«Тарих пәнінен оқушыларды ғылыми жобалар мен олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» тақырыбында республикалық  оқу-әдістемелік семинарды  өткізу туралы ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 24-27 желтоқсан аралығында Астана қаласы №71 мектеп-лицейінің базасында «Тарих пәнінен оқушыларды ғылыми жобалар мен олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» (бұдан әрі – Семинар) тақырыбында оқу-әдістемелік семинар  өткізеді.

Семинардың мақсаты –оқушылардың тарих пәні бойынша ғылыми жобалар мен олимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық тәжірибені дамытуға ықпал ететін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Іс-шараға қатысу үшін білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері шақырылады.

Семинар аясында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері  ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.

Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 3 адамнан артық емес) білім басқармасымен, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталық басшыларымен, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысқа сәйкес, семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 14 желтоқсанға дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz  электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар 16 желтоқсанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/SeminarHistory2024  сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.

Қатысушының ата-жөні (толық)Жұмыс орныЛауазымыЕңбек өтіліТелефон,e-mail
      

Қатысушылардың келу күні 24 желтоқсан, семинардың басталуы 25 желтоқсан, аяқталуы 27 желтоқсан сағат 14.00-ден кейін.

Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 25 350 теңге, Олимпиадаға қатысу – 4500 теңге, жолы, тамақтануы, тұруы).

«Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасының Ережесі сайтта қойылған.  

№71 мектеп-лицейінің мекен жайы: Астана қаласы,

 Жағалау-3 шағын ауданы,  Ілияс Омаров көшесі 4

Барлық сұрақтар бойынша: 

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы, 

3 қабат, 301 кабинет.

Байланыс тел.: 8 (7172) 795867

«NXPLORERS: ЖАСЫЛ ҰРПАҚ БӘЙГЕСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА 1 000 000 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Біз сіздерді жүйелі және инновациялық тәсілдерге негізделген күрделі экологиялық мәселелерді шешудің жолдарын бірге іздеуге ұйымдастырылған фестивальге қатысуға шақырамыз!

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 30 қарашада Астана қаласы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында жоғарғы сынып оқушылары, педагогтар мен білім саласының қызметкерлеріне арналған ғылым және экология саласындағы ауқымды «Экология. Жүйелі шешімдер. Біз» тақырыбында іс-шара – «NXplorers дүниежүзілік саяхат» республикалық ғылыми фестивалі өтеді.
Фестивальдің бірінші ағымында спикерлер жаһандық экологиялық сын-қатерлерге тоқтала отырып, оның ішінде Азия аймағы мен еліміздегі экологиялық жағдайды талқылайды. Барлық баяндамалар қолданбалы сипатқа ие болады, осылайша қатысушылар алған білімдерін өз жобаларында бірден қолдана алады. Сондай-ақ, қатысушылар NXplorers халықаралық әдістемесімен және оның Қазақстанда қолдану барысымен танысып, бұл тәсілді педагогикалық тәжірибеге қалай енгізуге болатынын біле алады.
Екінші ағымда экологиялық мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға арналған интерактивті іс-шаралар мен қызықты квесттер ұйымдастырылады. Қатысушылар NXplorers әдістемесі сәтті қолданылып жатқан елдердің мәдениетімен танысып, естелік сыйлықтар ойнатылатын викториналарға қатыса алады. Барлық іс-шаралар қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Фестивальдің басты оқиғасы «NXplorers: Жасыл Ұрпақ Бәйгесі» республикалық экологиялық жобалар конкурсының финалы болады, мұнда 2024 жылғы NXplorers конкурсының 20 финалист командасы бақ сынасады. Жеңімпаз атанған 5 командаға өз жобаларын әрі қарай жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде грант беріледі.
Фестивальдің ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және «Шелл Қазақстан» энергетикалық компаниясының өкілдері сөз сөйлейді.
Қатысу тегін және қатысушылар онлайн тіркеліп, еркін кіре алады.
Барлығына сертификаттар беріледі. Тіркелу https://zhasylurpak.com/krugosvetka сайтында жүргізіледі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «Шелл Қазақстан» энергетикалық компаниясының қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры.
Өтетін уақыты: 2024 жылғы 30 қараша, сағат 10:00-19:00.
Өтетін орны: Бауыржан Момышұлы көшесі, 5.
Байланыс: Альфия Мустафина, жоба үйлестірушісі, 8 702 353 87 68
Қатысу және БАҚ аккредитациясы бойынша байланыс нөмірі: Әйгерім
Маженова, жоба үйлестірушісі, +7 701 529 99 98
Анықтама үшін:
NXplorers – күрделі мәселелерді өз бетінше шешуге арналған сыни және шығармашылық ойлау құралдары арқылы оқытатын білім беру бағдарламасы. «Азық-түлік – су – энергия» байланысына бағытталған бұл бағдарлама БҰҰ тұрақты даму мақсаттары арасындағы байланысты тереңірек түсінуге көмектесіп, білімді кеңейтуге, ойлау әдістері мен күрделі мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША XVII ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 48 ОҚУШЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Астанада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVII Президенттік олимпиада аяқталды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 11 (12) сыныптың 190 оқушысы қатысты.

Жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова қатысты. Ол оқушыларды Президенттік олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің құттықтау сөзін оқып берді.

Олимпиада ережесіне сәйкес, қатысушылардың 25%-ы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. I дәрежелі дипломды 9 оқушы, II дәрежелі дипломды 13 оқушы, ал III дәрежелі дипломды 26 оқушы иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстанның жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін басым құқыққа ие болды.

Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі әуе тасымалдаушы компания – «Эйр Астана» барлық жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табыстап, ең жоғары нәтиже көрсеткен төрт жеңімпазға шетелдерге барып-қайтуға әуе билеттерін сыйлады.

Сонымен қатар, тоғыз жеңімпазға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – SDU, Astana IT University және А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ректорлық білім гранттарын табыс етті.

Олимпиада ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы – іс-шара серіктестеріне алғысын білдіріп, бес ұйымға «Үздік серіктес» атты хрусталь стелаларын табыс етті.

Анықтама үшін:

Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың ерекшелігі – қатысушылардың жаратылыстану-математика бағыты бойынша төрт пәннен бір уақытта білімдерін көрсетуінде болып табылады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезеңге 3110-нан астам оқушы қатысты. Екінші кезеңде 424 оқушы бақ сынап, олардың ең үздіктері финалға өтті. Барлық жылдар ішінде олимпиадаға 2545 қатысушы қатысып, 628 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 123 алтын, 203 күміс және 302 қола медаль бар.

