Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2024 жылдың 24-27 желтоқсан аралығында Астана қаласы №71 мектеп-лицейінің базасында «Тарих пәнінен оқушыларды ғылыми жобалар мен олимпиадаға дайындау ерекшеліктері» (бұдан әрі – Семинар) тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізеді.
Семинардың мақсаты –оқушылардың тарих пәні бойынша ғылыми жобалар мен олимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық тәжірибені дамытуға ықпал ететін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Іс-шараға қатысу үшін білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері шақырылады.
Семинар аясында «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады.
Ұсынылған квотаны сақтай отырып, (әр аймақтан 3 адамнан артық емес) білім басқармасымен, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық орталық басшыларымен, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларымен бекітілген сұранысқа сәйкес, семинарға қатысу үшін өтінімді а.ж. 14 желтоқсанға дейін төмендегі үлгі бойынша t.bakieva@daryn.kz электрондық поштаға жіберу қажет, сондай-ақ барлық қатысушылар 16 желтоқсанға дейін міндетті түрде http://tiny.cc/SeminarHistory2024 сілтеме арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
№ | Қатысушының ата-жөні (толық) | Жұмыс орны | Лауазымы | Еңбек өтілі | Телефон,e-mail |
Қатысушылардың келу күні 24 желтоқсан, семинардың басталуы 25 желтоқсан, аяқталуы 27 желтоқсан сағат 14.00-ден кейін.
Іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен (семинарға қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы – 25 350 теңге, Олимпиадаға қатысу – 4500 теңге, жолы, тамақтануы, тұруы).
«Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасының Ережесі сайтта қойылған.
№71 мектеп-лицейінің мекен жайы: Астана қаласы,
Жағалау-3 шағын ауданы, Ілияс Омаров көшесі 4
Барлық сұрақтар бойынша:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Алтын орда» бизнес орталығы,
3 қабат, 301 кабинет.
Байланыс тел.: 8 (7172) 795867