Қазақстан құрамасы IOL-2025 олимпиадасында соңғы екі жылдағы ең үздік нәтижесін көрсетті

🇹🇼Тайваньның Тайбэй қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың (International Linguistics Olympiad, IOL) жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Зияткерлік додаға әлемнің 47 елінен 400 оқушы қатысты.

🕹️Дәстүр бойынша, жабылу салтанаты жеке және командалық тур тапсырмаларының шешімдерін таныстырумен басталды. Биылғы жеке турда қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады:

• дзонг-кэ тіліндегі сан есімдер (сино-тибет тілдер шоғыры, Бутан);

• гаам тіліндегі меншіктілік (нило-сахара тілдер тобы);

• курия тілінің морфосинтаксисі (банту тілдер шоғыры, Кения мен Танзания);

• кева тіліндегі құрылымдарды салыстыру (трансжаңа-гвинея тілдер шоғыры, Папуа — Жаңа Гвинея);

• какчикель тіліндегі психолингвистикалық тапсырма (майя тілдер шоғыры, Гватемала).

Командалық турда қатысушылар Непалдағы туыстас сино-тибет тілдері — цамлинг пен бантава бойынша күрделі тапсырманы бірлесе шешті.

Қазылар алқасы мен халықаралық комитет мүшелері шешімімен бірінші тапсырма — дзонг-кэ тіліндегі сан есімдер — ең оңай әрі қызықты деп танылды.

💎Қазақстан құрамасы соңғы екі жылдағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, екі Құрмет грамотасын (төртінші орын) иеленді:

📜 Рамазан Бутантаев — Маңғыстау облыстық IT-лицейінің 10-сынып оқушысы;

📜 Шыңғыс Қарасаев — Батыс Қазақстан облысындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Сонымен қатар команда құрамында:

🔹 Самир Сарбасов — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

🔹 Зере Серікова — Астана қаласындағы №9 «Зерде» мектебінің 11-сынып оқушысы болды.

Команда жетекшілері:

👩🏻‍🏫Аида Дәулетова — Германиядағы Тюбинген университетінің 1-курс студенті, лингвистика және география пәндерінен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері;

👩🏻‍🏫Орал Шайхина — Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының маманы.