Қазақстан құрамасы физикадан Азия олимпиадасына APhO қатысуда

2025 жылғы 4-12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (AphO-2025) өтуде. Биылғы халықаралық додаға Азия-Тынық мұхиты аймағынан 30 елдің командасы қатысуда.

Мемлекетіміздің намысын әлемдік аренада сегіз дарынды оқушы қорғайды. Олар – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, олимпиада алдындағы арнайы оқу-жаттығу жиындарынан өткен жас таланттар:

💎Қазымбек Илияс – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;

💎Пшенбаев Амир – Астана қаласындағы Spectrum International School-дың 12-сынып оқушысы;

💎Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

💎Егенбергенова Нұргүл – Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

💎Азатбеков Амирбек – Астана қаласындағы ФМН Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

💎Ким Артур – Астана қаласындағы Spectrum International School 12-сынып оқушысы;

💎 Черемнов Роман – Алматы қаласындағы Miras International School 11-сынып оқушысы;

💎Тюлюбаев Даниэель – Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері:

💎 Қаласов Нұрдәулет Болатұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, PhD докторы;

💎 Сидоренко Андрей Владимирович – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

🚀Айта кетейік, 2024 жылы қазақстандық команда бұл беделді додада бір күміс, бес қола медаль және бір мақтау қағазын иеленген болатын.

🧪Азия физика олимпиадасы – теориялық әрі тәжірибелік күрделі тапсырмаларды қамтитын халықаралық деңгейдегі білім сайысы. Олимпиаданы Сауд Арабиясының Білім министрлігі, Mawhiba қоры және Патша Фахд атындағы мұнай және минералдар университеті ұйымдастыруда.