Қазақстандық оқушы Орта Азия бойынша информатикадан үздік деп танылды

🇺🇿 7-13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті.

🚀Шығыс Қазақстан облысынан «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды.

🇰🇿 Біздің елдің құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді – алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды.

Информатика:

🥇 Алдияр Амангелді – Өскемен қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;

🥈 Әли Мендеке – Семей қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

Математика:

🥈 Мейірбек Мұрат – Орал қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;

🥈 Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;

🥈 Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласының «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;

🥈 Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласының РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері:

👨🏻‍🏫Ибрагим Жоржевич Ибатулин – PhysTech School Almaty мектебінің математика пәні мұғалімі;

👨🏻‍🏫Жамбыл Максотов – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

💫Оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен тәлімгерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

📌 Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы біздің оқушылар 4 медаль жеңіп алды.