2025 жылғы 7-13 мамыр аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында математика және информатика пәндері бойынша III халықаралық Аль-Хорезми олимпиадасы өтеді. Олимпиадаға 9 мемлекеттен 205 оқушы қатысуда.
Олимпиада 2023 жылдан бері Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігінің бастамасымен өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау және олардың математика мен информатика салаларындағы білімдерін халықаралық деңгейде көрсетуіне мүмкіндік беру.
2025 жылғы олимпиаданың басты ерекшелігі – жарыс бағдарламасына алғаш рет информатика пәнінің енгізілуі. Бұл жаңашылдық оқушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы қабілетін де бағалауға жол ашады.
Қазақстан командасының құрамы:
Математика пәні бойынша:
Мұрат Мейірбек – Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;
Джубатыров Медеу – Маңғыстау облыстық БИЛ 8-сынып оқушысы;
Айдайбек Абдурахман – Жамбыл облыстық БИЛ 9-сынып оқушысы;
Дүйсенғали Нұрислам – Алматы қаласындағы РФММ 9-сынып оқушысы.
Информатика пәні бойынша:
Амангелді Алдияр – Шығыс Қазақстан облыстық БИЛ 9-сынып оқушысы;
Мендеке Әли – Абай облыстық БИЛ 9-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Ибрагим Жоржевич Ибатулин – PhysTech School Almaty мектебінің математика пәні мұғалімі;
Жамбыл Максотов – республикалық және халықаралық информатика олимпиадаларының жүлдегері.
Қазақстандық оқушыларға сәттілік тілейміз!