Францияда өткен IPhO-2025 халықаралық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасы бес жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды.

📊 Биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысты. Қазақстан бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль иеленді.

🥈 Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

🥈 Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥉 Әмір Пшенбаев — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

🥉 Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

🥉 Артур Ким — Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

👨‍🔬 Команданың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO) — мектеп оқушыларына арналған ең беделді халықаралық физика жарысы.

IPhO-ның негізгі мақсаты — теориялық және эксперименттік физика саласындағы білімді, аналитикалық қабілетті, сыни ойлауды, есеп шығару және практикалық дағдыларды барынша жоғары деңгейде тексеру.

55-ші Халықаралық физика олимпиадасы (IPhO 2025) 2025 жылғы 18–24 шілде аралығында Париж қаласының маңындағы Палезо қалашығында өтеді.

Иранның Исфахан қаласында өткен IPhO-2024 54-халықаралық физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстанның ұлттық құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
🥈Марғұлан Нұрсагатов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
🥈Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
🥈Артур Ким – Ақтөбе облыстық дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥈Амир Пшенбаев – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
🥉Илияс Қазымбек – Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың жетекшілері:
Самат Мақсутов – PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтжанов – SDU University физика пәні мұғалімі.