіп бақтарын сынады.
Қатысушылардың жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қ.Сәтбаев Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушылары, ғалымдары бағалады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 38 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 8 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Сонымен қатар, орын алған оқушыларға: бірінші орынға - смарт-сағат, екінші орынға – үстеме құлаққап (накладные наушники), үшінші орынға – «Пауэр Бэнк» зарядтағышы табысталды.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі төменде көрсетілген.
І дәрежелі диплом иегерлері:
№ | Қатысушының
аты-жөні |
Облысы | Мектебі |
1 | Сандыбаев Тамерлан | Қостанай облысы | № 29 орта мектеп Қостанай қ. |
2 | Пайзахматов Илхом | Шымкент қ. | 104 мектеп |
3 | Сағидоқас Нұрәділ | Батыс-Қазақстан облысы | Сырым ауданы, Булан орта мектебі |
4 | Петрий Екатерина | Қостанай облысы | Қостанай қаласы, № 23 орта мектеп |
5 | Әбдіхалық Серікболсын | Түркістан облысы | "Бөген" жалпы орта мектебі |
6 | Мықтыбек Бексұлтан | Шымкент қ. | 89 мектеп |
7 | Ринатқызы Амина | Нұр-Сұлтан қ. | №82 "Дарын" мамандандырылған лицейі |
8 | Мұратбек Медет | Шымкент қ. | №78 мектеп |
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
№ | Қатысушының
аты-жөні |
Облысы | Мектебі |
1 | Макашева Камила | Қарағанды облысы | Талжанов ат.орта мектеп |
2 | Савинкова Юлия | Солтүстік-Қазақстан облысы | Жамбыл облысы «И.П. Шухов атындағы Пресновская орта мектеп-гимназиясы» КММ |
3 | Гейко Татьяна | Шығыс-Қазақстан облысы | Средняя школа №2 |
4 | Нукербекова Диляра | Қарағанды облысы | «Зияткер» орта мектеп интернаты |
5 | Сулейменова Дильназ | Солтүстік-Қазақстан облысы | Тайынша ауданы «Мироновская орта мектебі» КММ |
6 | Назарбаев Нұрбақыт | Шымкент қ. | 90 мектеп |
7 | Дәулетова Лаура | Маңғыстау облысы | №7 мектеп-лицейі |
8 | Байназаров Рамадан | РББҰ | Абай атындағы РММИ |
9 | Жұмағұл Мират | "Назарбаев Зияктерлік мектебі" ДББҰ | Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі |
10 | Еген Асылжан | "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ. | "НЗМ" ФМБ Нұр-Сұлтан қ. |
11 | Кужаниязова Ақбота | Ақтөбе облысы | Қобдаауданы, Қобда гимназиясы |
12 | Оразалы Алиман | Алматы облысы | Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған №20 лицей |
13 | Прокопьева Диана | Қарағанды облысы | Корниенко атындағы КШДС |
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
№ | Қатысушының
аты-жөні |
Облысы | Мектебі |
1 | Байжұма Бексұлтан | Алматы қ. | №178 мектеп |
2 | Алтынбек Асер | Алматы облысы | М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №24 "Экономика және бизнес" мамандандырылған лицейі |
3 | Мұхтар Саябол | БИЛ Нұр-Сұлтан қ. | Дарынды ер баларға арналған «Білім-инновация» лицейі |
4 | Рашит Адема | Павлодар облысы | Аққулы ауданы, Малыбайская орта мектебі |
5 | Павлухина Анастасия | Ақмола облысы | Сандықтау ауданы, Максимовка орта мектебі |
6 | Ордалы Жібек | Ақтөбе облысы | Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернаты |
7 | Тұрарбек Даурен | Алматы облысы | Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей |
8 | Бақытғани Әлихан | Қызылорда облысы | №249 мектеп-лицей |
9 | Сәрсенбай Сабина | Түркістан облысы | "Бөген" жалпы орта мектебі |
10 | Аманжолқызы Аяулым | Алматы қ. | Г162 |
11 | Абдрахманов Дінмұхаммед | Алматы облысы | Талдықорған қаласындағы үштілде білім беретін дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицей |
12 | Мутиголла Атанияз | Атырау облысы | Атырау қаласы, Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясы |
13 | Крашенников Данил | Павлодар облысы | Павлодар обл., Ертіс ауд., Ұзынсу орта мектебі |
14 | Макишева Махаббат | Солтүстік-Қазақстан облысы | Петропавл қаласы "№ 25 орта мектеп" |
15 | Нұрлан Нұрсая | Алматы қ. | №156 орта мектеп |
16 | Жаулыбай Нұризат | Жамбыл облысы | Т.Рысқұловатындағы мектеп-лицейі |
17 | Князева Софья | Павлодар облысы | Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, № 1 ЖОББМ |
18 | Асан Жансая | Түркістан облысы | "Бөген" жалпы орта мектебі |
Грамотамен марапатталған оқушылар тізімі:
№ | Қатысушының
аты-жөні |
Облысы | Мектебі |
1 | Сұлтан Тілек | Ақтөбе облысы | Мұғалжар ауданы, Мұғалжар жалпы білім беретін орта мектебі |
2 | Ертілеу Қымбат | Батыс-Қазақстан облысы | Теректі ауданы, Чапаев ат. ЖОББМ |
3 | Күнтөреева Еңлік | Қызылорда облысы | №10 БИЛ |
4 | Тоқтарбай Кербез | РББҰ | Абай атындағы РММИ |
5 | Мақұлбек Диана | Түркістан облысы | "Бөген" жалпы орта мектебі |
6 | Калиакпарова Малика | Алматы қ. | №36 гимназия |
7 | Асланбек Аружан | Атырау облысы | Жылыой ауданы, №9 орта мектебі |
8 | Койшубекова Айым | Жамбыл облысы | Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты |
9 | Бегалина Дильназ | Нұр-Сұлтан қ. | №47 мектеп-гимназия |
10 | Қуанышева Жангүл | РББҰ | Абай атындағы РММИ |
11 | Батырбекова Шырын | Ақмола облысы | Бурабайауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясы |
12 | Өтебаев Нұрайдар | Ақтөбе облысы | Шалқар ауданы, №6 орта мектеп |
13 | Яцыкив Михаил | Қарағанды облысы | №9 Гимназия |
14 | Кабдуллина Дильназ | Қостанай облысы | Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Ш. Уәлихановатындағы Әулиекөл орта мектебі |
15 | Оразбек Айбек | Шығыс-Қазақстан облысы | Камышенка орта мектебі |
16 | Бекмагамбетов Аслан | Ақмола облысы | Есілауданы, Красивинский орта мектебі |
17 | Елемесова Мадина | Атырау облысы | Мақатауданы, О.Саргунанов орта мектебі |
18 | Ұзаққайырова Аружан | Батыс-Қазақстан облысы | Акжаикский район, ШГ им. Абая |
19 | Скорая Галина | Қостанай облысы | Қостанай облысы, Денисов ауданы, № 1 Денисов орта мектебі |
20 | Өтеген Жанбибі | Қызылорда облысы | №85 мектеп |