2025 жылғы 5-13 мамыр аралығында Бразилияның Белу-Оризонти қаласында мектеп оқушыларына арналған 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді. Биыл бұл беделді зияткерлік байқауда әлемнің 40 елінен келген қатысушылар үздік атану үшін бақ сынамақ.
Қазақстан Республикасының намысын химия пәнінен 2024-2025 оқу жылындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанған оқушылар қорғайды:
Базарбай Данияр – Ақтөбе облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Жақсылықов Ансар – Ақтөбе қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Алихан Серікұлы – Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қалдыбай Меңдіғали – Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Теңізбаев Арен – Қызылорда қаласындағы №9 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Қалиақбар Санжар – Қарағанды қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Қали Әбілмансұр – Астана қаласындағы ФМН бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Жеңісханова Айзере – Өскемен қаласындағы ФМН бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Умарбаев Нұрқожа – Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Габдолла Райымбек – Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Кравчук Ярослава – Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері:
Бахытжан Елдана – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері;
Аманжолов Азим – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы және жүлдегері.
Олимпиада екі теориялық және бір практикалық турдан тұрады. Байқау алты күнге созылады.
Менделеев олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының Халықаралық химия олимпиадасына (IChO) дайындығындағы маңызды кезеңдерінің бірі.
1 мамыр мен 6 мамыр аралығында елордада химия пәнінен оқушылар арасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді.
👨🔬Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысатын болады. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және т.б. Бразилия құрамасы Халықаралық Менделеев олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.
Командалардың құрамы республикалық химия олимпиадаларының қорытындысы бойынша анықталады.
⚙️Жобаны қабылдаушы тараптан — Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, ал Ресей тарапынан дәстүрлі түрде М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мен Андрей Мельниченко Қоры ұйымдастырады.
💬"Еліміздің аумағында химия пәнінен оқушыларға арналған Халықаралық Менделеев олимпиадасы төртінші рет өткізілуде. Биыл Астана қаласында негізгі іс-шаралар өтуде. Атап айтқанда, балалар Назарбаев Университетінің зертханалары мен аудиторияларында өз дағдыларын көрсететін болады. Техникалық жарақтандыру осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келеді", - деді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
⚗️Олимпиада алты күнге созылады және үш турдан тұрады: екі теориялық және бір практикалық. Күрделілігі бойынша бірінші турдың міндеттері мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші турда қатысушыларға химияның бес бөлімінен жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады: органикалық, бейорганикалық, аналитикалық және физикалық химия, сондай-ақ тіршілік тану.
🏆Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алтын, күміс, қола медальдар тапсырылады. Байқаудың абсолютті жеңімпазына Андрей Мельниченко Қоры атынан академик Валерий Лунин атындағы сыйлықпен марапатталады.
🎥Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.