Қазақстанда 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтеді

📈Бүгін, 15 мамыр күні сағат 10:00-де елімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталады. Онлайн форматта өтетін байқауға әр өңірден 64 000 қатысушыдан іріктелген 340-тан астам оқушы қатысады.

👩🏻‍💻👨‍💻Финалдық кезең https://exam.daryn.kz/ платформасында «бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша онлайн режимде өтеді.

🖥️Ашықтық пен академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында олимпиаданы өткізу процесі видеобақылау жүйесімен қадағаланады.

📗Олимпиада келесі 8 пән бойынша өтеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі және ағылшын тілі.

🔁Тапсырмалар деңгейлік жабық тест форматында ұсынылады, әрқайсысында бір ғана дұрыс жауап бар, жалпы 30 сұрақтан тұрады. Қатысушылар максималды 50 балл жинай алады.

🗣️«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының маманы Медет Ерсінұлы Жамбаев олимпиада сандарымен бөлісті:

«Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтап, олардың зияткерлік әлеуетін дамыту және ерте бейіндеу. Сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттыру және республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға ынталандыру көзделген. 2024 жылдың 14-15 қарашасында олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңі өтті, оған еліміздің барлық өңірлерінен шамамен 64 мың оқушы қатысты. Үшінші (облыстық) кезең 5 мамырда ұйымдастырылып, оған 5 234 оқушы, оның ішінде ауыл мектептерінен 2 165 оқушы қатысты», – дейді ол.

🔗Төртінші (қорытынды) кезеңге үшінші кезеңнің жеңімпаздары – әр пән мен сынып бойынша үздік көрсеткішке ие болған 341 оқушы жолдама алды.

💫Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2020 жылдың 23 желтоқсанында 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада)  онлайн тәртібінде zoom және exam.net. платформалары арқылы өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады.

Олимпиада үш кезеңде:  мектепшілік, аудандық және қорытынды өткізілді. Мектепшілік кезеңде - 169840, аудандық кезеңінде – 34490 және қорытынды кезеңге 469 оқушы қатысты.

Олимпиаданың ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

I дәрежелі дипломдармен -52;

II дәрежелі дипломдармен -90;

III дәрежелі дипломдармен-110 қатысушы марапатталды. Барлығы 252 оқушы.

Атаулы дипломдарды 2021 жылдың 15 қаңтарында daryn.kz сайтынан жүктеп алуға болады

Құрметті жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ біздің бірегей балаларымызды дайындаған педагогтар!!! Олимпиадада қол жеткізген жетістіктеріңіз құтты болсын құттықтаймыз!

Английский 5-6 класс

Естествознание 5-6

История Казахстана 5-6 класс

Казахский язык и литература 5-6 класс

Математика 5-6 клас

Русский язык и литература 5-6 класс