V Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының қорытындысы

2025 жылғы 15 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы «Самғау» шығармашылық балалар орталығында V республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы өтті.

🎯Байқаудың мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын насихаттау, шығармалары арқылы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштік пен белсенді азаматтық ұстанымды сіңіру, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

🔗Аталған байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» орталығы және Мәшһүр Жүсіп Көпеев қоры бірлесіп ұйымдастырды.

🎓Биылғы байқауға еліміздің 13 облысы мен 3 ірі қаласынан және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 92 оқушы қатысты. Сайыс барысында қатысушылар көркем оқу, ғылыми жоба, эссе жазу және фольклорлық мұраны зерделеу бағыттары бойынша өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

🏅Қазылар алқасының шешімімен 37 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Атап айтқанда:

🏆 4 оқушы – Бас жүлде,

🥇5 оқушы – І орын,

🥈11 оқушы – ІІ орын,

🥉17 оқушы – ІІІ орын иеленді.

🏛️Байқау аясында қатысушылар мен жетекшілерге арналған экскурсия ұйымдастырылып, олар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі мен музейін тамашалады.

📋📗Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік кітапшалар табысталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында ІV «Мәшhүр Жүсіп оқулары» республикалық конкурсы  (бұдан әрі - Конкурс) 2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында Павлодар облысы Екібастұз қаласында өтетіндігін хабарлайды.

Бекітілген Ережеге сәйкес республика бойынша іс-шараға 8-11 сынып оқушылары қатысады, байқау 4 бағытта өткізіледі:

1. Ақындар мүшәйрасы;

2. Ғылыми зерттеу жобасын қорғау;

3. Эссе жазу;

4. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлы тұлғаларды сипаттау.

Конкурс Ережесі «Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО-ның www.ertisdaryn.kz және www.daryn.kz сайттарында орналастырылған.

Қосымша сұрақтар бойынша +7-702-715-55-63 / +7-705-343-72-94 телефон нөмірлеріне жүгінуге болады.