Астанада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша XVII Президенттік олимпиада аяқталды. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 11 (12) сыныптың 190 оқушысы қатысты.

Жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Арай Оразова қатысты. Ол оқушыларды Президенттік олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің құттықтау сөзін оқып берді.

Олимпиада ережесіне сәйкес, қатысушылардың 25%-ы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. I дәрежелі дипломды 9 оқушы, II дәрежелі дипломды 13 оқушы, ал III дәрежелі дипломды 26 оқушы иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстанның жоғары оқу орындарына білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін басым құқыққа ие болды.

Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі әуе тасымалдаушы компания – «Эйр Астана» барлық жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табыстап, ең жоғары нәтиже көрсеткен төрт жеңімпазға шетелдерге барып-қайтуға әуе билеттерін сыйлады.

Сонымен қатар, тоғыз жеңімпазға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – SDU, Astana IT University және А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ректорлық білім гранттарын табыс етті.

Олимпиада ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы – іс-шара серіктестеріне алғысын білдіріп, бес ұйымға «Үздік серіктес» атты хрусталь стелаларын табыс етті.

 

Анықтама үшін:

Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың ерекшелігі – қатысушылардың жаратылыстану-математика бағыты бойынша төрт пәннен бір уақытта білімдерін көрсетуінде болып табылады. Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезеңге 3110-нан астам оқушы қатысты. Екінші кезеңде 424 оқушы бақ сынап, олардың ең үздіктері финалға өтті. Барлық жылдар ішінде олимпиадаға 2545 қатысушы қатысып, 628 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 123 алтын, 203 күміс және 302 қола медаль бар.

2024 жылдың 19-22 қарашасында Астана қаласында «Думан» қонақ үй кешенінің базасында  республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша ХVІІ Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеті – орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биология пәндерінен дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі зияткерлік дамыту және кәсіби бағдарлау үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Сондай-ақ, оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен дағдыларды тереңдету.

Ережеге сәйкес Олимпиада үш кезеңде өткізіледі.

Бірінші (өңірлік) кезең ағымдағы жылдың 10 қазанда өтті, оған 3113 оқушы қатысты.

Екінші іріктеу кезеңіне республиканың барлық өңірлерінен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан және «НЗМ» ДББҰ-дан 422 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің екі турының қорытындысы бойынша 190 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне өтті.

Қазылар алқасының құрамы халықаралық олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2024 жылдың 22 қарашасында сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтеді.

Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО daryn.kz. сайтында орналастырылады.

2024 жылдың 17 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті.

Оған бірінші аймактык, кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген 422 оқушы қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші (республикалық) кезеңге 190 оқушы іріктеліп алынды.

Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі 2024 жылғы  19-22 қараша аралығында Астана қаласында «Думан» қонақ үй базасында өтеді.

Айта кетсек, аймақтық кезеңде республиканың білім беру ұйымдарынан бұрын республикалық және халықаралык, пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысты. Олар төрт пән: математика, физика, химия және биология бойынша тапсырма орындады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау керсетуге көмектеседі.

Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиада үш кезеңде өткізіледі.

Әр қатысушы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының                     11 (12) сынып түлектері қатысуда.

Ағымдағы жылдың 8 қазанында сағ.10.00-де жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XVIІ Президенттік олимпиаданын бірінші (өңірлік) кезеңі өтеді.

Олимпиадаға жалпы орта білім беру мекемелерінің лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 11(12) сынып 3113 оқушысы қатысты. Онын 1056-сы ауыл мектептерінің оқушылары.      Іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ олимпиаданың өңірлік кезеңінің нәтижелеріне сәйкес құрамында 20 адамнан аспайтын командалар, республикалық білім беру ұйымдары құрамында 8 адамнан аспайтын команда қатыстырады.

Республикада жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі қорытындыланды.
Оған бірінші (аймақтық) кезеңде жоғары нәтижеге қол жеткізген 446 оқушы қатысты.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңіне 199 оқушы өтті.

Олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңін 2023 жылғы 21-24 қарашада Қарағанды қаласында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өткізу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салсақ, олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатыспаған 11 (12) сынып оқушылары қатысады. Олар төрт пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындайды.

Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Бұл зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған.

Бүгін, 2023 жылдың 20 қазан күні республикамызда жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі басталды.

Іріктеу кезеңіне республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып  арасынан 446 оқушы қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың іріктеу кезеңі екі турдан тұрады және бір күнде өткізіледі. Бірінші тур сағат 10.00-де, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сағат 12.30-де (Астана уақытымен) өтеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республикамыздың жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын тағайындауда басым құқықты иеленеді.

Естеріңізге салсақ, жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 3 қазанында 2933 қатысушы арасында өткізілді. Олимпиаданың қорытынды кезеңі қараша айының екінші жартысына жоспарланып отыр.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XV мерейтойлық Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 191 оқушы өзара үздікті анықтады. Зияткерлік жарыстар ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.

 

- Президенттік олимпиада - бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. 15 жылда Олимпиада 15 мың оқушының өмірлік ұстанымын, бағыт-бағдарын айқындап берді. Мәселен, Олимпиаданың алғашқы жеңімпаздарының бірі Санжар Оразбаев бүгінде zapis.kz электрондық журналының негізін қалаушы және директоры, ал Ернар Самтиков Аризона штатының Университетін "Биомедициналық инженерия" мамандығы бойынша сәтті тәмамдап, "Айкуне" оңалту орталықтарын басқарып отыр. Тағы бір бұрынғы олимпиадашы, Шымкент қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің мұғалімі Нұрлан Сүйеуов жақында ғана " Үздік педагог - 2022 "құрметті атағына ие болды. Әрине, мұндай мысалдарды өте ұзақ уақыт тізімдеуге болады. Мұның бәрі Президенттік олимпиада жарқын болашаққа трамплин ретінде қызмет ететіндігін көрсетеді.

 

«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мырзаға, Қарағанды облысының әкімдігіне, "Дарын" өңірлік орталығындағы әріптестеріме ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін және, әрине, Олимпиада жеңімпаздары үшін білім беру гранттарын бөлген ЖОО басшыларына шексіз алғысымды білдіремін», - дейді "Дарын" РҒПО директоры Ануар Унайбеков.

