Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды.
Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.
Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.
Күміс жүлде иеленгендер:
Данияр Базарбай – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
Меңдіғали Қалдыбай – 10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
Аңсар Жақсылықов – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
Арен Теңізбаев – 10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы;
Санжар Қалиақбар – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы;
Қали Әбілмансұр – 10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
Райымбек Ғабдолла – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы.
Қола жүлде иеленгендер:
Айзере Жеңісханова – 10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы;
Нұрқожа Умарбаев – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
Ярослава Кравчук – 11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы;
Алихан Серікұлы – 11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы.
Команданың жетекшілері:
Елдана Бахытжан – PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері;
Азим Аманжолов – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері.
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO 2025) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.
1 мамыр мен 6 мамыр аралығында елордада химия пәнінен оқушылар арасында 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтеді.
👨🔬Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің 21 елінен келген мектеп оқушылары қатысатын болады. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан және т.б. Бразилия құрамасы Халықаралық Менделеев олимпиадасына алғаш рет қатысып отыр.
Командалардың құрамы республикалық химия олимпиадаларының қорытындысы бойынша анықталады.
⚙️Жобаны қабылдаушы тараптан — Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, ал Ресей тарапынан дәстүрлі түрде М. В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультеті мен Андрей Мельниченко Қоры ұйымдастырады.
💬"Еліміздің аумағында химия пәнінен оқушыларға арналған Халықаралық Менделеев олимпиадасы төртінші рет өткізілуде. Биыл Астана қаласында негізгі іс-шаралар өтуде. Атап айтқанда, балалар Назарбаев Университетінің зертханалары мен аудиторияларында өз дағдыларын көрсететін болады. Техникалық жарақтандыру осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келеді", - деді "Дарын" РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
⚗️Олимпиада алты күнге созылады және үш турдан тұрады: екі теориялық және бір практикалық. Күрделілігі бойынша бірінші турдың міндеттері мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді. Екінші турда қатысушыларға химияның бес бөлімінен жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылады: органикалық, бейорганикалық, аналитикалық және физикалық химия, сондай-ақ тіршілік тану.
🏆Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен алтын, күміс, қола медальдар тапсырылады. Байқаудың абсолютті жеңімпазына Андрей Мельниченко Қоры атынан академик Валерий Лунин атындағы сыйлықпен марапатталады.
🎥Айта кетейік, Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсімдері YouTube-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.