Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 20-22 қараша күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласында математика пәні мұғалімдері үшін (бастауыш, орта және жоғары сынып) «Математикадан олимпиада есептерін шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу семинарын (бұдан әрі – Семинар) өткізеді.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру.
Іс-шара Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде өтеді.
Семинарға келу күні – 19 қараша, өту күндері – 20-22 қараша, аяқталуы – 22 қараша (сағат 14.00 -ден кейін).
22 қараша күні сағат 09.00-де қатысушылар «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатыса алады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Семинар бағдарламасында:
– олимпиадалық, интеграцияланған және стандартты емес сандық және сапалық есептерді шешудегі заманауи әдістер мен тәсілдер;
– олимпиадаларға тиімді дайындалу үшін қажетті ресурстармен және материалдармен танысу;
– олимпиадаларда кездесетін әр түрлі есептерге шолу (геометрия, алгебра, комбинаторика, сандар теориясы);
– комбинаторлық есептерді шешу жолдары;
– математикалық индукция принципін қолдана отырып есептерді шешу;
– әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық тапсырмаларды талдау.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдер олимпиадалық тапсырмалардың ерекшелігін терең түсініп, түрлі тақырыптар бойынша олимпиада есептерін шешудің тиімді әдістерін меңгереді.
Білім басқармасының, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталық басшыларымен. мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысты а.ж. 10 қарашасына дейін көрсетілген үлгі бойынша g.berdenova@daryn.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Әр қатысушы 10 қарашаға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/seminarmat2024 сілтемесі бойынша онлайн тіркелуден өтуі қажет.
Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің жатақханасында бір тәулікке тұру құны – 3 000 теңгені құрайды (тамақтану: таңғы ас – 1100 теңге, түскі ас-2200 теңге, кешкі ас – 1200 теңге). Барлығы: тұру+тамақтану: 7 500 теңге. Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 25 350 теңге, Олимпиадаға қатысу – 4500 теңге, жолы, тамақтануы, тұруы). Барлық сұрақтар бойынша байланыс тел.: 8 (7172) 79-58-67. Семинардың толық ақпарат хаты және «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасының Ережесі «Дарын» РҒПО www.daryn.kz сайтында берілген.