 

Олимпиада қорытындысы бойынша 9 қатысушы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі дипломымен, 18 қатысушы II дәрежелі дипломымен және 27 қатысушы III дәрежелі дипломымен марапатталды. Сондай-ақ 35 жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетінде (9), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде (4), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде (5), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) мен Торайғыров университетінде (12) оқуға білім беру гранттары және академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 12 шәкіртақысы берілді.

1 күн
Тапсырмалар
Математика Химия
Шешімі
Математика Химия
Қатысушылардың жұмыстары
Математика Химия
1 күн хаттамалары
Математика Химия
2 күн
Тапсырмалар
Физика Биология
Шешімдер
Физика Биология
Қатысушылардың жұмыстары
Физика Биология

Биология

2 күн хаттамалары
Физика Биология
Қорытынды хаттама
Хаттама

2022 жылдың 29 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында республиканың білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтеді. Үшінші (республикалық) кезеңге 192 қазақстандық оқушы қатысады.

Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі а.ж. 12 қазанында бір мезгілде өткізіліп, оған республиканың барлық өңірлерінен 2871 оқушы қатысты.

Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықтыі, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың 29 қарашасында сағат 17.00-де өтеді.

Қазылар алқасының құрамы халықаралық және Президенттік олимпиадалардың бұрынғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистрлері мен PhD докторлары қатарынан құрылды. Қазылар алқасының құрметті мүшелері ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары шақырылды.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 2022 жылдың 2 желтоқсанында сағат 10.00-де академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің конференц-залында өтеді.

Бейнетрансляцияға сілтемелер «Дарын» РҒПО daryn.kz. сайтында орналастырылады.

2022 жылдың 27 қазанында еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларында Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтеді. Оған бірінші айтақтық кезеңде жақсы нәтижеге қол жеткізген  463 оқушы қатысады.

Айта кетейік, аймақтық кезеңде республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 2871 11 (12) сынып түлегі қатысты. Олар төрт пән: математика, физика, химия және билогия бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіледі. Зияткерлік жарыс еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін жүзеге асыруға қолдау көрсетуге көмектеседі.

Жаратылыстану - математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиаданың негізгі идеясы - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Олимпиада Ережеге сәйкес үш кезеңде өткізіледі.

Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған түлектер, 11 (12) сынып оқушылары қатысады.

Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі ағымдағы жылдың 12 қазанында сағ.10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен бір уақытта өткізіледі. Олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізеді.

Екінші  (іріктеу) кезеңі  екі  турда өткізіледі.  Бірінші тур  (қашықтық) 27 қазанда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан уақытымен, екінші тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні сағат 12.00-де өтеді. Іріктеу кезеңіне әрбір облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрамында 20 адамнан аспайтын команда, республикалық білім беру ұйымдары және «Республикалық  физика-математика мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрамы 8 адамнан аспайтын команда ұсынады.

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі 29 қараша 2 желтоқсан аралығында офлайн режимінде өткізіледі.

Қосымша ақпарат «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында орналастырылады.

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады:

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Алтын орда» БО

тел: 8 (7172) 57 01 27

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Физика Қарау
Математика Қарау
Химия Қарау
Биология Қарау

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Тікелей эфир (жаңа сілтеме)
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру
Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Эфирдің басы (ескі сілтеме)
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру

Кабинет номері Тікелей эфир сілтемесі
Қазылар алқасының жұмыс істеу барысы Просмотреть
1 Эфирді көру
2 Эфирді көру
3 Эфирді көру
4 Эфирді көру

Олимпиада oqylyq.kz. платформасында екі турда өткізіледі. Олимпиаданы өткізу орнын өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлік ұйымдастыру комитеті анықтайды. Олимпиаданың іріктеу кезеңін өткізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен рұқсат алу қажет.

Техникалық тур 19 қазанда сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін өткізіледі. Техникалық турдың логиндері мен парольдері эссені жүктеуге арналған папкада қол жетімді болады.

Кіру сілтемесі: https://app.oqylyq.kz

  • 1 (тестілеу) тур 22 қазанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де өтеді. Тапсырмаларды орындау үшін қатысушыға 2 сағат уақыт беріледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі тапсырмалар (тест) саны - 60 (математикадан - 15, физикадан - 15, химиядан - 15 және биологиядан - 15). Әрбір қатысушы жинаған ұпайының жалпы санын бірден біле алады, олимпиада аяқталғаннан кейін әр пән бойынша ұпай саны «Дарын» РҒПО-ның daryn.kz. сайтында орналастырылатын болады. Олимпиада ережелеріне сәйкес – апелляция қарастырылмаған.
  • 2 тур (шығармашылық, эссе жазу) сол күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де өткізіледі. Эссе «Дарын» РҒПО қызметкері ұсынған арнайы бланкіде жазылады. Қатысушыларға эссе тақырыптары ұсынылады, орындауға 1 сағат уақыт беріледі. Эссе қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
  • жұмысты сканерлеу үшін жауапты IT маманды тағайындау қажет;

- әр қатысушыға олимпиаданы өткізу тәртібін түсіндіру қажет;

- жеке заттарды сақтау үшін орын бөлу (аудиториядан тыс) қажет;

- олимпиада басталғанға дейін 15 минут бұрын қатысушыларды аудиторияға жеке куәлікпен тексере отырып кіргізу;

- қатысушылар арасындағы қашықтық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, кемінде 1,5 метрді құрауы тиіс;

- әр қатысушы аудиторияға кірген кезде алдын-ала ілінген тізім бойынша өз орнын білуі қажет;

- аудиторияға қатысушы өзімен бірге көк сиялы қалам, қарындаш,  сызғыш, 0,5 л су және жеке басын куәландыратын құжатты ғана алуға құқылы;

- әрбір қатысушы үшін интернетке шығатын және тұрақты байланысы бар компьютермен немесе ноутбукпен қамтамасыз ету қажет;

- Техникалық сипаттамалары:

Процессор: бесінші буын Intel Core i5 минимумы

Жедел жады көлемі: 4 гб бастап

Браузер: Google Chrome (соңғы жаңартумен)

Интернет жылдамдығы: 10 Мб/с жоғары;

- эссені сканерлеу және «Дарын» РҒПО папкасына жүктеу үшін минутына 30 парақтан кем емес жылдамдықта жұмыс жасайтын сканермен қамтамасыз ету қажет;

