2024-2025 оқу жылына арналған ауыл мектептерінің республикалық пәндік олимпиадасының қорытынды рейтингісі жарияланды

🏔️📚2024-2025 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 13 пән бойынша 4 кезеңде өткізіліп, оған республика бойынша 113 мың оқушы тіркелді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 34 133 оқушыға (30%) артық.

🇰🇿Республикалық кезеңге 933 оқушы қатысты, олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 193-ке артты. Олимпиаданың алғашқы жылында республика көлеміндегі 4 804 ауыл мектебінің 518-і қатыспаған болса, биыл бұл көрсеткіш 505-ке азайды. Алайда қатарынан екі жыл бойы қатыспаған 157 мектеп анықталды.

🏅Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 221 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 42, ІІ орын – 62, ІІІ орын – 117.

🎖️Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 200 оқушы марапатталды: І орын – 36, ІІ орын – 65, ІІІ орын – 99.

🏆Олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік 9 ауыл мектебі анықталды.

🔖ЖОО ректорлық гранттары – 21 жүлдегерге, «РФММ» КеАҚ оқу гранты – 6 оқушыға табысталды.

👩🏻‍💻👨‍💻Финалға өткен барлық 933 оқушы үшін «Дарын» онлайн мектебі ұйымдастырылды.

📈Ережеге сай, олимпиаданың 78 жеңімпазы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадаға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болып, нәтижесінде 21 оқушы жүлделі орындарға қол жеткізіп, «Үздік ауыл оқушысы» атағын иеленді. Бұл ауыл оқушыларының республикалық олимпиададағы сапалық үлесін 26,9%-ға жеткізді (өткен жылы – 24,6%).

🔗Ауыл мектептеріндегі білім сапасының артып келе жатқаны және дарынды оқушылармен мақсатты, жүйелі жұмыс жолға қойылғаны осы нәтижелерден анық көрінеді.

🤝🏻Олимпиадаға белсене қатысқан барлық оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да ауыл мектептерінен шығатын зияткер, білімді жастардың қатары арта беретініне сенеміз.