Таразда «Шерхан Мұртаза оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтеді

🔖2025 жылғы 19-21 мамыр аралығында Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған IX республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі өтеді.

🕹️Байқаудың негізгі мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге баулу және әдеби-мәдени мұраны терең меңгеруге ынталандыру.

👨🏻‍🎓📝Қорытынды кезеңге еліміздің әр өңірінен 50-ге жуық оқушы қатысып, үш номинация бойынша бақ сынайды:

• «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» – жазушы шығармаларына әдеби және тілдік талдау;

• «Зау тұлға» – авторға арналған арнау өлеңдер байқауы;

• «Шерхан Мұртаза мұрасы» – прозалық, публицистикалық және философиялық шығармаларына арналған ғылыми жобалар.

☘️Сондай-ақ қатысушылар үшін психологиялық тренингтер мен сергіту ойындары, тарихи-танымдық бағыттағы экскурсиялар ұйымдастырылады. Олар Айша бибі кесенесіне және Жуалы ауданындағы Талапты ауылындағы Шерхан Мұртаза музейіне барады.

📋Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық оқушыларға қатысушы сертификаттары беріледі.

🧲Еске сала кетейік, іс-шара жас дарындарды қолдау, әдебиетке қызығушылықты арттыру және ұлттық руханиятты дәріптеу мақсатында жыл сайын өткізіледі.

🔗Байқауды ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігің қолдауымен «Дарын» орталығы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.