- зум конференциясына қосылу арқылы кабинеттің толық ауқымын көрсететін камерамен қамтамасыз ету қажет;

- Олимпиада басталар алдында әр қатысушыға үлкен және шағын конверт беріледі. Үлкен конвертте қатысушыға арналған нұсқаулық, эссе жазу балнкі, Менделеев кестесі беріледі. Шағын мөрленген конвертте oqylyq.kz платформасына кіру үшін жеке логин мен пароль бар («Дарын» РҒПО жауапты қызметкері ұсынады), конверт тестілеуді орындау үшін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де ашылады. Қатысушы көрсетілген уақыт бойынша https://app.oqylyq.kz сілтемесі бойынша өтіп логин/пароль енгізіп, тапсырмаларды орындайды. Қатысушы логин мен парольді үшінші тұлғаларға бермеуі не үшінші тұлғалардың логиндері мен парольдерін пайдаланбауы тиіс. Қатысушы сайтқа кіру үшін өз логині мен паролін өзімен бірге алып кетуіне болады.

- Олимпиаданы аяқтамас бұрын, емтиханды аяқтау батырмасын басу керек немесе уақыт өткеннен кейін сайт автоматты түрде жабылады;

- эссе тақырыптары сағат 12.00-де oqylyq.kz сайтында қолжетімді болады. Қатысушы ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, орыс немесе қазақ тілдерінде жаза алады.

- уақыт аяқталғаннан кейін эссе бланкілері сканерленіп, папкіге жүктеледі, сканерлеу процесі камерада бақылануы қажет;

- әрбір қатысушы конвертке эссе бланкісін салып, «Дарын» РҒПО жауапты қызметкеріне тапсыруы қажет;

- жауапты IT-маман тізімге сәйкес файл атауын толтырғаннан кейін эссенің сканерленген нұсқасын тексеруге жібереді.

Олимпиада кезінде қатаң тыйым салынады:

  • кез-келген сымды және сымсыз гарнитураны пайдалану, кез-келген байланыс құрылғыларын, смартфондарды, смарт-сағаттарды немесе ішкі жадтан немесе интернеттен жүктелген мәтіндік, графикалық және аудио форматта ақпарат беруге қабілетті кез-келген басқа гаджеттерді пайдалану;
  • кез-келген электрондық немесе қағаз анықтамалық ақпаратты, оқулықтарды, басқа әдебиеттерді, рефераттарды және басқа да дайындалған жазбаларды пайдалану;
  • тапсырмалар жиынтығына кірмейтін кез-келген материалдарды пайдалану;
  • Олимпиаданың басқа қатысушыларымен тапсырмаларды талқылау;
  • жұмыс орнын рұқсатсыз босату, көшіру, тәртіпті бұзу.

Қатысушының жұмысын бағалаудың объективтілігін бақылау мақсатында бүкіл тур бойы аудио және бейнежазба жүргізіледі, ол Олимпиада аяқталғанға дейін сақталады. Ережені бұзу фактілері анықталған жағдайда «Дарын» РҒПО-ның жауапты қызметкері акт жасайды және қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін олимпиаданың барлық материалдары, сондай-ақ қорытынды ведомості 2 данада шығару қажет (ведомость эссені жүктеуге арналған папкада болады), өңірлік «Дарын» орталығының директоры, жауапты қызметкер, «Дарын» РҒПО қызметкері қол қойып, «Дарын» РҒПО-ның іссапарға жіберілген қызметкеріне тапсыру қажет.

Нұсқаулықты жүктеп алу

СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020 жылдың 3-4 желтоқсан аралығында онлайн тәртібінде республиканың 11 (12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану – математика циклы пәндері бойынша ХІІІ Президенттік олимпиадасы  онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.

Олимпиада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде олимпиада 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Басты идея – қазақстандық оқушыларды жоғары білімді, зияткерлік, мықты патриоттық рухта тәрбиелеу, жаратылыстану – математикалық ғылымдарды тереңдете оқыту.

13 жыл ішінде 31 000 - нан астам түлек олимпиадаға қатысты.

Президенттік олимпиада үш кезеңде:  өңірлік, іріктеу және қорытынды өткізілді. Өңірлік кезеңде барлығы 4593 мектеп бітіруші қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде білім алатындары – 3152.

Өңірлік кезеңде - 4593, іріктеу кезеңінде – 396 және қорытынды кезеңге 252 оқушы қатысты.

Президенттік олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Олимпиаданың қазылар алқасының шешімі бойынша І дәрежелі дипломдармен 13 қатысушы,  ІІ дәрежелі дипломдармен 19 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 32 қатысушы марапатталды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНЕ 64 000-ҒА ЖУЫҚ 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСУДА

📢 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНЕ 64 000-ҒА ЖУЫҚ 5-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАТЫСУДА

🎯5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада оқушылардың зияткерлік қабілеттерін шыңдап, ғылымға деген қызығушылықтарын ояту, дарынды оқушыларды ерте кезеңнен анықтап, қолдау көрсетуге бағытталған.

📚Олимпиада келесі пәндер бойынша өтуде:

Математика

• Жаратылыстану

• Қазақ тілі мен әдебиеті

• Орыс тілі мен әдебиеті

• Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі

• Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі

• Ағылшын тілі

• Қазақстан тарихы

⌛Өткізу уақыты:

📅 5-сыныптар: 14 қараша

📅 6-сыныптар: 15 қараша

🕙 сағат 10:00 және 13:00-де (пәндерге байланысты)

🔖🛜Олимпиада нәтижелері өңірлік “Дарын” орталықтарының ресми сайттарында жарияланады.

💫Қатысушыларға сәттілік тілейміз және үздік нәтижелер күтеміз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020 жылдың 23 желтоқсанында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада)  онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Олимпиада үш кезеңде:  мектепшілік, аудандық және қорытынды өткізілді. Мектепшілік кезеңде - 169840, аудандық кезеңінде – 34490 және қорытынды кезеңге 469 оқушы қатысты.

Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

I дәрежелі дипломдармен -52;

II дәрежелі дипломдармен -90;

III дәрежелі дипломдармен-110 қатысушы марапатталды. Барлығы 252 оқушы.

Атаулы дипломдарды 2021 жылдың 15 қаңтарында daryn.kz сайтынан жүктеп алуға болады

Құрметті жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ біздің бірегей балаларымызды дайындаған педагогтар!!! Олимпиадада қол жеткізген жетістіктеріңіз құтты болсын құттықтаймыз!

