Қазақстанда мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға іріктеу басталды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 17 мамыр мен 15 маусым аралығында (демалыс күндері) мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін конкурс өткізеді.

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығымен бекітілген және 2020 жылғы 24 маусымдағы №264 бұйрықпен толықтырылған «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізіледі.

🔹 2025-2026 оқу жылына арналған конкурсқа 76 мамандандырылған білім беру ұйымы өтінім берді:

5-сыныпқа – 38 ұйым,

6-сыныпқа – 3 ұйым,

7-сыныпқа – 36 ұйым,

8-сыныпқа – 1 ұйым.

Соның ішінде: қазақ тілінде білім беретін – 53 ұйым, аралас тілде – 29, орыс тілінде – 5 білім беру ұйымы.

Құжат қабылдау және тіркеу 2025 жылғы 1 наурыз бен 15 сәуір аралығында www.qabyldau.daryn.kz порталында өтті. Жалпы саны 21 019 үміткер тіркелді.

Әлеуметтік осал топтарға арналған 15% квота және «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа 10% квота көзделген.

Тестілеу 44 тірек мектеп базасында өтеді. Барлық тест тапсырмалары өткен оқу жылдарындағы бағдарламаларға негізделіп, логикалық сипаттағы сұрақтармен толықтырылған. Тестілеу уақыты:

5-сынып – 60 минут, 6-сынып – 90 минут, 7-сынып – 120 минут,

8-сынып – 150 минут.

📦 Тест материалдары «Дарын» орталығы тарапынан мөрленіп, мамандандырылған ұйымдарға жеткізіледі.

👨‍🏫 Конкурсты өткізу үшін құрамына білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері, әдістемелік кеңес мүшелері, арнайы мониторингтік топтар мен қоғамдық ұйым өкілдері енген конкурстық комиссия құрылды.

2024 жылдың 1 ақпанынан «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024-2025 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастады.

Құжатарды 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылдайды.

www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады.

Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.

Толық ақпаратты www.qabyldau.daryn.kz сайтынан ала аласыздар.

2022 жылдың 1 наурызынан «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2022-2023 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге құжаттар қабылдауды бастады.

Құрметті ата-аналар!

Балаңыз шет тілдерін, ғылым мен өнерді терең меңгеруді қаласаңыз, онда оқушының шығармашылық әлеуеті мен дарын-қабілетін дамытуға бағытталған мамандандырылған білім беретін оқу орындарына беруге асығыңыздар!

Құжатарды 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылдайды.

www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн-тіркеу түрінде жүзеге асырылады.

Тіркеуден өзіңіз таңдаған мамандандырылған білім беру ұйымының қабырғасында көрсетілген мерзім аралығында өтуге болатындығын хабарлаймыз.

Толық ақпаратты www.qabyldau.daryn.kz сайтынан ала аласыздар.