2025 жылғы 10-16 мамыр аралығында АҚШ-тың Огайо штаты, Колумбус қаласында мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік жобалар көрмесі – Regeneron ISEF (International Science and Engineering Fair) өтуде. Биылғы іс-шараның ерекшелігі – байқаудың 75 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіледі.
Society for Science ұйымы ұйымдастыратын бұл байқауға жыл сайын әлемнің 80-нен астам елінен 1700-ден аса жас ғалым қатысады. Қазақстан бұл беделді жарысқа 1999 жылдан бері тұрақты мүше.
2025 жылы еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғауға Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша іріктелген үш оқушы қатысуда.
Олар:
Сатыбалдин Батырхан – Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушысы,
Plant Sciences секциясы, жобасы: Chamaenerion latifolium L. өсімдігінің фитохимиялық құрамы, антиоксиданттық және микробқа қарсы белсенділігі;
Серік Әлихан – Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы, Mathematics секциясы, жобасы: x² + ny² түріндегі жай сандар: квадратикалық өзара байланыс және Тюэ леммасы негізіндегі элементарлық тәсіл;
Жұмабеков Арнұр – Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» мектебінің оқушысы,
Biomedical & Health Sciences секциясы, жобасы: Кеуде қуысы рентген кескіндері арқылы пневмонияны анықтауға арналған салмақталған жаңа CNN ансамбльдік назар аудару моделі.
Жетекшілері:
Маткаримов Бақыт Тұрғанбайұлы – техника ғылымдарының докторы, Nazarbayev University жетекші ғылыми қызметкері;
Бақтияр Сайран Бәкенұлы – «Дарын» РҒПО бөлім басшысы.
Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстан құрамасы байқауда 100% нәтиже көрсетіп, бірнеше беделді марапатқа ие болды. Жас ғалымдардың жұмыстары түрлі категория бойынша үздік деп танылып, жобалық еңбектері үшін дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, талантты оқушылар Сауд Арабия королі Абдулазиз бен «Маухиба» дарындылық пен шығармашылықты қолдау қорының арнайы жүлдесін, сондай-ақ Патша Фахд атындағы Мұнай және минералдар университетіне толық грант иеленген болатын.
Жас ғалымдарға сәттілік тілейміз!
Әлемдегі ең беделді ғылыми жобалардың қатарында АҚШ-та өтетін ISEF жобасын жатқызуға болады. 1950 жылы негізі құрылған дәстүрлі көрмеге жылда 100-ден астам елден 2000-нан аса білімпаз қатысып, бақ сынайды.
2022 жылдың ақпан айында Шымкент қаласында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы халықаралық стандартқа сай көрме ұйымдастырды. Қорытынды кезеңде 749 жас өнертапқыштың авторлығымен 596 ғылыми жоба ұсынылды.
Ғылыми-зерттеу комиссиясының талқылау және ашық дауыс беру нәтижесінде 3 білімпаз іріктеліп алынды:
- Айту Ақәділ Бағдатұлы, НЗМ ББҰ 9-сынып оқушысы, Тараз қаласы, секция – қоршаған ортаны қорғау, жобаның тақырыбы: «Тасөткел су қоймасын балық аулайтын торлардан тазарту қондырғысын жасау»;
- Амангелдиева Аяулым, Ж.Жабаев атындағы №4 МГ 11 сынып оқушысы. Нұр-Сұлтан қаласы, секция – химия, жоба тақырыбы: «Peqfnum harmala» өсімдігінің фитохимиялық зерттеуі»
- Қостанай қаласы «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары Камила Өтегенова мен Диана Мельникованың командалық жобасы, секция – информатика, жоба тақырыбы: «Жүргізушінің қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дамыту жағдайы».
Осылайша 3 үздік жоба іріктеліп, 2022 жылдың 3-10 мамыры аралығында Атланта (АҚШ) өткен халықаралық ғылыми жобалар көрмесінде Қазақстан атынан қатысты.
Қазақстандық білімпаздар бұл шараға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының базасында онлайн қатысты. Regeneron ISEF-2022 бағдарламасы мен кестесіне сәйкес қазақстандық мектеп оқушыларының өнер көрсетуі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 2022 жылдың 5 мамыры сағат 20.00-ден 6 мамыр сағат 01.30-ға дейінгі аралықта жобасын қорғады.
Қатысушылардың жұмысын әділ қазылар алқасының 8 мүшесі: ғалымдер мен сарапшылар қарады. Қатысу нәтижесінде қазақстандық мектеп оқушылары финалистер сертификатын алды.
Regeneron ISEF-2022
ғылым және техника халықаралық көрмесіне
қатысқан оқушылар тізімі
№ |
Аты-жөні |
Сынып |
Облысы |
Білім бру ұйымы |
Секция |
Жоба атауы |
1 |
Айту Ақәділ Бағдатұлы
|
9 |
Жамбылская |
НЗМ ББҰ
Тараз қаласы |
охрана окружающий среды |
«Тасөткел су қоймасын балық аулайтын торлардан тазарту қондырғысын жасау»; |
2 |
Амангельдиева Аяулым |
11 |
Нур-Султан |
Ж.Жабаев атындағы №4 МГ |
химия |
«Peqfnum harmala» өсімдігінің фитохимиялық зерттеуі»
|
3 |
Утегенова Камила |
11 |
Костанайская |
«Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты |
информатика |
Жүргізушінің қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дамыту жағдайы». |
4 |
Мельникова Диана |
11 |
Костанайская |
«Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты |
информатика |
Жүргізушінің қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесін дамыту жағдайы». |