Английский 5-6 класс

Естествознание 5-6

История Казахстана 5-6 класс

Казахский язык и литература 5-6 класс

Математика 5-6 клас

Русский язык и литература 5-6 класс

АСТАНАДА «ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

2024 жылдың 11-12 қараша күндері елордада «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының қалалық кезеңі өтті. Бұл сайыс жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Сайыс екі тур бойынша ұйымдастырылды. Іріктеу кезеңінде 39 оқушы тест тапсырып, ең жоғары ұпай жинаған 12 оқушы ауызша турға өтті. Сайыс кезінде оқушылар өздерінің ойлау қабілетін, жылдам жауап беру шеберлігін және сахнадағы өзін-өзі ұстау мәдениетін көрсетті.

Қорытынды турда ең үздік 5 финалист анықталды:

• Ардана Аяз (№52 мектеп-гимназиясы);

• Алихан Айтбаев (Zerdeli International School);

• Айханым Нұрланқызы (№85 мектеп-лицейі);

• Алмаз Айткеш (№32 мектеп-гимназиясы).

• Сардар Амангельдин (Қ. Мырза Әлі ат. Binom мектеп-лицейі);

Олар «Астана дарыны» орталығының дипломдарымен марапатталып, сайыстың қатысушыларына сертификаттар табысталды. Жас зияткерлеріміз 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңде Астана қаласының намысын қорғайтын болады.

Айта кетсек, 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Хабар» агенттігі 11 (12) сынып оқушыларына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын жаңа форматта өткізуде. Дәл қазір Қазақстанның 17 облыс орталығы мен 3 республикалық қаласында іріктеу кезеңі өтіп жатыр.

Елорда жастарына ақтық кезеңде сәттілік тілейміз!

ШЫҒАРМАШЫЛ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ XІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫНА 120-ДАН АСТАМ ӨНЕРПАЗ ҚАТЫСАДЫ

🎙️2024 жылғы 13-15 қарашада Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған мектеп базасында 8-11(12) сынып оқушылары арасындағы XІ республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтеді. Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан жиналған, облыстық кезеңнен іріктелген 120-дан астам дарынды оқушы қатысады. Бұл бірегей жоба жыл сайын жас таланттарды қолдап, олардың өнердегі шеберліктерін шыңдауға және үздіктерін анықтауға бағытталған.

🎹Байқаудың бағдарламасы 6 номинацияны қамтиды:

1. «Шешендік, білгірлік сайысы» – қазақ тарихы, мәдениеті мен фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу және шешен сөйлеу қабілеті;

2. «Көркем сөз оқу» – поэзия, проза және драмалық шығармалардан үзінді оқу;

3. «Эссе жазу» – шығармашылық және аналитикалық қабілеттерді көрсету;

4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» – домбыра, қобыз, жетіген және басқа да ұлттық аспаптарда орындау шеберлігі;

5. «Ақындар айтысы» – суырыпсалма ақындық сайысы;

6. «Ақындар мүшәйрасы» – өлең шығару өнерін таныту.

👥Байқаудың бастамашылары — белгілі театр сыншысы, өнертанушы Әшірбек Сығай, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай.

👨🏻‍🎓Жеңімпаздарды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Қазақ ұлттық өнер университетінің ғалымдары, ақындар мен жазушылардан құралған қазылар алқасы анықтайды.

🏆Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен, сондай-ақ «Дарын» РҒПО грамоталары және номинациялық дипломдарымен марапатталады.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімі 13 қарашада сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өтеді (Б. Момышұлы даңғылы, 5).

Жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 қарашада сағат 11:30-де №9 «Зерде» мамандандырылған мектептің акті залында өтеді (Төле би көшесі, 26).

Номинация Сілтеме
"Эссе" Қарау/Смотреть
"Ұлттық аспапта өнер көрсету" Қарау/Смотреть
"Ақындар айтысы" Қарау/Смотреть
"Шешендік,білгірлік сайысы" Қарау/Смотреть
"Ақындар мүшайрасы" Қарау/Смотреть
"Көркемсөз оқу" Қарау/Смотреть

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында 8-11(12) сынып оқушыларына арналған         X «Ақберен» республикалық өнер байқауының (бұдан әрі - Байқау) қорытынды кезеңі  өтеді.

Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша:

I кезең – аудандық (қалалық), білім бөлімдері;

II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен өткізіледі.

Республикалық, III (қорытынды) кезең ағымдағы жылдың 9-12 қарашасында Ақтау қаласында өтеді.

Байқау Ережеге сәйкес 6 номинация бойынша өткізіледі:  Шешендік, білгірлік сайысы; көркемсөз оқу; эссе жазу; ұлттық аспапта өнер көрсету; ақындар айтысы; ақындар мүшәйрасы.

Байқаудың ережесі, өткізу бағдарламасы, хаттама формасы мен сұраныс үлгісі www.daryn.kz сайтында орналасқан.

Сұранысты 27  қазанға  дейін info@daryn.kz   эл. почтасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Қатысушылардың байқауға  келу күні – а.ж. 9 қарашасы сағат 18.00-ге дейін, ал кері қайту күні – а.ж. 11 қарашасы күні  сағат 17.00-ден кейін.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен және «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен және номинациялық дипломдарымен марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті

Астана қаласында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы өз мәресіне жетті. Дарындылар додасына еліміздің барлық өңірлерінен 130 өнерпаз қатысып, 6 номинция бойынша өзара мықтыны анықтады.

 

Ауқымды шараның жеңімпазары мен жүлдегерлерін құттықтаған ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова жас жеткіншектердің бойында ұлтымыздың мәдениеті мен тарихы, ана тілімізге деген құрметті  ұялатуда «Ақберен» сияқты байқаулардың маңызы зор екендігін атап өтті.

 

– Еліміздің әлеуеті сіздер сияқты өнерлі, дарынды жастардың қолында. Тек жақсы білім мен тәрбие алып қана қоймай, осындай биік белестерді бағындыра беріңіздер. Сіздерді жан-жақты қолдап, шығармашылықтарыңызға шабыт беріп жүрген ұстаздарыңызға, өңірдегі “Дарын” орталықтарына алғыс айтамын, – деді. 

 

Байқаудың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 12 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 18 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 6 оқушыға арнайы номинациялық диплом, 14 оқушы арнайы грамота табысталды.

