Құрметті қатысушылар, сайттағы жүктемелердің көптігіне байланысты қазіргі уақытта сайттың жұмысы тұрақсыз болып тұр. Жақын арада нәтижелеріңізді қарап, марапаттарыңызды жүктеп алу мүмкіндігі қайта қалпына келеді. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
Құрметпен, Дарын РҒПО.
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Өткізу туралы ақпарат
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2025 жылғы 26 ақпан-03 наурыз аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі –Олимпиада).
Олимпиада оқушыларды гуманитарлық пәндерді тереңірек зерттеуді ынталандыруға, тарих, әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, тіл білімі және т.б. пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.
Ереже www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының
1-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушыларға 3 қадамды орындау қажет:
1. Аккаунттың болуы.
2025 жылғы 10 ақпан сағат 09:00-ден 24 ақпан сағат 20:00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, аккаунттың тіркелгенін тексеру қажет және аккаунт деректері, яғни, қатысушының аты-жөнін, сыныбын, мектебін, оқыту тілін дұрыс толтырылғанына көз жеткізу керек (деректерді өзгерту тек тіркелу уақытында қолжетімді). Егер аккаунт тіркелмеген болса, сол мерзім аралығында сайтқа тіркелу қажет.
2. «Қатысуды растау».
2025 жылғы 10 ақпан сағат 09:00-ден 24 ақпан сағат 20:00-ге дейін жеке кабинетке кіріп, «Қатысуды растау» батырмасын басып, ашылған терезедегі нұсқауларды орындаңыз.
3. Тестті орындау.
2025 жылғы 26 ақпан-03 наурыз аралығында жеке кабинетке кіріп «Бастау» батырмасын басыңыз – экранда деректерді тексеру беті ашылады. Сынып пен тест тапсыру тілінің дұрыстығын тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Бастау» батырмасын басыңыз. Қате деректер болса, түзетіп, тестті бастаңыз. Тестті орындап болған соң «Отправить» батырмасын басыңыз. Маңызды! «Отправить» батырмасын басқаннан кейін тек өзіңіз белгілеген жауаптарды ғана көре аласыз. Олар дұрыс жауаптар емес!
Сұрақтар саны мен пәндер тізімі оқыту тіліне байланысты әр түрлі болады. Олармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://games.daryn.kz/degree-keng/akbota/2025-02-26/akbota_subjects.php
Олимпиада ағымдағы жылдың 26 ақпанында сағат 09:00-де басталып,
03 наурызында сағат 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы болатын кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.
Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану қажет. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2025 жылдың
07 наурызында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттерінде көре алады. Қатысушыны дайындаған мұғалімдердің деректерін (ЖСН, толық аты-жөні) пән бойынша Олимпиаданың қорытындысы шыққаннан кейін марапатты жүктеу кезінде енгізу мүмкіндігі беріледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыт
Өткізу туралы ақпарат
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 20-25 қараша аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі –Олимпиада).
Олимпиада мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында өткізіледі.
Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушылар 2024 жылғы 4-18 қараша аралығында (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) www.games.daryn.kz сілтемесі бойынша жеке кабинетке кіріп, аккаунттың тіркелгенін және деректердің дұрыстығын (қатысушының аты-жөні, сыныбы, мектебі) тексеруі қажет. Егер аккаунт болмаса, сол мерзімде (4-18 қараша, сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін) www.games.daryn.kz сайтына тіркелу керек. Тіркелген соң, жеке кабинетке кіріп, көрсетілген уақыт аралығында «Қатысуды растау» батырмасын басу қажет.
Олимпиада ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 09:00-де басталып, 25 қарашасында 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы болатын кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.
Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалану қажет. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың 2 желтоқсанында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттерінде көре алады. Қатысушыны дайындаған мұғалімдердің деректерін (ЖСН, толық аты-жөні) пән бойынша Олимпиаданың қорытындысы шыққаннан кейін марапатты жүктеу кезінде енгізу мүмкіндігі беріледі.
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫ
Өткізу туралы ақпарат
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2024 жылғы 26-29 ақпан аралығында жалпы білім беретін мектептер арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Олимпиада оқушыларды гуманитарлық пәндерді тереңірек зерттеуді ынталандыруға, тарих, әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, тіл білімі және т.б. пәндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіледі.
Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/ сайтында 2024 жылдың 19 ақпанынан бастап 25 ақпанның 20:00-не дейін (Астана қ. уақытымен) тіркеуден өте алады. Тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.
Олимпиада ағымдағы жылдың 26 ақпанында (Астана уақытымен) сағат 09:00-ден басталып, 2024 жылдың 29 ақпанында 20:00-де аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.
Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалануға кеңес беріледі. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2024 жылдың 4 наурызында https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне кіру арқылы көре алады.
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ
«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы
Дарынды мектеп оқушыларын анықтау, математикалық сауаттылығын арттыру және ғылым негіздері бойынша олардың білімдерін тереңдету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК 2023 жылғы 4-7 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өтткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
Конкурстың Ережесі www.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Бұл Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 Бұйрығымен бекітілген тізбеге енгізілген.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының 1-10 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асады.
Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірген оқушылар https://games.daryn.kz/ сайтында 2023 жылдың 18 қаңтарынан бастап тіркеуден өте алады. Көрсетілген сайтта тіркелу барысында әрбір қатысушы өзінің жеке электрондық поштасын ғана қолдануы қажет.
Оқушы олимпиадаға тіркелгеннен кейін төлем қатысушының жеке кабинетінде ғана жүргізіледі. Ұйымдастыру жарнасының мөлшері бір қатысушы үшін 650 теңгені құрайды.
Олимпиаданың басталуы ағымдағы жылдың 4 ақпанда (Астана уақытымен) сағат 09:00-де басталып 2023 жылғы 7 ақпанда 23:59-да аяқталады. Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта, жоғарыда көрсетілген мерзім аралығында орындай алады.
Қатысушыларға жеке компьютер немесе ноутбук, сондай-ақ Google Chrome браузерін ғана пайдалануға кеңес беріледі. Конкурс аяқталғаннан кейін қатысушылар жинаған ұпайлары мен алған орындарын 2023 жылдың 10 ақпанда https://games.daryn.kz/ сайтындағы жеке кабинеттеріне сағат 09:00-ден бастап кіру арқылы тексере алады.