  • Жеңімпаздар:
  • «Шешендік, білгірлік сайысы» – Еңілік Тілеухан, Ақмола облысы;
  • «Көркем сөз оқу» – Райхан Асхатқызы, ШҚО;
  • «Эссе жазу» – Нұрғиса Әбдіқалық, Шымкент қ.;
  • «Ұлттық аспапта өнер көрсету» – Бақдәулет Жанабек, Жамбыл облысы;
  • «Ақындар айтысы» – Айсұлу Жүнісбек, Жамбыл облысы,
  • «Ақындар мүшәйрасы»  – Мәди Айтқұлов, Ақтөбе облысы.

Командалық есепте 3 орынды Ақмола, Павлодар облыстарының командасы, 2 орынды Жамбыл облысы, ал 1 орынды Астана қаласы жеңіп алды. 

Құттықтаймыз!

Фото/видеоматериалдар "АҚБЕРЕН-2022" 

28-30 қараша аралығында Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында шығармашыл 8-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтеді.

«Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең өнерлі, дарынды оқушыларының басын қосатын бірегей жоба. Оның негізгі авторлары – белгілі театр сыншысы, өнертанушы Әшірбек Сығай, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс ақыны Аманжол Әлтай.

Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық білім беру ұйымдарынан 130 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайтын болады.

Байқау 6 номинациядан тұрады:
1.«Шешендік, білгірлік сайысы»;
2.«Көркем сөз оқу»;
3.«Эссе жазу»;
4.«Ұлттық аспапта өнер көрсету»;
5.«Ақындар айтысы»;
6.«Ақындар мүшәйрасы».

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен және номинациялық дипломдарымен марапатталады.

Жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес шығармашыл оқушылар арасындағы IX республикалық «Ақберен» өнер байқауын (бұдан-әрі Байқау) ағымдағы жылдың 28 - 30 қараша аралығында Астана қаласында өткізіледі.

Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша:

I кезең – аудандық (қалалық) білім бөлімдері;

II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен өткізіледі;

III кезең – республикалық, қорытынды - «Дарын» РҒПО.

Байқау 6 номинация бойынша өткізіледі:

    1. Шешендік, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
    2. Көркем сөз оқу (поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді);
    3. Эссе жазу;
    4. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
    5. Ақындар айтысы;
    6. Ақындар мүшәйрасы.

Байқаудың ережесі, хаттама формасы мен сұраныс түрі «Дарын» РҒПО-ның сайтында www.daryn.kz орналасқан. Бағдарламасы қосымша жіберіледі.

Байқауға облыстық кезеңде жеңімпаз атанған 6 оқушы (әр номинацияға – 1 оқушы) және оның жауапты жетекшісі қатысады. Сұранысты info@daryn.kz эл.почтасына 15 қарашаға дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Қатысушылардың келуі күні ағымдағы жылдың 28 қараша 14.00 - ден бастап, кері қайту күні 30 қараша 12.00 дейін. Қатысушылар мен жетекшілердің екі жаққа жол шығыны, тамағы, жатын орны, жіберуші жақ есебінен. Қатысушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік жетекшілерге жүктеледі . Оқушыларға үш мезгілі тамақтануы мен жататын орны бір тәулігіне – 16000 тг, жетекшілерге – 18 000 тг немесе оқушыларға тек таңғы аспен тамақтануы мен жататын орны бір тәулігіне – 10000 тг, жетекшілерге – 12000 тг.

Өткізу орны: әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (Б.Момышұлы к-сі, 5)

Жататын орынның мекен-жайы: Аlanda Hotel қонақ үйі, Тәуелсіздік данғылы 33. тел (7172) 72-93-40.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұрпақтың бойында отаншылдық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау және қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 29-31 қазан айында Ақтөбе қаласында «Шығармашылық академия» базасында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып «Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VІІІ республикалық өнер байқауын» (бұдан - әрі Байқау) өткізді.

Байқаудың бірінші күні Ақтөбенің қонақжай халқы әр өңірден келген қатысушыларды ыстық лебіздерімен қарсы алып, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатына орналастырды.

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қатысушылар мен жетекшілерге Ақтөбе қаласының көрікті жерлеріне, мұражайларына саяхат және қатысушыларға релакс-тренинг, ал жетекшілерге «Қосымша білім беру саласындағы түрлі формалар мен әдістер арқылы дарынды балалардың шығармашылық және эстетикалық потенциалын дамыту, жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Байқаудың екінші күні қатысушылар мен жетекшілер, қонақтар ашылу салтанатына дейін «Шығармашылық академиясының» көрмесін тамашалады. Байқау 6 номинация («Шешендік, білгірлік сайысы», «Көркем сөз оқу», «Эссе жазу», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Ақындар айтысы», «Ақындар мүшәйрасы») бойынша өтті. Байқаудың 4 номинациясы шығармашылық академияның акт залында қатысушылар мен жетекшілердің тамашалауымен өткізілді және ашықтықты айқындау мақсатында барлық номинация бойынша YouTube-та тікелей эфирде трансляция жүргізілді.

Байқаудың қорытынды республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 8-11 сынып оқушылары арасында 94 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен 36 оқушы марапатталды. Оның ішінде І дәрежелі дипломға - 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы ие болды. Команда бойынша 1 орынды - Ақтөбе облысы, 2 орынды – Қарағанды облысы қанжығасына байласа, 3 орынды – Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай  облыстары және Алматы қаласы, Абай атындағы РММИ  иеленді. Барлық қатысушылар мен жетекшілерге байқауға қатысқанын растайтын сертификаттар тапсырылды.

Байқаудың қорытындысы және қатысушылардың эссе жұмыстары www.daryn.kz сайтында орналасқан.

 

 

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі

Ақтөбе қаласы, 2021 жылғы 29-31 қазан

 

Қатысушының Тегі, Аты Облысы, қаласы, ауданы, тұрғылықты мекен-жайы Мектебі Номинациясы Сыныбы Орны
І дәрежелі дипломдар:
1 Нұраддин Арай Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы,  №66 орта мектебі Ақындар айтысы 8 1
2 Маруаұлы Александр Ақтөбе облысы

Мәртөк ауданы

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы №4 орта  мектебі Ақындар мүшәйрасы 11 1
3 Серікжан Ақбота Қарағанды облысы

Бұқар жырау ауданы

Бұқар жырау ауданы
Ростовка тірек мектебі
Шешендік, білгірлік сайысы 11 1
4 Сисенбай Нұрай Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қызылқоға ауданы Мұқыр орта мектебі Көркемсөз оқу 10 1
5 Ли Марк Қостанай облысы Рудный қаласы Б.Майлин ат. № 7 мектеп-гимназиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 1
6 Тиллекалиева Акжаркын Батыс Қазақстан обл. Орал қаласы Ә.Молдагұлова атындағы № 38 мектеп-лицейі Эссе жазу 11 1
ІІ дәрежелі дипломдар:
7 Темір Нұрдана Батыс Қазақстан обл. Орал қаласы ДБА С.Сейфуллин ат.11 ОММИ Ақындар айтысы 11 2
8 Болатхан Данияр РББҰ Абай атындағы РММИ Ақындар айтысы 9 2
9 Серікқызы Ақгүл Шығыс Қазақстан обл.

Абай ауданы

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты Ақындар мүшәйрасы 11 2
10 Имантай Мағзум Павлодар облысы Павлодар қ. Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты Ақындар мүшәйрасы 11 2
11 Қабдырашова Марал Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ЖББМ Шешендік, білгірлік сайысы 10 2
12 Қожмуханов Рамазан РББҰ Абай атындағы РММИ Шешендік, білгірлік сайысы 9 2
13 Мамарбек Сымбат Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы
Ростовка тірек мектебі
Көркемсөз оқу 11 2
14 Абетей Фатима Алматы қаласы №36 Г Көркемсөз оқу 9 2
15 Қанатбек Алмат Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қызылорда қаласы, Н. Ильясов атындағы №9 мектеп-гимназия Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 2
16 Қуат Аружан Алматы қаласы №176 МГ Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 2
17 Асқар Асылай Атырау облысы

Атырау қаласы

Атырау қаласы №35 Х. Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясы Эссе жазу 11 2
18 Курбанбай Зейнеп Түркістан облысы Сарыағаш ауданы №74 жалпы орта мектебі Эссе жазу 11 2
ІІІ дәрежелі дипломдар:
19 Сейтімхан Кәусар Ақмола облысы, Бурабай ауданы Щучинск қаласының №9 мектеп-гимназиясы Ақындар айтысы 8 3
20 Ержігіт Дильназ Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі ауданы, №206 орта мектеп Ақындар айтысы 10 3
21 Аушанов Ерсұлтан Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауданы Сам жалпы білім беретін мектеп Ақындар айтысы 10 3
22 Қуандық Илияс Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Диқан тірек мектебі Ақындар мүшәйрасы 10 3
23 Арғынбаева Ұлпан Нұр -Сұлтан қаласы №87 мектеп - гимназиясы Ақындар мүшәйрасы 9 3
24 Аманғазы Ақнұр Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика- математикалық мектеп- интернаты Шешендік, білгірлік сайысы 11 3
25 Уәлихан  Арайлым Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейі Шешендік, білгірлік сайысы 10 3
26 Болатбеков Бағжан Алматы қаласы №104 ЖББМ Шешендік, білгірлік сайысы 11 3
27 Алланиязова Зарина Нұр -Сұлтан қаласы №80 мектеп -гимназиясы Шешендік, білгірлік сайысы 11 3
28 Жарқын Амантай Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қаласы Өскемен қаласы "Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" Көркемсөз оқу 10 3
29 Әбілдаева Мадина Қызылорда облысы

Арал ауданы

Арал ауданы, №83 орта мектеп Көркемсөз оқу 10 3
30 Түйебай  Көркем Маңғыстау облысы Ақтау қаласы  Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Көркемсөз оқу 11 3
31 Кабиденов Дидар Ақмола облысы Степногорск қаласы Қаныш Сәтпаев атындағы № 9 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 3
32 Бақбергенов  Бекарыс Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы  55 орта мектеп -гимназиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 3
33 Жолдыбай Ерзат Шымкент қаласы М.Жұмабаев атындағы№39 жалпы орта білім беретін мектебі Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 3
34 Туркестан Малика Шығыс Қазақстан обл.  Жарма ауданы Б. Тұрсынов атындағы орта мектеп Эссе жазу 9 3
35 Абдильдина Нұрбибі Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданы

Ақтоғай ауданы
Н. Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Эссе жазу 11 3
36 Әбдібек Нұрай РББҰ Абай атындағы РММИ Эссе жазу 11 3
Грамоталар тізімі
37 Кайдаров Бексултан Павлодар облысы

Екібастұз қаласы

Екібастұз қаласы №22 мектеп-гимназиясы Ақындар айтысы 11 гр
38 Сәуірхан Сұлтан Түркістан облысы Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназия Ақындар айтысы 10 гр
39 Ширмеден Ақбота Атырау облысы

Сырым ауданы

Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені Ақындар мүшәйрасы 10 гр
40 Жолдасбай Жанерке Маңғыстау облысы Ақтау қаласы  Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектеп Ақындар мүшәйрасы 10 гр
41 Байсейіт Арай Жамбыл облысы

Жамбыл ауданы

Жамбыл ауданы Айша Бибі орта мектебі Көркемсөз оқу 9 гр
42 Мейримханова Арайлым Қостанай облысы Рудный қаласы № 19 ЖББМ Көркемсөз оқу 9 гр
43 Тамбай Арайлым Атырау облысы

Атырау қаласы

Атырау қаласы Н. Тілендиев атындағы Кіші  өнер академиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 гр
44 Бекназарұлы Зейінбек Жамбыл облысы

Байзақ ауданы

Байзақ ауданы №1 мектеп гимназиясы Ұлттық аспапта өнер көрсету 9 гр
45 Ескалиева Дильназ Батыс Қазақстан обл.

Орал қаласы

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллина атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты Ұлттық аспапта өнер көрсету 10 гр
46 Серкетай Нұрдаулет Қарағанды облысы

Жезқазған қаласы

Жезқазған қаласы Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі Ұлттық аспапта өнер көрсету 10 гр
47 Абдрахман Диана Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы Эссе жазу 10 гр
48 Тұрархан Толғанай Павлодар облысы

Павлодар қаласы

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы Эссе жазу 10 гр

 

 

 

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының өңірлер бойынша салыстырмалы көрсеткіш рейтингісі

 

Рейтинг номері Аймақтардың атауы Жалпы орын саны  І орын ІІ орын ІІІ орын Жалпы ұпай саны
1 Ақтөбе облысы 4 2 2 8
2 Қарағанды облысы 3 1 1 1 6
3 Атырау облысы 2 1 1 5
3 Қостанай облысы 2 1 1 5
3 Батыс Қазақстан облысы 2 1 1 5
3 Алматы қаласы 3 2 1 5
3 Абай атындағы РММИ 3 2 1 5
4 Шығыс Қазақстан облысы 3 1 2 4
4 Қызылорда облысы 3 1 2 4
5 Маңғыстау облысы 3 3 3
6 Павлодар облысы 1 1 2
6 Түркістан облысы 1 1 2
6 Ақмола облысы 2 2 2
6 Нұр-Сұлтан қаласы 2 2 2
7 Жамбыл облысы 1 1 1
7 Шымкент қаласы 1 1 1
БАРЛЫҒЫ 36 6 12 18  
І орын * 3 + ІІ орын * 2 + ІІІ орын * 1 = жалпы ұпай саны

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29-31 қазан күндері аралығында офлайн форматта шығармашыл оқушылар арасындағы VІІІ республикалық «Ақберен» өнер байқауын өткізеді (Бұдан әрі - Байқау).

Байқаудың мақсаты: 8-11 сынып оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б. қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша өткізіледі:

І кезең – аудандық (қалалық) білім басқармаларымен;

ІІ кезең – аймақтық Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстық білім басқармаларымен, республикалық білім беру ұйымдарымен, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» ДББҰ ұйымдастыруымен;

ІІІ кезең – республикалық, қорытынды – Ақтөбе қаласының «Шығармашылық Академия» базасында (мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Батыс-2 мөлтек ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 4) өткізеді.

Байқаудың ең үздік жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-дан, республикалық білім беру ұйымдарынан 8-11 сынып оқушылары арасында 108 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынайды.

Байқаудың республикалық кезеңі 6 номинация бойынша өтеді:

  1. «Шешендік, білгірлік сайысы» - қазақ тарихы, мәдениеті фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу;
  2. «Көркем сөз оқу» – поэзия, проза, драмалық шығармалардан үзінді;
  3. «Эссе жазу»;
  4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» – домбыра , қобыз, жетіген және т.б.;
  5. «Ақындар айтысы»;
  6. «Ақындар мүшәйрасы».

Байқаудың Ережесі www.daryn.kz сайтында көрсетілген.

Байқаудың қазылар алқасы құрамы еліміздің жоғары оқу орындарының ең үздік ғалымдары, ақын, жазушыларынан тұрады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Байқаудың ашылу салтанаты ағымдағы жылдың 30 қазан,  байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 31 қазан күні өткізіледі. Толық ақпарат бағдарламада көрсетілген.

Қатысушылардың келуі күні ағымдағы жылдың 29 қазан, қайту уақыты 31 қазан күндері. Қатысушылардың жатын орны, тамақтануы, жол шығыны жіберуші тараптың есебінен.

Форма 1                                    

Сұраныс

 

Оқушының

аты-жөні

Номинациясы Мектебі Сыныбы Облысы, қаласы,

ауданы

Дайындаған мұғалімі Жетекшінің

аты-жөні,

ұялы телефоны

 

 

 

 

Форма 2                                    

 

Хаттама

 

Өткізілген орны:

Өткізілу мерзімі                                                     «____» __________

Қазылар алқасының төрағасы  ________________________________________________

Қазылар алқасының мүшелері ___________________________________________________

Қатысушының

аты-жөні

Мектебі Сыныбы I кезең II кезең Ұпай саны Жүлделі орны

Қазылар алқасының ескертулері: ________________________________________________

Қазылар алқасының төрағасы: __________________________________________________

Қазылар алқасының мүшелері:_________________________________________________

Ескерту: Қазылар алқасының қолдары қойылып, аты-жөні, атақтары  толық жазылу керек.

Жетекшілер  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімдері  болуы  тиіс.

 

ҚР БҒМ «Дарын» РҒПО, Нұр-Сұлтан қ.Мәңгілік Ел көшесі, 8

Байланыс тел.: 57-01-60, 8-747-703-74-07

«Ақбота» олимпиадасын өткізу туралы ақпарат

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 20-25 қараша аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі –Олимпиада).

Олимпиада мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында өткізіледі.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушылар 2024 жылғы 4-18 қараша аралығында (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) www.games.daryn.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетке кіріп, аккаунттың тіркелгенін және деректердің дұрыстығын (қатысушының аты-жөні, сыныбы, мектебі) тексеруі қажет. Егер аккаунт болмаса, сол мерзімде (4-18 қараша, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) www.games.daryn.kz сайтына тіркелу керек. Тіркелген соң, жеке кабинетке кіріп, көрсетілген уақыт аралығында «Қатысуды растау» батырмасын басу қажет.

Олимпиада ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 09:00-де басталып, 25 қарашасында 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы болатын кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану қажет. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың 2 желтоқсанында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттерінде көре алады. Қатысушыны дайындаған мұғалімдердің деректерін (ЖСН, толық аты-жөні) пән бойынша Олимпиаданың қорытындысы шыққаннан кейін марапатты жүктеу кезінде енгізу мүмкіндігі беріледі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 26-29 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада). 

Олимпиада оқушыларды гуманитарлық пәндерді тереңірек зерттеуді ынталандыруға, тарих, әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, тіл білімі және т.б. пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz  сайтында орналастырылған.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/  сайтында 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап 25 ақпанның 20:00-не дейін (Астана қ. уақытымен) тіркеуден өте алады. Тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.

Олимпиада ағымдағы жылдың 26 ақпанында (Астана уақытымен) сағат 09:00-ден басталып, 2024 жылдың 29 ақпанында 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалануға кеңес беріледі. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың 4 наурызында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіру арқылы көре алады.

Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2023 жылғы 4-7 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өтткізеді (бұдан әрі – Олимпиада). 

Конкурстың Ережесі www.daryn.kz  сайтында орналастырылған.

Бұл Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген.

Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/  сайтында 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап тіркеуден өте алады. Көрсетілген сайтта тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.

Олимпиаданың басталуы ағымдағы жылдың 4 ақпанда (Астана уақытымен) сағат 09:00-де басталып 2023 жылғы 7 ақпанда 23:59-да аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.

Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалануға кеңес беріледі. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2023 жылдың 10 ақпанда https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне сағат 09:00-ден бастап кіру арқылы тексере алады.